жоғары сынып қыздарымен «Арыңды сақта, бойжеткен» атты өткізілген жұмыстар 7-9- сынып қыздарының арасында сынып жетекшілерінің қатысуымен "Арыңды сақта, бойжеткен" атты кездесу кешін өткізді. Кештің мақсаты, мемлекеттік проблемаға айналған жасөспірімдердің ерте жастан жыныстық қатынасқа түсу салдары және ерте жастағы жүктіліктің алдын алу болып табылады. Мектеп психологы А.Ж. Сулейменова қыздарға «Ерте жастағы жыныстық қатынастың салдары», «Ерте жастағы жүктілік», «Жыныстық сауаттылық» сияқты тақырыптарда баяндамаларын баяндап, акушер-гинекологтардың видео ролик түрінде дайындалған арнайы баяндамаларын көрсетті. Мектеп қабырғасында әрдайым психолог А.Ж. Сулейменова жоғары сынып оқушыларымен көптеген жұмыстар атқаруда. Жастарымызды болашақ өмірге шыңдап, адамгершілік қасиеттерін дамытып, жас ұрпағымыздан мемлекетіміздің мақтан тұтар азаматтарын тәрбиелеуде өз мамандығы бойынша зор үлесін қосуда. Қазіргі таңда, жас маман ауданымыздың «Жаңа дәуір» баспа газетіне "Арыңды сақта, бойжеткен" атты өткізілген еңбегі бойынша мақала дайындалды.