Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет103/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110
Жылқы - малдың патшасы.
Шаруаның бір пірі — жылқышы ата,
Тілегенде өзің бер ақтан бата,
Үйір-үйір жылқыны шұқыратып,
Ойдан-қырдан арқансыз әкеп мата. (Ел аузынан).
Көшіп-қонып, ұшы қиыры жок, даланы ен жайлаған қазақтың негізгі күн көрісі — төрт түлік мал болғаны арғы-бергі тариһымыздан жақсы белгілі. Әр түлікті өзінше қадірлеген қалқымыз әсіресе, жылқыны ерекше көрген. «Төрт түліктің төресі», «Жылқы — малдың патшасы», «Ат — ер қанаты» деп орынды бағалаған. Үлкендер «Бесік жырында»:
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт боларма екенсің,-дегенде, ел шетіне жау тисе қорган болуға ерте бастан -ақ баланы баулып, даярлап отырған. Оған қалқымыздың көптеген ғасырлар бой Монгол, Қытай, Жоңғар. Қиуа, Бұқар хандарының шапқыншылығына ұшырап, жаугершілік зар зманды басынан сан қайтара өткізіп отырғаны да үлкен әсер
еткен.
Сондай ел қорғар сын сағатта батырлардың сенімді серігі-жүйрік ат болған. Жауды қуса желдей есіп жетіп, қысылтайаң шақта оқтай ұшып жеткізбей батырлады һәуіптен сан мәрте құтқарып қалған талай әңгіме, аңыздар ел арасында сақталып, ауыздан ауызға тарап, бізге де жетіп отыр.
Төре түліктің өте сұлу, сүйкімдісі - жылқы екенін қазақ қалқы бағалап, қадір тұтқан. Сондықтан да пырақ, арғымақ, сәйгүлік, дүлдүл, тұлпар,- деп түрлендіріп, әсемдеп атаған.
Қазақ көркем сөзінің һас шебері Ғабит Мақмұтұлы Мүсірепов «Атақты әнші Майра» әңгімесінде жылқының сипатын былайша суреттейді: « ...Басқа малды білмеймін, маған әйтеуір, жылқы баласы өзінің дене сұлулығын сезінетіндей, сол сұлулығын сақтай қозғалатындай көрінеді. Аттың жалы мен кекілі таңертеңгі қиғаштай түскен күн көзіне шағылысып, күмістей жарқылдайды»...
-Мұндай да сұлу жылқы бола береді екен-ау, Шәрбәну апа,- деді Майра. Сататын болса, мені сатса да осы аттан айрылма дейінші Әсетке.
-Әсет! Киіз үйдің қасында жігіттермен қалжыңдасып тұрган Әсет «әу» дегенше ақжал күрең Майраның алдын орай тұра қалды.
-Майра қарындасым,- деді ақжал атты жетелеп келген жігіт. Мынау Ақжал бесті Бекен ағаның былтырдан бері мойнында жүрген берешегі екен. Кешіктіріп алғанына кешірім сұрайды, Беке ағаң. Ат сіздікі, мне, шылбыры.
Майраның атқа қызыққаны сонша, әдеп сақтап болса да, алмаймын деген жок, шылбырға жармаса кетті.
Беке ағаң Майражанның бұлбұл даусы Коянды топырағында бірінші рет біздің үйде шықса екен,- деп тілейді. Бүгін түскі тамаққа шакырады,- деді жігіт.
-Беке ағаның үйіне өзім де ең алдымен кіріп шығармын деп ойлап едім,- деді Майра. Елші жігіт шоқытып жөнеле берді.
Алтынсыз, күміссіз, сүйексіз, салпыншақсыз, сылдырмақсыз жасаған былғары ер-тоқым, қала қолынан шыққан қос ноқта, биші қыздың киіміндей сұлу жарау атқа сонша жарасымды екен.
Аттың өзі де көз тиердей сұлу денесін коз алдына түгел тосып, ойнап тур. (Ғ. Мүсірепов, бес томдык шығ. жинағы, 1 т., 181 б.)
Қазақ баласын жақсы көргенде «құлыным»,- деп, айналып-толғанады. Жылқыбай, Құлынтай, Құлатай сияқты есімдерді тегіннен-тегін қоя салмаған. Осындай ат қойғанда жылқыны жақсы көргендіктен, жылқы көп болсын деп, ырымға жорыған. Төлбасына да ерекше көңіл бөлген. Аттан қадірлі, жылқы ба- ласынан асқан сый жок,- деп, санаған қазекем ең қадірлі досына, туысына, қадірменді қонағына ат мінгізген. Бұл дәстүр күні бүгінге дейін сақталып, жалғасып келеді. Өзіне ежелден серік етіп, «белдеудегі пырағым» деп санаған бабаларымыз атты жарату, суыту, азықтандыру мен қатар, жылқыға ерекше көрік беретін оның ер-тұрманына да айрықша көңіл бөлген. Жақсы, жайлы ерді «бір қаралық ер» деп, оның құнын бір қараға бағалаған. Ердің түрі де көп: үйрек бас ер, құранды ер, құнан ер, қырғыз ер, қазақы ер,- деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет