12-бап. Мемлекеттiк статистикалық есептiлiк Ескерту. 12-бап алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 № 258-IV Заңымен.
13-бап. Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау iсiн қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
14-бап. Кемтар балаларды еңбекке даярлау және оларға кәсiби бiлiм беру 1. Кемтар балалар Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заң актiлерiне сәйкес кәсiби бiлiм ала алады.
2. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында жүргiзiледi. Кемтар балалардың болашақ кәсiби қызметiнiң мүмкiндiктерi мен сипатын айқындау үшiн кәсiби-консультациялық орталықтарда, арнаулы бiлiм беру ұйымдарында кәсiби диагностика жүргiзiледi.
3. Кемтар балаларға техникалық және кәсіптік білім беру арнаулы білім беру ұйымдарында, арнаулы түзеу ұйымдарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13, 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.