Үздіксіз білім алу (өмір бойы білім алу) / Непрерывное об-
учение (обучение в течение всей жизни) / Life-long learning
- жалпыға міндетті және кәсіби даярлықтың қажетті деңгейін
қоғамдық және жеке тұрғыдан ұстап тұру мақсатында адамның
білім, білік және дағдыларды өмір бойы мақсатты үйренуі және
игеруі.
«Үштік зият»
теориясы
/
Теория «Тройственного интеллекта»
/
Triarchic Theory
- зияттың үш аспектісін – ақпаратты өңдеумен байланысты ішкі компоненттерді
(құрамдық зият), жаңа ахуалды игеру тиімділігін (эмпирикалық зият) және
әлеуметтік жағдайда зияттың көрінуін (жағдаяттық зият) сипаттайтын біртұтас
теориясы. Теорияның авторы америкалық зерттеуші Роберт Стернберг болып та-
былады, ол адамның зияты жеке адам өміріне қатысты нақты ортаны бейімдеуге,
іріктеуге және қалыптастыруға арналған ой әрекеті түрінде келеді (Sternberg, 1985)
деп есептеген, яғни зият адамның қоршаған ортаның өзгерістерін өмір бойы қалай
еңсеретіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |