Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет69/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   110
Қасиетті жеті сөзім:
Құдайдың құлымын.
Мұһаммадтың үмбетімін.
Шариғаттың досымын.
Аллаһ-бір, пайғамбар-һақ
Жүрегіме иман жиамын
Мұсылманның көптігімен қуанамын
Иншалла, қуанышым мол болғай. (Б.Т.)
Дүние әлемінде «жеті тұрақты» бар деп түйеміз:
1) Қара жер; 2) Көк аспан; 3) Алтын күн; 4) Күміс ай; 5) Жеті қарақшы; 6) Темір қазық; 7) Жаратушы күш. (Б.Т.).
Бұлардан басқаның бәрі өзгереді, өледі, жоғалады, жарылады, ағады, тозады, суалады, солады. Осылайша айнала отырып, Көк аспан мен Қара жер ортасына қайтып келіп, қайтып кетіп жатады. Заман жаңара түсіп, Болашақ, оза отырып, жаңара құрылады. Үнемі осылай айналымда жыл жылжып, ғасыр алыстайды; ата - баба биіктеп, ұрпақ ұлағаты жалғасады (Б.Т.).
Сондай-ак, «Жеті табыну» (қайран қалу) да бар деп білемін:
1.С.Олжас - адамға табынады;
2.М.Қадір - қазаққа табынады;
3.М. Тұманбай - қыздарға табынады;
4.С.Ақсұңқар - Шайтанкөлге табынады;
5.Саят Бейсембай - қарияларға табынады;
6.Шәкірт -ұстазға табынады;
7.Сәбит Бексейіт-тамырлы дағдыр дуриә дүниеге табынады. Мен, Тұрсынһан - Даналық талбесікке табынамын. Жербесік пен Талбесікте әрі ұқсастық, әрі тартылыс, күші бары анық (Б.Т.).
Қазақтың ырым санайтын «жеті» санын Ежелгі Египетте де, Римде де қасиетті санаған.
Атақты Вавилон мұнарасының «жеті қабаты» бар дейді;
Рим қаласы «жеті дүниеден» тұрады;
Үндістер сенімі бойынша әлем «жеті күштен» құралған;
Ежелгі Греция әлемінің «жеті кереметін» естідіңіздер;
Гректерде «жеті ақылман» болған (менімше әр ғасыр сайын)Христиан діні бойынша күнәһарды «жеті күнәсі» үшін жазалаған;
Әлем жеті күнде пайда болған,- дейді;
Музыкалық октава «жеті» нотадан тұрады;
Кемпірқосақтың (радуга) түрлі-түсті жолақтар саны «жетеу» екен: қызыл, қызғылт, сары, сарғыш, жасыл-көк, көкшіл, күлгін.
Осы сияқты ақиқаты мол, көңіл һошын толықтырар мәліметтер баршылық. Біздің міндетіміз соны жинақтап, Болашаққа ұсыну (Б.Т.).
*Тоғыз саны.«Жеті» тәрізді көп айтылмағанымен «тоғыз» санының да ерек қолданылатын тұстары бар. «Тоғыз» сөзінің қазақ салтында үлкен орын алатынын мынадан байқауға болар. Бір рудың екінші руға, не бір кісінің екінші кісіге төлейтін айыбы «бір тоғыз», «үш тоғыз», «тоғыз тоғыз» болып келген. Қазақтың құмарта ойнар ойыны «тоғыз құмалақты» алсақ, ойын тәртібінде (ұту) «айып алу» (ұтылу) «айып тарту» мағынасы бар екен. Осында да сол қасиеттің байланысы көрініп-ақ тұр, білем. Мәселен, кәріс халқы қыз ұзатқанда жасауын үлкен - үлкен «тоғыз түйін» етіп түйіп байлап береді екен. Сондай-ақ тоғызбен байланысты сыйлық тарту, айып беру түркі елдерінде де бар. Мәселен, қырғызда «Түйе бастаған тоғыз» деген сөз бар. «Тоғыз» туралы ұғым-сенімдер мен ырым-салттар монғол қалқында да өзгеше орында. һанға тарту- сыйлык, — «бір тоғыз», не «үш тоғыз» болған. Монғол жазбаларында: «тоғыз ат және тоғыз бөлек мата» келтірді деген бар, Бабұрнамада. Татарлар қалындыққа берілетін сыйлықты - орамал, шаршыны, киімдік матаны, көйлек-көншек т.б. «тоғыз» деп атаған.
Шағатайлықтарда үлкен тойда, думанда, сауықтарда қонақтардың бірі ішіп отырған ішкілігін, не тамақты шашыратып, зәредей тамшысын шетке шығарса, сол ішіп отырған ыдысымен толтыра-толтыра «тоғыз аяқ» ішкілік, не тамақ айып ретінде ішкізілетін қалжың болған (отыз аяқ ішкізетін кездер де болған).
Әлішер Навоидың шығармаларынан түзілген, түркі тіліне аударылған шағатайша сөздіктен Будаговтың келтіруінде: парсы тілінде тарту-сыйлық басқа сөздермен қосарланбай-ақ «тоғыз» деп айтылған екен. Ж.Халидов өзінің араб тілінде жазған кітабында түркі, монғол қалықтарының «тоғыз» ұғымымен байланысты мынадай ескі сенімдерін, әдет-ғұрыптарын келтіреді, мәселен монғол қалмақтардың ескілікті, діни ұғымы бойынша: аспан тоғыз қабат болады, Құдай соның ең жоғарғы - тоғызыншы қабатында тұрады, солай болғаннан «Бас патша» (Құдай), одан төменгіде «Жер патшасы» (һан),- деген.
«Тоғызбен» байланысты заңның (әдет-ғұрып, сыйлық беру, жазалау т.б.) Шыңғыс һаннан басталатынын байқатады. Мүмкін Шыңғыс һанда арғы жақтағы ауызша жеткен мағлұматтардан естіп, жалғастырған болар... «Һан» деген атақ тоғыз атадан бері һан болып келе жатқан кісіге ғана берілген, осының себебінен Әмір-Темірге һан атағы берілмеген,- дейді. Әмір-Темір көп жерді өзіне қаратып, қанша көп елге үстемдік жүргізсе де «тоғыз атасы» һан болмагандықтан тек, Мырзашаһ деп аталынған.
«Тоғыз» сан жөні дәстүрі Ресейге де шарпуын тигізіп, кей қалықтарда қарадан һан сайланатын болса, ол кісі тоғыз жыл қызмет істеуге міндетті болған екен. «Тоғыз» санымен келетін ұғымдар, әдет-ғұрыптар, түрлі сеніммен ұштасып, қазақ тілінен үлкен орын алған. Мысалы:«тоғыз жолдың торабы», «тоғыз (не тоқсан) ауыз сөздің тобықтай түтіні», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет