Кенжекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы С. Н. Шуақбаевтың есепті баяндамасының тезистері



Дата31.01.2018
өлшемі138,85 Kb.
#36756
Кенжекөл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

С.Н. Шуақбаевтың есепті баяндамасының

ТЕЗИСТЕРІ

Еліміздің халқының, әсіресе, біздің ауылдық округ тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту бойынша нақты көрсетілген бағыттар мен мәселелерін қойып-беретін Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын және «100 нақты қадам» бағдарламалық құжатын іске асыру шеңберінде Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты өз жұмысын істеді.

Жергілікті атқару орган өз жұмысында жоғарыда аталған құжаттарды іске асыру бойынша іс-шаралардың облыстық жоспарын орындауына, оның ішінде үй шаруашылықтар мен шағын шаруашылық қожалықтарын ауылдық өнімдік кооперативтерге біріктіру арқылы ауылшаруашылық саласын дамытуына бет бұрды.

2018 жылғы 1 қаңтар жағдайына қарай Кенжекөл ауылдық округінде 7 870 адам тұрып жатыр, тұрғындардың көбейген саны 9,4% құрайды.



Кәсіпкерлікпен сауданың дамуы

Ауылдық округ аумағында шағын кәсіпкерліктің 94 субъектісі жұмыс жасайды.

2017 жылы Б.Б. Шохаровтың «Балтабек» шаруа қожалығының базасында «Жанали Агро» ауыл шаруашылық кооперативі құрылып 112 тонна сүт 10 млн. теңге сомасында өткізді.

Осы кооперативке Ю.Т. Букуровтың «Ануар», Е.З. Уалиевтің «Едіге» және Мусайф Хашимнің «НурКарМак» шаруа қожалықтары кірді.

Кооперативке қосылу шағын қожалықтарға мемлекеттен қажетті қаржы көмегін алуға жағдай жасады. Біріккен кезде ауылдықтарға банкілерден несие алуға, сонымен қатар лизингке техника алу мүмкіндігі туды. Несиелендірудің барлық сомасы 26,5 млн. теңгені құрады.

Ауылшаруашылық өнімдерді қайта өндейтін бір нысан бар – ол жүнді өңдеп, киіз, текемет, пима жасайтын цех (Байдала ауылындағы «Мұстафинов» ЖК). Цех жыл сайын 7,0 мың жұп пима, 3 тонна киіз шығарады, 20 тонна жүн өңдейді, жалпы сомасы 15,0 млн. теңгеден аса; осы өнімде 14 адам жұмыспен қамтылған. Аталмыш өнімдер құр жергілікті деңгейде емес, Павлодар облысының сыртында да сатылады.

Сондай-ақ, Кенжекөл ауылдық округінде 7 жұмыскері бар, айына 34 жиынтық жиһаз шығаратын жұмсақ жиһаз жасау бойынша цехі бар (ЖК «Мендыбаева Б.Ш.).

«Арғынат» ШҚ-да маусымды кезеңінде 3600 дана шлакоблоктық кірпіш жасалды; сол жерде 5 адам жұмыспен қамтылған.

Ауылда үш шаруа қожалығы жұмыс істейді. Онда – 228 бас ірі қара мал (оның ішінде 100 сиыр), 11 бас жылқы, 59 бас – ұсақ қара мал, 14 бас – шошқа ұсталады.

Округте 1 448 аула есепке алынып отыр, оның ішінде 409 ауланың жеке шаруашылығы бар. Ауылдық округ бойынша барлығы 1 699 бас ірі қара мал саны бар, оның ішінде 784 - сиыр, 4 156 бас –ұсақ қара мал, 1 024 бас - жылқы, 10 бас - шошқа және 1 670 - құстар.

Көктем-күз уақыттарында ветеринарлық-алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Барлық мал басы қажетті вакцинациядан өтеді.

Азық-түлік пен қажетті тауарлардың сатуымен 27 дүкен айналысады, оның ішінде 2 «әлеуметтік» сауда нүктелері бар. 2 дәмхана мен 1 шаштараз тұрғындарға қызмет көрсетеді.



ҚҰРЫЛЫС

Кенжекөл ауылында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС мердігерлік ұйыммен орталық су құбырын өткізу бойынша жұмыстар аяқталды. Нысанның баланстық құны - 954,1 млн. теңге құрайды. Жалпы су құбыры желісінің ұзындығы - 44,3 км құрайды; құдықтардың саны – 1 172 дана; аумақтың аббаттандыруы жүргізілді (жолдарға асфальт төсеу) – 19 124 кв.м.

Байдала ауылында мал дәрігерлік пунктің құрылысы «Азия Спецстрой» мердігерлік ұйыммен 24 138,0 мың теңгеге салынды.

Ағымдағы жылдың қараша айында Кенжекөл ауылында 359,0 млн. теңге бөлініп 300 отырғызылатын орынға Мәдениет үйдің құрылысы басталды, қолданысқа тапсыру мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы.

Кенжекөл ауылында 3 және 4 кіре беріс жолдарында (Байдала ауылына дейін) жер телімдерінде тұрғын үйлердің белсенді құрылысы жүргізіліп жатқанына байланысты Павлодар қаласының Құрылыс бөлімімен 0,4 кВ электр қамту желісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама құрастырылып жатыр.

Әуежайдың ЖТҚ ауданында электр қамту желісінің құрылысы «Астам НС» КАЗ ПИИ ЖСН мердігерлік ұйыммен басталды, аяқталу мерзімі 2018 жыл.

Сонымен қатар Әуежайдың ауданында ЖТҚ шағын ауданында вертикалдық жоспарлау құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Жерге мемлекеттік акт ресімделді. 2017 жылдың 22 желтоқсанында жоба бойынша жеке сараптаманың оңды қорытындысы алынды. Құрылыстың құны – 293,4 млн. теңге.

АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

«Автомобиль жолдарының қызмет атқаруын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 47 547,0 мың теңге бөлінді.

Абдықов және Октябрьская көшелерінде ұзыңдығы 2 455 км бойынша жолдардың орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Қысқы мерзімде келесі жұмыстар жүргізілді: жолдың жиегін қардан тазалау – 670 км өтетін жер, жолдың жүру бөлігін тазалау ұзындығы 171 км өтетін жер, қарды шығару – 15 312,8 тонн.

Сатпаев көшесінің жолын және Рамазанов көшесі жолының бір бөлігінің (Кенжекольская көшесінен Южная көшесіне дейін) орташа жөндеуіне жобалық-сметалық құжаттама 440,0 мың теңге сомасына жасалды.



«Аудандардың экономикалық дамуына қолдау көрсету бойынша шаралар қолдану» бағдарламасы бойынша 3 823,0 мың теңге бөлінді.

Келесі іс-шаралар өткізілді:



  • 260 ағашты кесу, тамырларын қопарып алу және 10 ағашты салу бойынша 1 500,0 мың теңге сомасында жұмыстар;

  • Байдала ауылында Қуанов көшесіндегі ауданы 757 кв.м. жолдың шұңқырларын жабу жұмыстары 2 140,0 мың теңге сомасына;

  • «Сұңқар» спорттық клуб аумағының қоршауын жасау және орнату 183,0 мың теңге сомасына.

«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша 11 480,0 мың теңге келесі іс-шараларға бөлінген:

  • Кенжекөл, Байдала, Долгое ауылдарының көшелерін жарықтандыру үшін электр энергиясын жеткізуге – 5 060,0 мың теңге;

  • Ауылдық округінің үш ауылында көше жарықтандыру желілерін ағымдағы жөндеуі мен қызмет көрсетуіне – 6 420,0 мың теңге.

Қолма қол ақша бақылау шоты есебінен келесі жұмыстар атқарылды:

  • жазғы маусымда ауылды абаттандыру бойынша жұмыстар өткізу үшін аз қамтылған отбасылардан мектеп оқушылары тартылды, сол жұмыстар 625,0 мың теңге сомасына істелді;

  • 200,0 мың теңге сомасына 63 кв.м. алаңда қызғалдақтар және топырақ түйірімен шыршалар егілді;

  • 3-4 кіре беріс жолында 447,6,0 мың теңге сомасына балалар спорт алаңы орнатылды;

  • 2 166,8 мың теңге сомасына 4 233,6 тонна көлемінде қоқыс шығарумен ауылдық округінің санитарлық тазартылуы өткізілді;

  • гараж құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасау 1 450,0 мың теңге сомасына ;

  • Южная көшесі жолдарының орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама жасау 200,0 мың теңге сомасына;

  • 3-4 кіре беріс жолында КТП мен электр тарату желісін жөндеуге – 1 036,0 мың теңге;

  • ғимараттарға зиян келтірілгенді бағалау бойынша қызметтерге төлеу – 252,0 мың теңге;

  • қоршауларды жасау және орнату – 403,2 мың теңге;

  • логистикалық және жол белгілерін жасау және орнату – 570,3 мың теңге;

  • сайтты және бағдарламаларды орналастыру бойынша қызметтер және әзірлеуі – 325,1 мың теңге;

  • шағын АТС сатып алу, орнату және қызмет көрсету бойынша қызметтер – 635,9 мың теңге;

  • Долгое ауылындағы кіре беріс жолында көше жарықтандыру желісін ағымдық жөндеу – 1 762,0 мың теңге;

  • Долгое ауылында әкімшілік ғимаратын ағымдық жөндеу – 1 018,9 мың теңге;

  • Көшелерді жарықтандыру желілерінің шамдарын ауыстыру - 2 421,0 мың теңге;

  • ауылдың көшелерін мерекелік әшекейлендіру – 888,0 мың теңге;

  • әкімшілік ғимаратты жарықтандыру – 677,0 мың теңге;

  • МТЗ үшін қарды тазалау және қауырмалы қапталды сатып алу үшін – 802,4 мың теңге;

  • Бензин генераторын сатып алу – 171,1 мың теңге;

  • контейнерлерді сатып алу – 918,8 мың теңге;

  • шаруашылық құралдарды, қаптарды, бояуларды, қолғаптарды сатып алу - 881,2 мың теңге;

  • тракторларға, автобустарға және автомобильдерге қосалқы құралдарды сатып алу – 1 217,8 мың теңге;

  • дизелдік отын мен бензинді сатып алу – 1077,0 мың теңге:

  • ардагерлер кеңесіне, әйелдер кеңесіне және қоғамдастыққа жиһаз сатып алу – 658,8 мың теңге.

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ

Павлодар қаласының әкімдік қаулысымен толық жоспарлау жобасы (ТЖЖ ) бекітілді:



  • 2016 жылғы 20 қарашадағы № 1698 ЖТҚ-1 бойынша (авиақалашық) 468 жер телімі таратуға жатады, оның ішінде жер телімі – 328, ресімдеу барысында – 48, бос учаскелер – 92, арнайы есепте – 294 тұр.

  • 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 40/2 Байдала 1 и 2 ЖТҚ меңгеру бойынша 3992 учаскелер таратуға жатады, оның ішінде 270 жер телімі бөлінді. Арнайы есепте – 5 316 адам тұр.

САЛЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАРДЫҢ КІРІС БӨЛІГІН КӨБЕЙТУ

2017 жылғы 1 желтоқсанның жағдайында Кенжекөл ауылдық округі бойынша Салық басқарманың есебіне 17 123,0 мың теңге түсті.

Оның ішінде:


  • жеке тұлғалардың жеріне салық 514,0 мың теңге сомасында;

  • жеке тұлғалардың мүлігіне салық 2 226,0 мың теңге

сомасында;

  • көлік қаражаттардың салығы 9 760,0 мың теңге сомасында;

  • кәсіпкерлерден төленетін кіріс көздерінде салық салынбайтын

кіріс бойынша жеке табыс салығы 4 623,0 мың теңге.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАСЫ

Кенжекөл ауылдық округі әкім аппаратының мамандарымен

әлеуметтік салаға және халықтың әлеуметтік қорғауына ерекше көңіл бөледі. Әлеуметтік қорғалмаған халық қатарын қолдау үшін, аз қамтылған азаматтардың, көп балалы аналардың, жалғыз және жалғыз тұратын зейнеткерлердің, жұмыссыз азаматтардың тұрақты есебі жүргізіледі, әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері, әлеуметтік атаулы көмекті иелену тәртібі түсіндіріледі:

2017 жылы әлеуметтік көмек 209 азаматқа 3252,9 мың теңге сомасында көрсетілді, оның ішінде:

- 18 жасқа дейінгі балалар үшін атаулы әлеуметтік көмекпен

мемлекеттік жәрдемақы 12 отбасына беріледі ;



  • әлеуметтік мағынасы бар аурулары бар азаматтарға

материалдық көмек 12 адамға 272,3 мың теңгеге көрсетілді;

  • материалдық көмек: Мүгедектер күніне - 29 мүгедектерге – 151,4

мың теңге сомасында;

  • өрттен зардап шегушілерге – 1 адам 113,5 мың теңге

сомасында;

  • 12 айға дейін жүкті әйелдерге – 3 адам 68,1 теңге сомасында;

  • жалғыз тұратын зейнеркерлер мен мүгедектер көмір алу үшін

материалдық көмек 4 адам 36,3 мың теңге сомасында алды;

  • бюджеттік саладағы қызметкерлер (мұғалімдер,

медициналық қызметкерлер, бала бақшаның тәрбиешілері, мәдениет қызметкерлері, спорттық клубтың жаттықтырушылары, музыкалық мектептің ұстаздары, кітапханашылары және мал дәрігерлері) - көмір сатып алу үшін материалдық көмек 109 адам 1 483,9 мың теңге сомасында алды.

ДЦП сырқаттауымен 10 балаға бір жолғы көмек 453,8 мың теңгеге көрсетілді, 5 кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйел адамдарға 26,0 мың теңге сомасында, 4 көру қабілеті төмен мүгедектерге – 36,3 мың теңгеге.

«Инватакси» қызметі 2 мүгедек-балаға көрсетіледі.

Тұрғындарды жұмыспен қамту

2017 жылдың барысында Жұмыспен қамту орталығы арқылы 64

адамға жұмыспен қамту көмегі көрсетілді, оның ішінде тұрақты жұмысқа 32 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 17 адамға, жастар практикасына – 4 түлекке, колледжге оқуға жіберілді – 1 адам, қоғамдық жұмысқа қатысты – 10 адам.

БІЛІМ

2009 жылдан бастап «Кенжекөл ауылы № 20 бала-бақша» МКК 140 орынға қызмет жасайды, мектепке дейінгі тәрбиелеу және 2-жастан 6-жасқа дейін оқыту саласында өз қызметін жүзеге асырады, штаттық саны 40 адам. Тәрбиелеу тілі – мемлекеттік.

Бала-бақша 12 сағат балалардың болуымен. Топтардың саны - 6: 1 топ- 2-жастан 3-жасқа дейін, 1 топ- 3-жастан 4-жасқа дейін, 2 орташа топ - 4-жастан 5-жасқа дейін, 1 жоғарғы топ 5-жастан 6-жасқа дейін .

Кенжекөл орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында 1 092 оқушы білім алуда,оның ішінде даярлық сыныптарында 104 адам.

Типтік асхана, жалпы көлемі 418,05 кв.м. Жалпы орын саны – 200 орын. Ыстық аспен қамту- 719 оқушы (73%) құрайды, оның ішінде тегін ыстық аспен – 177 (17,9%) оқушы қамтылған.

Мектепте 2 спорт зал бар, жалпы ауданы 460,56 кв.м. Спорт зал 4 киім шешетін, 2 душ орынмен жабдықталған. Мектеп жылы дәретханалармен жабдықталған.

4 сыныпта (80 оқушы) пәндерді терең оқыту жүргізіледі, үш гимназиялық сынып мемлекеттік тілді оқытумен (бастауыш мектепте және негізгі білім сатысында – 60 оқушы).

Мектептің төрт мұғалімі ағылшын тілінде пәндерді оқыту бойынша қайта даярлау курсын өтті, мемлекеттік тілде оқытылатын 8-10 сыныптарда көп тілді оқыту енгізіледі.

10 мұғалім – ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушылары.

Мектепте 87 ұстаз қызмет етеді, мектептің кадрлық жағдай жоғары деңгейде: 67,9% жоғары және бірінші категориясымен: 32 мұғалім жоғары, 27 мұғалім – бірінші категориясымен.

Өткен жылмен салыстыру бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы орташа 26,2 % балға өсті. (2016 ж. – 77,85%, 2017 ж. – 104,1%).

80% мектептің түлектері ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша гранттардың иелері болып, Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқиды.

2018 жылға ескі мектеп ғимаратын электрмен қамту жүйесін күрделі жөндеуге 19,9 млн. теңге сомасы бөлінді (ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өтті).

Кенжекөл ауылында 1979 жылдан бастап музыка мектебі жұмыс істейді, онда 85 оқушы келесі мамандар бойынша: домбра, қобыз, фортепиано, вокал, флейта, кларнет, жетыген қосымша музыкалық білім алады. Қазіргі уақытта мектепте 15 оқытушы жұмыс жасайды. Оқыту үдерісін жүргізу үшін келесі кабинеттер бар: оркестрлік залы, акт залы, теориялық пәндер, оркестрлік, домбра, фортепиано бойынша кабинеттер жабдықталған,.



ДЕНСАУЛЫҚ ҚОРҒАУ

2011 жылдан бастап Кенжекөл ауылында жаңа Дәрігерлік амбулатория жұмыс атқаруда, күніне 100 қабылдаулар жүргізеді.

2017 жылдың ортасынан ауылдық дәрігерлік амбулатория 5 жылға мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасы бойынша сенімді басқаруға берілді. Қазір осы медициналық мекеме «Рахим-А» ЖШС болып аталады. Кәсіпорынның жоспарында материалдық-техникалық базаны жақсарту үшін инвестициялық салымдар жасау.

Есептік жылда 5 компьютер сатып алынды, шағым қызмет жасайтын құрылғы, жиһаз, зертхана үшін қаңды, зәрді талдау жасайтын құрылғы.

Бір жылдың ішінде 16 888 адам ем қабылдап шықты, күндізгі стационарлық емдеу 145 адам алды. Скрининг 100% қамтумен өтті.

Есептік жылдың аяғында Долгое ауылында бастауыш мектеп болған ғимаратта жаңа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті жабдықтармен қамтылған медициналық пункт ашылды.



МӘДЕНИЕТ

Округ аумағында мәдениет және спорттық мекемелердің торабы құрылған.

Кенжекөл ауылының ойын-сауық орталығы, Байдала мен Долгое ауылдарының клубтары ауылда мәдениет саласында барлық тұрғындар үшін мәдени-тәрбиелеу жұмыстарын атқарады.

Ойын-сауық орталығының қызметінде ең маңызды роль ойын-сауық іс-шараларын, демалыс кештерін, дискотекалар, конкурстық бағдарламалар және шоу-конкурстарын, әңгімелер, дөңгелек үстелдер, викториналар, лекциялар, мерекелік концерттер өткізу.

Жыл бойы 70 мәдени-ойын сауық іс шаралар өткізілді, осы шараларда 7 500 аса адам қатысты.

«Ведомствоға қарасты ұйымдар мен мекемелердің күрделі шығындары» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылда 10 984,0 мың теңге сомасына Байдала ауылында клубтың күрделі жөндеуі жүргізілді.

Ауылдық кітапханада 18 500 даналық кітап қоры бар, үнемі оқырман саны 1 500 адам.

СПОРТ

«Сұңқар» балалар спорттық клубының екі залы бар, оның үйірмелерінде 286 аса бала жаттығады, бұлардың ішінде қазақша күрес, дзюдо, самбо, қоян-қолтық күрес, шашка, шахмат, тоғыз құмалақ, футбол, волейбол, бокс жәнеүстел теннисі.

Долгое ауылында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында күрес залы ашылды.

