Автомашинаны сату — сатып алу туралы келісім-шарт. Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 91-үй, 46-пәтер, бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылғы жиырма бірінші қыркүйек. (келісім-шарт жасалған мекен-жайы және күні сөзбен жазылады) Біз, төменде қол қоюшылар, Алматы қаласы «Жетісу» шағын ауданы, 28-үйде тұратын азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайұлы, жеке басының куәлігі № 548796, Қазақстан Республикасының ІІМ берген. Алматы қаласы, Райымбек даңғылы, 83-үйде тұратын азамат Қайырбаев Серік, жеке басының куәлігі № 478926, Қазақстан Республикасы IIМ берген, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық: 1. Мен, азамат Өмірбаев Асқар Өмірбайүлы, «Жигули» маркалы жеңіл автомашинаны сатамын, кузовның типі_____, шығарылған типі ______, шасси нөмірі ______, двигатель нөмірі ______, мемлекеттік нөмірі. Мен, азамат Қайырбаев Серік, көрсетілген автомашинаны сатып аламын. 2. Көрсетілген автомашина Мемлекеттік автоинспекция 1995 жылғы 7 қаңтарда берген нөмірі 46327 техникалық паспорттың негізінде маған, Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі. 3. Автомашина___________________теңгеге сатылады (бағасы толық жазылады) көрсетілген соманы келісім-шартқа қол қою кезінде азамат Қайырбаев Серік төлейді. Тараптардың қолы 1998 жылы 21 қыркүйекте осы келісім-шартты мен, Асқарова Бақыт Алматы қаласының нотариусы куәландырды. (нотариалдық кеңсенің атауы, нөмірі, лицензияның нөмірі көрсетіледі) Осы келісім-шартқа менің қатысуым кезінде тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, олардың құқықтық іс-әрекетке қабілеті және автомашинаның Өмірбаев Асқар Өмірбайұлына тиесілі екендігі тексерілді. Сату-сатып алу жөніндегі келісім-шартың мәтіні дауыстап оқылды. Нөмірі 6 тізбегі тіркелген. Тариф бойынша________________теңге салық алынды. Нотариус (қолы) Пәтерді сату-сатып алу туралы Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі: пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі. Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |