С++ тілінде функциялар мен процедуралар
С тіліндегі құрылымдар өзара логикалық байланысқан әртүрлі типті мәліметтерді байланыстырады. Мәліметтердің құрылымдық типтері келесі сипаттаумен анықталады:
struct құрылым_ аты
{ элементтерді сипаттау; }
Құрылымға компьютер жадынан орын бөлу үшін құрылымдық айнымалыны анықтап алу керек:
struct құрылым_аты айнымалы_аты;
Құрылымдарды анықтау барысында олардың элементтеріне бастапқы мәндерді меншіктеуге болады. Құрылым элементтерінің мәндерін енгізу үшін ағымдық енгізу операторы cin>>немесе форматпен енгізу операторы – scanf қолданылады.
Құрылымдармен келесі амалдарды орындауға болады:
1) Құрылымның адресін алу амалы. Құрылымның адресін алу үшін құрылымдық айнымалыға нұсқауыш (&) амалы қолданылады.
2) Құрылымның элементін пайдалану үшін нүкте (.) амалы (тікелей ену) немесе (->) (нұсқауыш бойынша ену) амалы қолданылады.
Құрылымдық айнымалы float, int, char типті айнымалылар сияқты пайдаланылуы мүмкін. Мысалы:
struct gr /* құрылым аты */
{char fio[10]; /* құрылым элементі */
int est[25]; /* құрылым элементі */
int nomer; /* құрылым элементі */
}
gruppa1; /*құрылымдық айнымалы аты */
struct gr gruppa2; /* құрылымдық айнымалыны хабарлау*/
Егер құрылымды сипаттаушы берілген файлдағы барлық функциялардың алдында орналасса, онда ол құрылымды осы файлдағы барлық функциялар пайдалана алады. Құрылымдық айнымалыны анықтау барысында оған алғашқы мәндерді меншіктеуге болады (құрылым өрістеріне мән беруге болады). Мысалы:
struct date { int day,month,year;};
d[5]={{1,3,1980},
{5,1,1990},
{1,1,2002}};
Достарыңызбен бөлісу: |