2017 жылғы маусым айында «Сұңқар» балалар спорттық клубының аймағында «Самрұқ Қазына» ҚҰБ АҚ демеушінің қаражаты арқылы көп қызметтілік спорттық алаңы орнатылды, балалық ойын алаңынан, Street Workout алаңынан (воркаут үшін көше алаңы) және тренажерлардан құрылған. Сонымен қатар шағын футбол алаңында жасыл төсеуішін ауыстыруға демеушілік көмек көрсетті.

Ауылдың жастары Павлодар қаласының ауылдық аймақтар арасындағы 46-ші қалалық спартакиадада жеңімпаз болып 1 орынға ие болды.

Жастар саясаты

2007 жылы ұйымдастырылған «Кенжекөл жастары» Қоғамдық жастар бірлестігі жастарды тәрбиелеуіне үлкен күш-қуат және ауылдық округінің әкім аппаратына көмек көрсетеді.

Ағымдық жылдың маусым және қыркүйек айларында мүгедектер арасында сайыс ұйымдастырылды. Кенжекөл ауылынан 6 бала қатысып диплом және сыйлықтармен марапатталды. Бұл іс-шаралар Ішкі саясат бөлімнің қолдауымен өткізілді.

Екінші жоба бойынша жастар сайыстарын дамытуға мақсаттық гранттар бөлініп, 4 жоба ұтып алды. Барлығы жобамен 150 аса адам қамтылды, қамту зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуіне, жастарды жұмысқа орналастыруына бағытталған.



ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Кенжекөл ауылдық округінде Павлодар қаласы ІІБ ЖПҚБ Южный ПБ 1 учаскелік полиция инспекторы мен учаскелік полиция инспекторының 2 көмекшісі қызмет жасайды. УПП-22 кабинеті ауылдық округі әкімдік ғимаратында орналасқан. Қызметтік автокөлік, оргтехника және телефон бар,.

Есепті жылы ауылдық округі бойынша 27 қылмыс тіркелді, оның ішінде 16 қылмыс ашылды.

Әкімшілік хаттамалардан барлығы 310 құрылды.

Мәжбүрлеп емделуге 4 адам жіберілді.

«Қоғамдық тәртіпті қорғауда азаматтардың қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінде 3 адам полицияның қоғамдық көмекшілері (ПҚК) боп жұмыс жасайды, бұл ауыл тұрғындары.



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

2017 жылы ауылдық округінің үш ауыл тұрғындарымен 3 есептік кездесу өткізілді. Өткізу барысында тұрғындармен 10 ескертпе және ұсыныс жасалды, оның ішінде 8 есептік кездесу барысында түсіндірілді, 2 ескертпе бақылауға алынды және даярланған іс-шаралар жоспарына сәйкес мерзімінде орындалды.

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 158 өтініш түсті, оның ішінде 32 ауызша.

Ең көбі жер қатынастар мәселесі бойынша (103), тұрғын-үй қатынастары мен коммуналдық шаруашылық мәселесі бойынша (23).

Барлық өтініштер бекітілген заңнамаға сәйкес уақытында қарастырылды.

Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппаратында 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Есеп кезеңінде жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы 184 анықтама берілді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін Кенжекөл ауылдық округінің әкім аппаратында азаматтар үшін E-gov электрондық үкіметтің өз өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан.

Бұл бұрыш қажетті компьютерлік техника және тұрақты интернет-байланыспен қамтылған.

«Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді орта білім беру мекемесіне және кері үйге жеткізуді ұйымдастыру» қызметі Байдала, Долгое, Әуежай ауылдарынан екі автобус арқылы жүзеге асады. 158 оқушы жеткізу қызметін алады.

ЖЕМКОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Кенжекөл ауылдық округі әкімі аппаратында құқықтық білім мектебі жұмысын жалғастыруда. Айына бір рет өткізілетін сабақ жоспары құрылып бекітілді. Сабақ тақырыбына мемлекеттік басқару органдарында жемқорлықтық құқықбұзушылықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша қолданылатын шаралар бойынша мәселелер енгізілген, дәрістер, жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша әңгімелесу, жемқорлықтың болуын алдын алу бойынша аппарат мамандары қызметіне мониторинг жүргізіледі.



Жүйелі түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпараттық құралдарында «Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «сенім телефоны» жұмысы туралы хабарлама жарияланады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет