Ал, орта буын және жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыстар легіне келер болсақ, 5, 6, 7, 8,9-ші сынып оқушыларының темперамент типін анықтау мақсатында тест жүргізілді. Сынып оқушыларының неліктен сабақ үдерісінде тыныш немесе шулы болып отыратындығы олардың мінез- құлықтарының әр түрлі тұрақты және тұрақсыз болып келетіндігімен түсіндіреледі.
3,4,5,6 сынып оқушыларына адамдардың бойында бір-біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту мақсатында «Артығын алыптаста» сауалнама әдістемесі жүргізілді. 3 сыныбына оқушылардың бойында бір-біріне деген құрмет, достық, жанашырлық, татулық сезімдерін ояту, қалыптастыру мақсатында «Махаббат жүрегі» тренинг жүргізіліп, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырып, әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келетінін айта ортаға ойларын салды.
Оқушыларды ОЖСБ –ға психологиялық тарапта
дайындау
2016-2017 оқу жылында 9 оқушы. Жоғарыда айтылып өтілген оқушылармен көптеген жұмыстар атқарылды, оларға психолог ретінде асыра қатты көңіл бөлдім. ОЖСБ –ға қатысу кезінде мінез-құлық стратегиясы мен тактикасын даярлау, өзін- өзі қалыпқа келтіру, өзін-өзі бақылау дағдысына үйрету, өз-өзіне және өз күшіне деген сенімділігін аттыру. Психоэмоционалдық қобалжудан босату жұмыстары осы күні жүргізілуде.
Оқушыларымен топтастырылған «Жетістікке жету жолы» атты тренинг 2 күн жүргізілді. Олар: «Танысу», «Мені ата», «Қолмен амандасу», «Топтың ережесі», «Менен кейін қайтала», «Дыбыс энергиясы», «Хош бол қобалжу!», «Менің қандай жетістікке жеткім келеді?», «Өзіңнің жұлдызыңды тап» сияқты т.б. еңбектер атқарылды. Өткізіліген тренингтер төменде көрсетілген мақсаттарды көздеуде:
Стресске қарсы тұру сезімдерін көтеру;
Мінез- құлқындағы сенімділік дағдысын қалыптастыру ;
Эмоционалдық- жігерлілік дағдысын қалыптастыру;
Эмпатиялық сезімін, өзіне-өзі назар аудару және қоршаған ортаға сенімділік сезімін дамыту;
Ішкі сезімдеріне сүйене отырып, өзін- өзі бақылау дағдысын дамыту;
Өз-өзіне нұсқау бере отырып, жауапкершілікпен қарауды түсіндіруге көмектесу;
Конструктивті қарым- қатынас дағдысына үйрету болып табылады.
Тренинг соңында оқушыларға «тренинг сіздерге қаншалықта ұнады?» атты анонимдік парақшалар таратылды. Парақшалар көрсеткіші арқылы оқушылардың тренинг жүз пайызға көңілдерінен шыққаны жайлы дәреже көрсетілді.
Осы күні 4- 9 сыныптарымен күн сайын кеңестер мен көңіл сергіту, сырласу әңгімелері жүргізіліп отырылды. Аптасына тестермен сауалнамалар жүргізу жұмыстары да өткізілді.
.
«Синий кит» және «тихий дом» немесе «разбуди меня 4:20» Интернет-ресурстарындағы жасөспірімдер мен балалардың өз өлімін насихаттайтын ойын
Интернет-ресурстарда балалар мен жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауды насихаттайтын «Синий кит» және «Тихий дом» немесе «Разбуди меня 4:20»жаңа ойындарына шақыру жағдайларының жиіленуіне байланысты жоғары сынып оқушыларымен кездесіп компьютерлік суицид ойыны жайлы оқушыларға видео роликтер және т.б интернет жүйесінен алынған мақалаларды жеткізу арқылы төменде көрсетілген ойындағы бала белгілерін айтып түсіндіріліп өтілді.
Бұл қауымдастыққа кіру кезеңінде балалар тұйық бола бастайды, депрессия белгілері пайда болады, ата-аналармен қарам-қатынаста барынша тіл алғыш болып келеді.
Соңғы кездері баланың салған суретіне ерекше көңіл бөлген жөн. Аталған қауымдастыққа тіркелген балалар жалғыз мүйізді ат немесе көк киттердің суреттерін сала бастайды.
Бұл балалар ұйықтауға ерте жатады, сағатты таңғы 4.00-ге қояды немесе осы уақытта біреуден өзін оятуын сұрайды. Бұл жағдай белгілерінің бірі - бала ұйқысының қанбауы.
Балалар өз интернет-ресурстарында ақпаратты жояды немесе тыйым салады, бұнымен ата-аналарына шектеу қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |