«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»


-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы



бет5/15
Дата08.02.2022
өлшемі35,76 Kb.
#122298
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Zakon 343-II kaz
1-эссе, 1-эссе, 1-эссе, 1-эссе, 1-эссе, Дәріс 3, Дәріс 3, -2119812107, Тест ШЫЛАУ
5-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы
уәкiлеттi органның құзыретi
Азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) бала тууға көмектесетiн мекемелерде, балалар емханаларында, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерiнде "қатер" тобындағы балаларды барынша ертерек анықтау үшiн скрининг ұйымдастыру және анықталған "қатер" тобындағы және кемтар балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;
2) дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар балалар патологияларының диагностикасын, әр алуан түрлерiн емдеудi ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi;
3) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, "қатер" тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелерi бойынша жалпы практика дәрiгерлерiн, балалар дәрiгерлерiн және орта буындағы медицина қызметкерлерiн даярлауды қамтамасыз етедi;
4) кемтар балалардың диагностикасы және оларды емдеу жөнiндегi халықаралық тәжiрибенi пайдалануға жәрдемдеседi;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет