Жәңгір һанның баласы Тәуке һанның (1678-1718 ж.ж.)қазақтың әдет-ғұрпын, салты мен саясатын, кәдесін және мүддесін мемлекет тілегіне, шаруашылық пен саясаттың жаңа ағымына үйлестіріп шығарған заңы «Тәукенің жеті жарғысы»деп аталған. «Жарғы» — «жар салу», құлақ сал, тыңда (кликнуть, клич, сделать объявление через глашатая) «жаршы», деген сөз бар. Демек, шағатайша «яр», «яргушы» (басқарушы), «ярғыға тұтам, жауапқа, сотқа тартам деген сөз бар екен. Бұл түбірден «жарлық» (яр) - указ деген сөз пайда болған. Ал қазақша негізін түптеп келсек: жарлық шығардым, жар саламын, жарғыға құлақ сал деп тұр. Ол жарғының жетеу атануы да тегін емес, ол киелі сан, сол киелі жеті жарлық- ең қиын жарлық. Оны орындаған басқа ұсақ-түйекті, салт- дәстүрді табанды орындап отырары анық. «Жеті жарғыда» әдет-кәделер, қисын-ғұрыт ардың, тек, маңыздысы, заңға сәйкестігі ғана ел билеуге қажеті жинақталып, қасиеті «жеті» санына топтастырылған, онымен қоса қасиетті «жеті» негізгі, басты-басты деген ұғымды да білдіріп тұрған сияқты және негізі бірнеше баптардан тұрса керек. Тәуке һанның «Қасым һанның қасқа жолы», «Есім һанның ескі жолы» қағидаларын одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген, ХХ-ғасырдың басына дейін қолданылып келген. Әрине Тәуке һанның жеті өзгерістермен еңгізілген «Жеті жарғы» деген ұғым бар. Ол өзгерістер мына сипатта болған: Көтеріліс жасап, бүлік шығарып, кісі өлтіргенге өлім жазасы бұйырылсын, (Бұл жарғы ел бүтіндігін сақтау талабы). Қалықтың һаны, сұлтаны, пір әзәреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төлесін. Төрелер мен қожалардың, жәй қатардағы біреулер өлсе, олардың әрқайсысы үшін екі кісінің құны төленсін. Қалықтың мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. Сырттан кірген адам мініп келген атын үйге кірерде босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, ал үйдің сыртына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек, ат - тон айып тартады. Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, құны сұраусыз. Кәмелетке жеткен баласы ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға (не қара есекке) теріс міңгізіп, мойнына құрым іліп, ауылды айналдырған. Құйрық-бауыр жесісіп, құда болған соң-ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне калыңсыз қыз береді,не бір қыздың қалыңмалы қосылып беріледі. Ұры: айыр түйеге нар; атқа аруана; тайлаққа атан; тайға ат; қойға тана төлейді. Оның үстіне ұрлық жасағаны үшін үш тоғыз айып төлейді. Бұл өзгерістерден басқа да жер дауы, отбасы кикілжіңі, неке заңы, қылмыс пен қүн дауы, куәлік ету, ант беру, ұрлық қарлық және т.б. жағдайларға, рәсімдерге, ділгірліктерге (проблема) байланысты да шараларды тәртіптеу көрініс тапқан. Қазақ қалқының ақыны Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тариһы» дастанында «Жеті жарғының» жеті бабын былай баяндаған екен: Жер дауы баяндалған біріншісі, Ру, қоныс пен меншікті ісі. Иеленген жерінде жанжал болса, Біреуге басымдық қып озбыр кісі. Үй іші мен баланы тәрбиелеу Болған жосын заңның екіншісі. Ұрлық қарлық, барымта үшіншісі Баян етер бәрінде білген кісі. Төртінші боп саналған мынау заңы, Бір қалықпен басқа ру болса дауы Ұлтын жаудан қорғаған, бесінші бұл. Алтыншы, жетінші құн дауы, жер дауы, т.б. Жалпы «Жеті жарғы» мәтіні осы ұрпаққа жазба түрде жетпеген. Бірақ мазмұны жатталып, ауыздан ауызға, елден елге, ұрпақтан ұқпаққа тараған. Жарғы заңдары құрметтеліп, қалың жұртшылық тарапынан мүлтіксіз орындалған. Қасиетті сандар жайында ақиқаты мол, көңіл һошын толықтырар мәліметтер баршылық. Біздің міндетіміз, соны жинақтап Болашаққа ұсыну!