(мұны екі бөліп айтушылар да бар). Ақылды, сұлу жары (умница, красавица жена) - серті,
есебі тірліктің. Ілім, білім. Аужылымы - амал, ақыл, тәсілі, өнерлі,ержүрек, иаки, қазіргі тілде айтсақ: білім және ілімі (наукаи знание) мол жігіт.
Ертерек ғасырларда 6-шы болып қара қазан, ас-су қазына болып кірген, себебі қазына құт-береке, молшылық белгісі, ал 7-болып осы қазынаның бәріне ие болатын «ер жігіттің басын»қазына деген екен. Ал, «қазан» мен «білім» (ақыл айлаумен) орын алмасуы датүсінікті сияқты. Иаки, білімді бас бар жерде қазан ортаймас деген ой туады. Бұл тұстағы ойға оралар негізгі ең басты ерекшелік, жеті қазынаның түрі өзгергені мен санысол жеті төңірегінде болуы. Қазақтар жеті қазынаны «Жеті ырыс»деп танып, оған мыналарды жатқызған.
Ақыл - адамның ой санасы
Денсаулық - «дені саудың жаны сау»
Ақжаулық - « бірінші байлық денсаулық,екінші байлық акжаулық.»
Тұз - Ол Аллаһның адамдар мен жан-жануарларға берген таусылмас несібесі.
Ит — Адам Ага мен һауа ананың алғашқы серігі.
«Жеті нәрсеге асық»,дейді даналық:
Келген қонаққа дастарқан жаюға асық.
Қателігіңе кешірім сұрауға асық.
Қарызыңды өтеуге асық.
Қазалы жанды көруге асық.
Науқас көңілін білуге асық.
Білмегеніңді сұрауға асық.
Білгеніңді айтуға асық.
Ұрпақтан ұрпаққа ұзақ жол тартқан «жеті» санының киелі шарпуын байқатады емес пе?! Тағы «Жұт жеті ағайынды»дедік емес пе, жұт: мал қырылу, қуаңшылық, зілзала (жер сілкіну), оба (індет), сел (топан су), өрт, соғыс; оған қоса: содыр (сегіз), салақ (тоғыз), олақ (он), жалқау (он бір), қорқақ (он екі) болатын алдынғы «жетеуі-апаг», ал адам баласында кездесетін соңғы бесеу (содыр, салақ, олақ, жалқау, қорқақ) жаман-«кесапат» деп аталады, немесе «жазғанның қаһарына ұшырап, болған «апатты» - «нәубет» десе, ел басқарған кержіктердің қалыққа істеген зұлымдығынан болған» кесапатты» - «зұлмат» деген. «Жеті апат» пен «бес кесапатты» «он екі апат» деп те атаған, демек бұл сұмдықтардың бір мүшел жаспен үзеңгілес болуы мүмкін де екен-ау.