Көптеген мұғалімдер өз оқушыларының ата-анасымен тығыз байланысып, кездесуді ұйымдастыруға онша белсенбейді, жылдан жылға ата-аналар жиналысы белгілі бір сценарий бойынша орындалса, онда нақты ақпарат жоқ, нақты педагогикалық қатынас болмайды. Ал көптеген ата-анаға педагогикалық қарым-қатынас өте қажет, оларға өз балалары туралы ақылдасу, жиналған көп сұрақтарды қою, баласының мінез-құлқын білу керек. Оларға көмек беру орнына кейбір мұғалім оны қалай жасау керек екенін өзі де білмейді. Кейде мұғалім ата-ананың жоғарғы жұмыс орнына, жасына , даңқына қарап жасқанады. Ата-анамен (кез-келген категориядағы) қатынасуда мұғалімнің қиналуы оның зиялы әңгіме жүргізе алмауында байланысты. Анықтап қарасақ педагогқа балаға баға қою мен мінезі туралы әңгімеден басқа тақырып жоқ секілді.
Кейбір педагогтар ата-анамен әңгімелесу кезінде өзінің барлық шағымын бірден алдына тартуға тырысады. Бұлай жасауға болмайды. Бұдан ата-ананың (баласына ғана емес, өзіңізге де) ашуланғанынан басқа нәтиже ала алмайсыз. Сіздің ең алғаш жүргізген әңгімеңіз бала туралы бақылағаныңыз, ойыңыз, алған әсеріңіз туралы болуы қажет. Баланың жағымды және жағымсыз қиындықтары бірден талқыланбасын, әлі ешқандай акцентті жасауға асықпаңыз. Абайлап бастаңыз. Ата-ананың тәрбие, талап қалаған жағдайы туралы бағасын, көз-қарасын анықтап алыңыз.