Кереева Гулбаршын Халиковна Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М. Дулатов атындағы 136 мектеп – гимназияның биология пәнінің мұғалімі Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы



Дата29.01.2017
өлшемі182,78 Kb.
#8218
Кереева Гулбаршын Халиковна

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, М. Дулатов атындағы 136 мектеп – гимназияның биология пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 7



Сабақтың тақырыбы:

§41.Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтары,маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар.Саусаққанатты балықтар,олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы

Сабақтың мақсаты: Шеміршекті балықтар өкілі акулалар және скаттарды мысалға ала отырып ,олардың сүйекті балықтардан негізгі айырмашылықтарын айыра білу,бекіре балықтарының маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары туралы,қостынысты балықтар,саусаққанатты балықтар,олардың маңызы туралы білім беру. Балықтар туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Шеміршекті балықтардың негізгі ерекшеліктері туралы, бекіре балықтары, қостынысты балықтар,саусаққанатты балықтар, олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы туралы білім беру

Дамытушылық: Интеллектуалды ойлау, шығармашылық,есте сақтау, салыстыру қабілеттерін дамыту.

Тарбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты аялап таза ұстауға, қамқорлық қарым қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: дәстүрлі емес (конференция,кіріктірілген сабақ).

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: хабарлама,сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, көрнекілік, әңгімелеу т.б.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Мультимедия, слайдтар, муляждар, кестелер.

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру:

1. Сәлемдесу, түгелдеу,

2. Оқушылардың оқу құралдарына назар аудару,

3.Зейіндерін сабаққа аудару,



4.Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Балықтардың көбеюі және дамуы.Мінез құлығының ерекшеліктері. Балықтардың өрістеуі (миграция).Өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Түйсік, және оның балықтарда байқалуы.

Бүгінгі сабағымыз конференция түрінде өтетін болғандықтан, бірнеше қонақтарды шақырған едік, таныс болыңыздар:

1.Биология ғылымдарының докторы ,ихтиолог-ғалымдар:

---Жаратылыстанушы , зоолог-ихтиолог: .................

---Ғалым, ихтиолог-анатом: .................

-- Ғалым,зоолог-физиолог: .......

2.Полеонтолог-ғалым: ..............

3.Ғалым ихтиолог–эколог .......................

4.Ғалым-диетолог: ........................

5.Медицина ғылымдарының кандидаты: .........................

Бүгінгі сабагымыз сайыс турінде өтеді.Сондыктан 2-топка болініп сайыска түсеміз!

Бірінші топ- «Акулалар» тобы

Екінші топ- «Скаттар» тобы

(Әділқазылар парағы таратылады)

Сайыс шаттары:

  1. «Миға шабуыл»

2. «Үштілділік-омір талабы»

3.«Ойлан, тап!»

4. «Суреттерге тіл бітір»

5. «Артықтардан арыл! »

1.«Миға шабуыл»

1-топтың сурактары;

1.Кобею дегеніміз қандай процесс?

2.Уылдырык қандай безден түзіледі?

3.Сырттай ұрыктану қалай жүзеге асады?

4.Өрістегіш балыктар, ерекшелігі, мысалы.

5.Түйсік деген не? Мысал келтір.

2-топтың сурактары;

1.Даму процесі деген не?

2.Шоғал қандай безден түзіледі?

3.Іштей ұрықтану деген не?

4.Ұрпағына қамқорлық жасайтын балықтар,мысал келтір.

5.Миграция деген не?Мысал келтір.

2. «Үштілділік-омір талабы»

Бұл бөлімде берілген 10 сөзді орыс және ағылшын тіліне аудару керек

1 топқа берілген сөздер:

Уылдырық,дернәсіл,шеміршек,қаңқа,аталық,желбезек,қарын,шортан,түйсік,миграция.

2 топқа берілген сөздер:

Балық,өкпе,сазан,шабақ,торсылдақ,аналық,жүрек,сүйек,жұмыртқа,ұрық.

3.«Ойлан, тап!»

Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыр.

1 топ «Уылдырық»

2 топ «Ұрықтану»

4. «Суреттерге тіл бітір»

5. «Артықтардан арыл! »

Берілген сөздерден артық жазылған бір сөзді алып таста.

1 топ. Қанайналым жүйесі 2 топ. Шоғал

Зәр шығару жүйесі Аналық без

Тыныс алу жүйесі Сперма

Тер шығару жүйесі Уылдырық

Ас қорыту жүйесі Бауыр

(Үй тапсырмасы қорытындыланады)

III. Жаңа сабақ:

Оқушылар, бүгінгі жаңа тақырыбымыздың тақырыбына назар аударайықшы! Шеміршекті балықтар туралы не білесіңдер? Өздерің тұрған мекенде балықтардың қандай түрлері тіршілік етеді?Океанариумда кім болып көрді?

(Слайд көрсетіледі)

Шеміршекті балықтардың ерекшелігі:

  1. Денесі плакоидты қабыршақтармен қапталған.

  2. Жұп көкірек және жұп құрсақ жүзбе қанаттары денесіне көлбей орналасқан.

  3. Құйрық жүзбеқанаттары үстіңгі қалағы астыңғысынан едәуір үлкен.

  4. Торсылдағы болмайды.

  5. Желбезек қақпақшасы болмайды.

  6. Ауыз қуысы тұмсығының астында орналасады.

Оқушылар!Сендерге толық мағлұматтар беру үшін қонақтарға сөз береміз!

Бірінші сөзді Жаратылыстанушы ғалым-ихтиолог ............................береміз!

Жаратылыстанушы ғалым-ихтиолог-анатом:

Шеміршекті балықтарChondrichthyesомыртқалылар класы. Қазба қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы:тақтажелбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері (сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты (тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5 — 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас қорыту және несеп-жынысжүйелері құрсаққанаттарыныңжанындағыортаққуыс — клоакағаашылады. Іштейұрықтанады. Аталықтарыныңжұпшағылысуоргандары (птеригоподилері) құрсаққанаттарыныңсыртқыталшықтарынандамыған. Шеміршектібалықтартірітуады (сирек) немесеұрықтанғанжұмыртқасалады (тірідейжұмыртқатуу). Шеміршектібалықтардың ішкі осмостық қысымы негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі. Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына қарам астан, кәсіптік маңызы шамалы.

Сөз кезегін «Акуланың құрылысы мен өмір сүру ерекшеліктері» тақырыбында диссертация қорғап жүрген ғалым: ихтиолог-анатом.......... береміз!

Акула (Selachіoіdeі, көне норвегшеhaccal — балық) —тақтажелбезектілер класы тармағына жататын балық.Қазір акуланың 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді. Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да (Амазон өзені, Ганга) кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын, аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір, торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5-7 жұп желбезек саңылаулары бар.Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін аулауы осы екі қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды аулайды. Ең ірілері кит акуласы (15 метрге дейін) мен алып акула (20 м-ге дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады, көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Олар көп жағдайда күндіз адамдар көп шомылатын тропикалық суларда жағаға жақын жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар.Акуланың көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады, етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісін де пайдаланылады. Қазақстанда акуланың қазба қалдықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең тараған уақыты — палеоген кезеңі.

Сөз кезегін «Скат балығының құрылысы мен өмір сүру ерекшеліктері» тақырыбында диссертация қорғап жүрген ғалым: физиолог.......... береміз!

Скаттар (лат. Batomorpha не Batoіdeі ), тұтасқанаттылар — тақтажелбезектілер отрядының үстіңгі тобына жататын балықтар. Жоғары юракезеңіненбелгілі, жоғары бор дәуірінде көп тараған. Негізінен мұхиттарда (тереңд. 2700 м-ге дейінгі жерлерде), тропиктік аймақтардағы өзендерде кездеседі. Скаттардың 5 отряды, 16 тұқымдасы, 50 туысы және 350-дей түрі бар. Денесі тығыз, жалпақ, диск не ромб тәрізді, ұзындығы 30 см-ден 6 м-ге, салмағы ірілерінде 1,5 т-ға дейін жетеді. Терісі тықыр, кейдебұдырлы. 5 жұпжелбезексаңылауларыбауыржағындаорналасқан. Жалпақ басы кеудежүзуқанаттарыменбірігіпкеткен. Арқажүзбеқанаттарықұйрықжағында, көпшілігіндеолжоқ. Аналь, көпшіліктүріндеқұйрықжүзбеқанаттарыболмайды, ал кеудежүзбеқанаттарыөтеүлкенболады.Скаттар — әдетте тірідей не жұмыртқалап туатын балықтар, ромб скаттәрізділер жұмыртқа салады. Скаттардың көпшілігі — бентофагтар (су түбінде тіршілік ететін жәндіктер), араларында жыртқыштары да кездеседі. Скаттардың көп түрінің еті жеуге жарамды, жүзбеқанаттары бағалы, бауырынан тех. май алынады. Кейбір түрлері (денелерінің бүйір жақтарында орналасқан эл. органдары мен улы бездері бар құйрық бөлігі) адамдарға қауіптіТұтасбастыларға 30-дай түрлер жатады. Көпшілігі судың терең қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Дене пішіні ұзынша ұршық тәрізді. Терісінде қабыршақтары болмайды. Іштей ұрықтанады. Сырты қалың қабықпен қапталған ұрықтанған уылдырық шашып көбейеді. Баренцев теңізінде ұзындығы 1 метрдей еуропатұтасбасы кездеседі.Олардың көпшілік түрі теңіз түбіндегі жәндіктермен қоректенеді.Кәсіптік мәні жоқ. 3

Ғалым –эколог ........................ сөз береміз!

Шығу тегiнен өте көне бекiрелер тұқымдасына жататын балықтар, өздерiнiң гүлдену шыңына 100-200 млн. жыл бұрын Жер бетiндеәлi динозаврлар жүрген кезде жеттi. Бұл балықтар өздерiнде көне акулалар мен скаттардың және қазiргiсүйектi балықтардың белгiлерiн ұштастырады.

Сүйек-шемiршектi немесе бекiрелiк балықтардың қаңқасы шемiршектi, бiрақ оларда басқа да сүйектерi болады. Бекiрелiлердiң омыртқа жотасында өмiр бойы хорда сақталады, оларды вязич деген атпен асқа пайдаланады. Оларда желқабыз және желбезектi қақпақшасы бар. Кейбiрбекiрелiлердiң ұзындығы бiрнеше метрге дейiнжетедi. Оларда түгелдей қабыршақты жабынның орнына, денесiнiң бойымен 5 қатар iрiсүйектiөсiндiлерөтедi. Бекiре, шоқыр, сүйiрiк балықтар құрттар, ұлулар және басқада омыртқасыздарды, су түбiндегi құмдар арасынан, ауыздарының алдында орналасқан кiшкене мұртшалар көмегiмен, тауып қоректенедi. Тек еңiрi белуга мен калугағанабасқабалықтарменқоректенедi.

Бiржылдыңбiрнешеайынбекiрелiлертеңiздеөткiзедi (мысалы, Азов, Қаранемесе Каспий теңiздерiнде), ал уылдырықшашуүшiнөзендергекiредi. Балықтардыңжыныстықжетiлуiкешбасталады, 10-15 жылданкейiн, бiрақоларөтеұзақтiршiлiкетедi 60-100 жыл.

Бекiрелiлертiршiлiкбойы тек бiрнешеретуылдырықшашады. Уылдырықтыжылдамағымыболашақұрпақтыүнемiоттекпенқамтамасызетiптұратынжерлерге-құмнемесеұсақжұмыртастарарасынашашады.

Белуга Қара, Азов және Каспий теңiздерiнiңалқабындамекендейдi. Белуга аналығы 5 млн. уылдырыққадейiншашадыжәнеуылдырықтыңжалпысалмағыбалықсалмағының ¼ құрайды. Белуга көлемi 5 метргедейiн, ал салмағы 1230 кг дейiнжетедi. Уылдырықсалмағы 245 кг дейiн.



Полеонтолог-ғалым: .............. сөз береміз!

Қостынысты балықтар(Dірпоі) өкпемен тыныс алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына жатады Бұған қостынысты және саусаққанатты балықтар жатады. Қостынысты Салықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетелі. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі.

