Керегіңді ал білгенінді қос, дейді. Данышпандар дариясының солмайтынын, шынайы шындықтың тозбайтынын паш етіп, ұсынады


Қазіргі сәтте адамзат баласы дамудың



бет72/110
Дата06.02.2022
өлшемі392,72 Kb.
#48663
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110
Қазіргі сәтте адамзат баласы дамудың
Қай деңгейінде деп ойлаймыз?
Бұл сауалға жауап бере алу үшін «Адам тану ілімі» жайлы көбірек оқып, біліп, есті бола жүру қажет шығар. Әркімнің дағдыры өз қолында,-деген осы болар. Жер бетіне неге келдік, кім жіберді деп те, ойлана түссек дұрыс-ау!
Сонымен жер бетіндегі жан дүниені кемеліне келтіріп, тіршілікке деген шексіз маһаббат жинап, бойға сіңіріп, ілім мен білім төрінен орын алып, білгеніңді Әлемге қайтып беру үшін жаралған болармыз (Б.Т.). Әрине, бұның бәрі қас қағым сәтте бола қояр іс емес қой. Кезегімен келетін, жан-тәніңмен жұмыс атқарып, жеті жанды жетілдіру мақсатында болу. Жеті жанды жетілдіруде «көздердің» де (көз) көмегі көп болмақ, иаки, екі қас арасында, маңдай тұста, қарақұста жасырын орналасқан (үшінші, төртінші, бесінші) көздер бар дейді. Әрине бұл кереметтер біз үшін тылсым жұмбақ. (Ойға оралатыны: біреудің өзіңе қарап тұрғанын сезінесің немесе артыңда біреу барын сезініп, жалт қарайсың, сен туралы біреудің сөзуарын естігендей боласың, т.б. қунатын да, түршігетін де сезімдерді солғын да болса пайымдайсың). Үзіліс болған жетпіс жеті жыл бізге мұны білуге де, уйренуге де, түйсінуге де мүмкіндік жасамады, білдірмеді, тіпті бәрін өтірікке шығарып, ойды тежеп, қуатты кемітіп отырмады ма. Әлі де біліктілігі аз жандар дүние ғажайыптарына сене қоймай түрлі қатып қалған (догма) жасандылықтар айтады. Біз, тек, орыс тілін үйреніп, сөйлеуге ғана төселумен болдық емес пе? Нелер ғажайыптан, жер асты, су асты, тау шатқал, үңгір ғажаптарын білмей өстік, аспан әлемін түсінбедік, жұлдыздардың да толық атауларын, қалай орналасқанын білмедік, тек, ата-анамыздан естіген шала білімде болдық, себебі біз ашаршылық, соғыс сияқты зұлматта туған балалар едік. Ал біздің арғы бабаларымыз оқу оқымай- ақ білімді, көкірегі ояу, салауатты-салтты, жан-дүниелері терең, чакраның барлық сипаты жан бойында жетілген, жады жарылқап, ілім-білігін ғасырдан-ғасырға жеткізіп, саналылыкқа тәрбиелеп отырған Ұлы дала саңлақтары болды.
Құрметті Болашақ! Сөзімді сіздерге арнап отырмын. Менің білмегенімді, үлгермегенімді ұрпағым ұғып, жалғасын тапсын деген ойым, құлаққағысым, естілерің еске алыңдар!
Мектеп бітіріп, құжат алу білім емес, сауаттылық қана; жоғарғы оку бітіру білім емес, оң солыңды танып өмір сүруге жолдама ғана. Сауаттылық пен білімнің, біліктілік пен тәжірибенің арасындағы айырманы да, ұқсастықты да, тамырластықты да анық айыра, ажырата білуге тырыс! Ол-білім!
Кеңестік кезең ұрандаған топ, тобырдың тегісшілдігі ғана. Әр кезеңнен бір жақсылық ала жүріп, болашаққа өткізсең, дәуір дәуірлейді,- деп біл. Мұндайда Қазекемнің: «Бәрі де Аллаһның әмірінен» дейтіні бекер емес болар, анық сөз. Сондықтан да қалық аузында мынадай идиом сөздер бар: «Жеті насырым жерге кіріп, бетімнің суы бес төгіліп»,- дейді, Мұндағы «насыр» өте ірі, тым үлкен шатақ, деген мағынада, иаки баруын барсам да жұмыс насырға (жанжалға, шатаққа) шапты, қатты ұялып, жер болып қайттым деп мағыналанады. Иә, Болашақ ұятқа қалдырмас деп сенемін.
Ағайын, қосарларыңыз болса, құптаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет