Үш қуат: 1. Ақыл қуат. 2.Жүрек қуат. З.Тіл қуат.
Үш ғайып: 1 .Ажал ғайып. 2.Қонақ ғайып. З.Несібе ғайып.
Үш арсыз: 1 .Ұйқы арсыз. 2.Тамақ арсыз. З.Күлкі арсыз.
Үшдаусыз:1.Мінез. 2.Кәрілік. 3.Ажал
Үш кадрсіз: 1.Жігіттікті қастерлемеу. 2.Денсаулықтыбағаламау. З.Жақсы жарды қадірлемеу.
Үш жамандық: 1.Нақақ қан төгу. 2.Кісі малын нақақ алу. 3.Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш қанағатшыл:Ақымақ өткенімен қанағаттанады.Шала есті келешегімен қанағатшыл. Ақылды бүгінімен қанағаттанады.
Үш жақын : 1. Жан тәтті. 2.Мал тәтті. З.Жар тәтті.
Үш көз: 1.Су анасы - бұлақ. 2. Жол анасы - тұяқ. 3. Сөз анасы - құлақ.
Үш тоқтам: 1. Ақыл - арқан. 2. Ой - өріс. 3. Адам - қазық.
Үш алыс: Жер мен Көк алыс. Кәрі мен Жас алыс. Жақсы мен жаман алыс.
Үш із: 1.Бала — артта қалған із. 2. Бақыт - ұзатылған қыз. 3.Байлық - қолға ұстаған мұз, дүниенің қызығы - Сіз бен Біз.
Үш сөз: Ақыл - арқан, ой - тұсау, адам - қазық. Үш пәк: Аспандай ашық; Тұңғиықтай тұнық; Нәрестедей пәк. Үш бунақ : Қалық ауа райын сабақтас басқару үшін бір жылды «Үш бунаққа» - жылы, ыстық, суыққа бөлген. Бас бунақ - қара қатқақ, ашшы өзек(шамамен ақпанның 9 - нан маусымның 9- на дейін), Орта бунақ - тұяқ терлеп, қой күрлеп, деп аталған (шамамен маусымның 9 - нан қазанның 9 -ы аралығы); Аяқ бунақ - тоқты тоймас, шөміш кеппес, деп аталған (шамамен қазанның 9 - ы мен ақпанның 9 - ы аралығы), *«Төрт» санымен келеті өсиеттер де баршылық: «Әлемнің төрт негізі», «Төрт құбыла», «Төрт таған», «Төрт тұрман», «Төрт тоқсан», «Төрт сәуегей», «Көктен түскен төр қылыш», «Төрт табақ тарту», «Төрт тұлға», «Төрт маусым», «Төрт тоқсан», «Төрт түлік», «Төрт мұрат», «Төрт мүлік», «Төрт қорлық», «Төрт һалифа», «Төрт Періште»,«Төрт пір», «Төрт күнә» Әлемнің төрт негізі: Топырақ. Ауа. Су. От
Төрт сәуегей: Тамыршы. Жауырыншы. Есепші. Құмалақшы.
Төрт тұрман: Ер тұрман. Мүкәмәл. Жау жарақ. Бес қару.
Төрт кітап:Тәурат-Мұсаның кітабы. Зәбүр-Дәуіттің кітабы.Інжіл -Исаның кітабы. Құран - Мұһаммедтің кітабы.
Төрт қылыш: һәмһам. Сәмсам. Зұлһыжа. Зұлфыһар. Төрт тоқсан: Қазақ қалқы бір жылды төрт тоқсанға бөліп
көшіп қонып отырған: Жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста
қыстауға,көктемде көктеуге көшіп қонған.