ЛАТИМЕРИЯ (Latіmerіachalumnae) — сүйекті балықтардың қалаққанаттылар класы тармағына жататын саусаққанатты балық. ЛатимерияЦелаканттәрізділер отрядының қазіргі кезде сақталған бір ғана түрі. Мұндай балықтар бұдан 70 — 80 млн. жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінген. Мадагаскар аралы төңірегі мен Үнді мұхитында (Комор аралы) тереңдігі' 300 — 400 м су түбінде тіршілік етеді. Денесі ірі космоидты типті қабыршақпен қаптаДенесінің ұзындығы 180 см, салм. 95 кг-дай. Ми көлемі кішірек, ішкі танау тесігі болмайды. Арқа жүзбеқанаты екеу, құйрық қанаты қосымша қалағы бар дифицеркальды типті (үш қалақты). Көкірек және құрсақ жұп жүзбе қанаттары саусаққа ұқсас, соған байланысты саусаққанатты балық деп те атайды. Қаңқасында шеміршек басым. Тірек қаңқасы хордадан және омыртқаның невралды доғаларынан тұрады. Миы кішкентай. Хоаналар жоқ, торсылдағы біршама редукцияға ұшыраған. Жүрегі қарапайым құрылысты, артериальдық конус бар. Ішегінде спиральды клапан сақталған. Клоакаға жалғасады. Акула секілді тепе-теңдік сақтау үшін мочевин түзейді. Латимерияға тірі жұмыртқа туу тән. Ірі жұмыртқалары (кимасы он см) жұмыртқа жолында дамиды. Латимерия алғаш рет 1938 ж. Оңтүстік Африка жағалауында ауға түсті. Оны ағылшын ихтиологы Дж.Смит жергілікті жердегі мұражай меңгерушісі әрі осы балықты өзіне анықтауға ұсынған Латимер есімімен атады. Латимерияның табылуы — 20 ғасырдың зоология ғылымының үлкен жаңалығы деп бағаланды. 1952 ж. Латимерия балығының 2-данасы да Комар аралдарының маңынан, ал 1977 жылға дейін 87 данасы ғана ұсталынды. Латимерия жануарлар дүниесінің эволюциялық дамуында ең алғашқы құрлыққа шыққан қосмекенділер — стегоцефальдардың арғы тегі деп саналады. Латимерия реликт түр ретінде Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген.

Ғалым-диетолог: ........................ сөз береміз!

Кейбiрскаттардыңетi өте дәмдi. Үндiстандашикi және тұздалған акуланың және құйрықты скаттыңетiнжейдi. Корея мен Жапонияда гитаралы Шлегельдiкскатыныңетi деликатес болып саналады, оның жүзбеқанаттарының сорпа қайнатады. Теңiз шайтандары мен мобулдың қызғылт еттерi де қымбат бағаланады, ал электр скаттыңетi дүние жүзiнде танылған деликатес болып есептеледi.Бекіре балығының балғын еті мен уылдырығына жетер еш тағам жоқ шығар, сірә!- ---Балықтар бағалы азық - түлік көзі


- Балықтардың қабыршағы жасанды інжу дайындауға жұмсалады
- акуланың жүзбеқанатынан, бекіре тұқымдас, балықтардың торсылдағынан бағалы желім қайнатылады.

Медицина ғылымдарының кандидаты: ......................................... сөз береміз!

Акула сияқты балықтардың бауырынан дәрі - дәрмек жасалынады. Балықтардың адам үшін қажетті белоққа бай тағам көзі. Балық майы - балық бауырынан алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл - күрең түсті, өзіне тән иісі сұйықтық. Құрамында А және Д витаминдері көп болғандықтан мешел, тыныс алу, асқазан көз ауруларын емдеуге пайдалы. Балықтардың майы таза күйінде сәбилерге ішкізеді кейде басқа дәрілердің құрамына енгізеді.Және жалпы халыққа аптасына бір рет әр түрлі балық өнімдерін қабылдап тұруға кеңес береміз.Мысалы әр бейсенбі күнді «балық жеу күні» деп ұйымдастырған дұрыс!



IV.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Шеміршекті балықтар туралы не білдіңдер?

2. Шеміршекті балықтар денесі қандай бөлімдерден тұрады?

3. Шеміршекті балықтар денесінде қандай жүзбеқанаттар болады?

4. Шеміршекті балықтар қандай класс тармақтарына бөлінеді?

5. Шеміршекті балықтардың сыртқы құрлысына тән белгілер?

6.Бекіретәріздес балықтардың ерекшеліктері қандай?

7.Қостынысты, саусаққанатты балықтар,маңызы туралы айтыңдар



V .Корытындылау бөлімі:

А)Рөлдік ойын «Эволюция»

Акула:Мен акуламын.Мен балық атаулының ішіндегі патшасымын.Біреулер ең үлкен балық кит,-дейді! Ха-ха-ха!Кит қайдан балық болсын!Кит те,дельфин де сүтқоректілер класына жатады емес пе?Демек,менен асқан алып жоқ.Мынау түпсіз су әлемі менің меншігімде!

Скат:Сәлем туысқан!Қалыңыз қалай?Дауысыңыз жер жарады ғой !

Акула:Жап-жалпақ болып сен қайдан келіп қалғансың?Қайдағы туысқан,екеуміз мүлде ұқсамаймызғой.Тайып тұр жөніңе кет!Мен сендей құбыжықтармен сөйлепеймін.

Скат:Бауырым-ау екеуміз де шеміршекті балықтар класына жатамыз.Оны біліп қой біріншіден,ал екіншіден мен сен сияқты қанішер емеспін.Сен шектен шығып кеткенің сондай,кейде адамдарға шабуыл жасайсың!Мениң электрлі тоғымнан қорықпайтын еш тіршілік иесі жоқ!Адамдар етімді де қорек етеді,бірақ мен мақтанып жатқан жоқпын ғой!

Бекіре:Ау, менің бабаларым акула мен скат туыстар!Сендердің дауласып жатқандарыңды ғаламтордан көріп,реактивті жүзетін сегізаяққа мініп келіп қалдым осында.Менің отаным Каспий теңізінен сендерге мың сәлем!

Скат пен акула қосылып: бабалары несі?

Бекіре:Қалайша білмейсіздер мен сіздерден кейінгі яғни шеміршекті балықтардан кейінгі эволюция нәтижесінде пайда болған,сіздер мен сүйекті балықтар аралығындағы шеміршекті-сүйекті балықтар класының өкілімін!Сіздер менің ата тегімсіздер!Сіздердер мені танымай тұрсыздар,латимерияны тіптен танымайтын шығарсыздар,сондықтан бізден кейінгі дамыған латимерияны сіздермен таныстырайын.

Латимерия:Сәлем құрметті бабалар!Эволюциялық деректер бойынша сіздер менің ата-тектерімсіздер.Әкем айтатын сенің руың,ата-тегің шеміршекті-сүйекті балықтар деп.Мен сонау Үнді мұхитының терең қабатынан келіп отырмын.Биология әлемінде менің орным ерекше.Себебі мен арқылы қосмекенділер,жорғалаушылар,құстар,сүтқоректілер – жалпы құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың барлығы менен бастау алған.

Акула:Мына ашық сабақ беріп отырған 7 «А» класының оқушыларына көп рахмет!Акула,акула деген сигналдарды естіп осы жаққа мойын бұрып едім,сендерді кездестіріп көп мағұлмат алдым.Рахмет сендерге ,оқушылар! Сау болыңдар! Ал, енді сендер де хош-сау болыңдар!Әркім өзінің мекен ортасына аман-есен оралсын.

Ә) Рентген сәулесімен тексерсек...



Аталықмысықакуланыңішкіқұрылысы (Суреті слаидтан көрсетіледі)
1.Ауыз
2.Танаутесігі
3.Көз
4.Желбезекжәнежелбезексаңылауы
5.Көкбауыр
6.Несепағар
7.Тұқымкөпіршігі
8.Құрсақжүзбеқанаттары
9.Жүрек
10.Көкірекжүзбеқанаттары
11.Үшқалақтыбауыр
12.Аталықбезі
13.Қарын
14.Тоқішек
15.Клокатесігі
16.Анальжүзбеқанаты
17. Құйрық жүзбеқанаты

Б) Мені таң қалдырған жаңалық...  

(оқушылардың дайындаған мәліметтері)

1-оқушы :  Балалар сіздер электр балықтар туралы не  білесіздер ?  (слайд)Электрлі балықтардың тіршілік ететіндігі жайлы көне заманда да белгілі болған. Электрлі мүшелері бар балықтардың негізгі топтары:скаттар,жыланбалықтар және жайындар.Электр разряды бар бұл балықтар өздерінің бұл қабілетін қорғаныш ретінде,жемін жансыздандыру үшін, жемі орналасқан жерді бағдарлау үшін пайдаланады. Электрлі жыланбалық тарататын токтың кернеуі орта есепппен 350 вольттан көп болмайды. Тіпті ежелгі римдіктер электрлі скаттың электр разрядын жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.
2-оқушы: (слайд) Аквариумға акула сыймайды.... мен сіздермен келісемін, бірақ Қаратеңізде кездесетін шаншарлы акула болғаны 2 метр. Шеміршекті балықтардың силур дәуірінде тіршілік еткендігінбілеміз.Акулалардың денет ұрқы да әртүрлі мөлшерде.Ұзындығы 15-40 см-ден аспайтын жасыла куламен қатар15метрге дейінжететін алыпа кулалар болады. Акуланың алтықатар тістері бар. Ол тістерк езек-кезек, тозған сайын алмасып отырады. 10 жылда 24 000 өткір тісін ауыстырады екен. Акула біртістегенде 5кг, кейде 7 кг, бұлшықетті бірден алқымға алады екен. Акуланың торсылдақтың болмауынан  өз денесін қимылсыз бір деңгейде ұзақ ұстап тұра алмайды батып етеді.Акулалар шабағының салмағы 45 кг, туа салысымен жетіліп кететіндіктен тамақты бірден өздігінен аулауға бейім болады.

VI.Үйге тапсырма беру. §41.Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтары, маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар.Саусаққанатты балықтар,олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы.Осы тақырыпты оқып келу және кесте толтыру.

-----Деңгейлік тапсырмаларды орындау(249-бет),

----- «Бекіретәріздес балықтарды қорғау шаралары» тақырыбына реферат жазып келу,,

-------қызықты мәліметтер жинау.



VII.Бағалау

Тексерілді: ДОЖЖО: ...........................................

М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназия

Сабақтың тақырыбы:

Шеміршекті балықтар: акулалар және скаттар. Бекіре балықтары,маңызы және оларды қалпына келтіру шаралары. Қостынысты балықтар.Саусаққанатты балықтар,олардың құрлықтық омыртқалы жануарлардың шығу тегіндегі маңызы

Биология пәеінің мұғалімі: Кереева Гүлбаршын Халиковна

20015жыл

Ойширатуайдары


1.Кг14тоннаданасатын
Көргенадамқашатын
Білесіңбе?

ҚандайбалыққарағымБалықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту.Балық қорларын үнемді пайдалану әрдайым балық қорларын зертеу орталықтарымен бірігіп жүргізілуі тиіс. Алайда браканерлік әрекеттердің толық алдын алу мүмкін болмай отыр. Кәсіптік мәні бар балықтардың елімізде мол қоры болғаны мен оны шектен тыс аулауға руқсат етілмейді. Бұл жағдайларды бақылайтын мемлекеттік мекемелер, су инспекторлары жұмыс жасайды. Елімізде қолдан ұрықтандыру орталықтары жұмыс жасайды. Олар су аңғарларындағы кәсіптік мәні бар балықтарды және бағалы балықтардың уылдырықтарын қолдан ұрықтандыру арқылы балықтар санын көбейтуге үлкен септігін тигізуде. Балықтарды көбейту шаралары елімізде кеңінен жүргізілуде

Бұл класс бүкiл жер шарын мекендейтiн, балықтардың басым көпшiлiгiнбiрiктередi және омыртқалылар класының түр құрамы жағынан ең үлкен болып есептеледi. Бұл класқа тән белгiлер болып төмендегiлересептеледi:

Барлық сүйектi балықтарда желбезектi саңылауларды жабатын-сол арқылы жетiлгенжелбезектi тыныс аппаратын құрайтын, сүйектiжелбезектi қақпашалары болады. Қаңқада әрдәйiмбелгiлi мөлшерде жапсырма сүйектер болады, туынды жақтары да терi сүйектенулерден тұрады. Iшкi қаңқасы, жартылай болса да сүйектi. Қабыршағы (екiншi рет редукциялануы мүмкiн) ганоидтiнемесiсүйектi (плакоидтi емес). Жүзбе қанаттары сүйек сәулелерiменсүйелмелденедi (қостынысты балықтардан басқалары). Желбезектi қалқалары өте ықшам немесе жиi байқалғандай мүлдем болмайды, сол себептен желбезектi күлтелер тiкелей желбезек доғаларында отырады. Желқабығы (екiншi рет дамымауы мүмкiн) немесе өкпесi (өте сирек) болады. Аталықтарында қос копулятивтiмүшелерi жоқ, ұрықтануы (өте сирек жағдайлардан басқа) сырттай, уылдырықтары майда.



7

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет