Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап - іс-әрекеттің процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою - балаларды мінез-құлың нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту.
Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының іріктелуі байқалады. Осы уақытта ұстаздың негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдың іс-әрекетін ұйымдастыру, қатыстыру, ұжымды оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру болып табылады.