*Ой соңы.
Әр ел ең алғаш тариһ төріне шыға бастаған кезінен әуелі ру, одан тайпа құрап, одан қалық болып, ұлт болып қалыптасқан ұзақ өмір тариһы түп-түзу бола салған даңғыл жол емес. Бұл ұзақ жол өмір ішінде қаншама таңдар атып, күндер шығып, ішкі толқын бірде араласа, бірде ажыраса отырып, неше алуан айқастардан, бұлтарыс, қалтарыстан өтіп, талай соқпақ түйісуінен үлкен думанды даңғыл жол бар екенін бағамдауға әбден болады. Тариһ,- деп аталатын осы ұзақ өмірдің әр кезеңімен әр белесінде мың сырлы, жүз қырлы қарым-қатынастар да болған.Осы орайда өз қалқына қызмет атқарып келе жатқан қазақ тілі де өз иесіне қажетті салт-сана, әдет-ғұрып, тыныс-тіршілік, саяси-әлеуметтік, мәдени -экономикалық ұғым түсініктердің сан-алуанын қамтып, елеп, жинақтап, орындап отырған. Кейбірі ғылыми жолмен анықтап, өз тәжірибелерінде салыстыра сараптап, салыстыру әдісін де жүргізіп отырған. Көнеден жетіп келе жатқан бұл сүйеніштерді ғалымдар да бақылап, іздеп, бағамдап отырған. Сондай ардақты ғалымдар: С.Кеңесбаев 1940-1946 жылдарда біраз мақалаларын жариялаған екен. С.Шәкіржанов, Абыл ақын, Үш би (Төле, Қазыбек, Әйтеке), түркі ғалымдары, Қ.Халидов, Мір Әлішер, зерттеушілер: Н.И.Золотницкий, Марр, Вамбери, Хортман, Галеви, Будагов, Н.И.Ильинский, Б.Адамбаев, А.Сейдімбеков те өз зерттеу ой-тұжырымдарынан дәлел боларлықтай еңбектер қалдырған. Ең дәлелді жадығаттар, әсіресе, ерте замандардан сақатлған жазба ескерткіштер болмақ.
Бұл «үш», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандарын әлі де толықтыруға болатынын анық білеміз. Оған еш күмәндануға болмайды. Бұған дәлелді, ақын жазушылардың бұрынғы ертегі, дастан, айтыс жазбаларын оқыған сайын тұшына түсеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |