Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады



бет61/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   110
Киіктің матауы. Үркер шоқжұлдызы каңтардың 11-де бататын болса, киіктің матауы да Үркер батқан кыс айына тап келеді, мұны киіктің үйірге түсуі немесе, текебұрқылдақ деп те атайды.

  • Қыс тоқсан (тоқсанның кіруі), бұған желтоқсан, қаңтар, ақпан секілді кыс айлары жатады. Бұл үш тоқсаннын түсуі, басқаша айтсақ, қыстың түсуі деп аталады.

  • Ай тоғамы. Үркер мен Айдың қатар тоғысуы, тұтас келуі. Ай тоғамы дәл сол кез екен. Бұл тәрізді жеті амалды білдіретін тұрақты тіркестердің мағыналарын екінің бірі жыға танып, біле бермейтіні анық. Сондықтан кыскаша баяндай кетуді дұрыс көрдік.

    Иә, «жеті амал» жаман болған жоқ, қыс, сірә, жайлы болар» —дейді қариялар. «Жеті амал» атауын байырғы кезде, көбіне есепші-жұлдызнамашылар (астрономдар гороскоп) қолдана білген. Олар табиғаттың сан алуан құбылыстарын жіті көзбен бақылап,бағдарлай отырып, ауа райы туралы ұзақ мерзімді болжаулар айта білген. Жұлдызнамашылар жұттың болатынын алдын ала біліп, елді сақтандырған,- дейді Ы. Алтынсарин «Жұт» туралы еңбегінде.
    Мұндай болжамдардың шаруа адамдарына тигізер көмегі аз болмаған. Қыстың қатты, не жұмсақ, болатындығын,көктем қалай өтіп, жаздың қалай туатынын, жаздың кандай күйде болатынын, жауын-шашын мөлшерін шаруа адамдары есепшілерден сұрап, біліп отырған. Ұлыбике қыз бен Күдері Қожаның айтысында:
    Ақтайлаққа жүк арттым қатар - қатар,
    Шудасы шөгіп жатса шаңға батар,
    Қауыста - қарашамен қаймақшиды,
    Жеті тоқсан айында дария қатар,— деп жеті амалдың бірін өлең жолына қосады. Тоқсан - үш ай, 30 күннен. Бұл жерде жеті тоқсан деп - желтоқсан, қыстың бірінші айы, үш ай жаз, үш ай күз, соңынан келетін қыстың бірінші айында дария қататыны, алдынғы айында қаймақшып тоңазитыны есептелінген.
    Жеті мен тоғызға байланысты сөздердің біршамасы бұрынғы заманнан келіп жеткен мақал-мәтел болып қалыптасқан сөздер, мәселен: «Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді»; «Жерден жеті қоян тауып алғандай қуандым»; «Жетімнің құрсағы жеті қабат»; «Алып алты, жеп жеті болмайсың», иәки атаңа жетердей кемелдену, баю болмас, бәрібір, ешкімнен аспассың деген мағына бар. Ал, қазіргі көзбен қарасақ: қанша алып - жесең де ел аспассың, білімсіз ешкімнен озбассың деуге болар;
    «Кедейдің жеті қаңтаруы (кесірі) бар»,-дегенде, байларға, үстем тапқа бас имеу, берілмеу сияқты кесір, тосқауыл мағынасы бар. Ал, қазіргі кезде ойласақ, кедейлік мәнсұқ емес, адамгершілігіме жетері жоқ, ақшам болмаса да, ақылым бір басыма жетерлік,— деген мағына тұр. Әрине, кедейдің де кердеңі болады ғой, ол - мінез, ақшаға кедей болсам да, көңілге баймын дерлік сөз ғой. Жетімнің құрсағының тойымсыз болуы әбден рас. Жетім бала тамақа көзін сатып босағада тұрған, ол төрде отырып тамақ толы табаққа күнде қол салып отырса өйтпес еді ғой, жетімдігі жеті атасына созылары анық. Өзі әке болды, оның белбаласы, немересі, шөбересі, шөпшегі... неменесі. Олар бес атаға жеткенше 65-75-терде болады, сонда 70-80-ге келген адам жеті атаға жетіп отырғанда, сүйегіне сіңген жетімдікте сол жасқа келеді емес пе?!
    Сол сияқты қазақ қорықса, шошынса «жеті нан құдайы» берген (жеті шелпек), қырсықтан, жамандықтан арылу мақсатында. Мұның негізінде аруаһты риза етіп, жүрегін тазартып, тыншу, раһат табу пиғылы жатады білем. «Жеті» санының ұғымда кең қолданылып отыруы үлкен дәлдіктермен есептеу жолдарын білуден, үлкен ауқымды, толғамды ғылыми дәлдікте қолданылып отырған. Өмірге керек затты, түрлі амалды, істі «жеті» мен жетелеп отырған. Мәселен, аңшылық, ит жүгіртіп құс салуда қазақ алдына жан салмаған, иаки, ит -«Жеті қазынаның бірі» деп қосады. Бұл жөнінде пікір таласы да баршылық. Ол жеті қазына, «Жігіттің жеті қазынасы»:

    1. Жүйрік ат (лошадь скакун) - жігіт қаны, қанаты;

    2. Қыран бүркіт (сильный, ловкий орел) - қарым-күші,қуаты;

    3. Құмай тазы (гончая собака) - бастан берік сенімі;

    4. Берен мылтығы (хорошее стальное ружье) – сөнбес оты, серігі;

    5. Алмас кездік, қара қақпан - жігіт сұсы, мысы;


    Каталог: admin -> files
    files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
    files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
    files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
    files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
    files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
    files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
    files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
    files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
    files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
    files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   110




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет