*Бессаныменкелетін: «Бесбақыт», «бессезім», «ғылымның бес тілі», «бес асыл», «бес дұшпан», «бес парыз»,«бес уақ намаз», «бес топ», «бес түлік түрлері» және «бес қонақ». Қазақ қалқының астрологиялық жұлдызнама білімі ертеден - ақ анық та, дұрыс жетілген. Ел аралап, жер шола жүргендегі қолдарындағы (адрес) мекен-жайы жұлдыз, жер, су, ну, тау атауларымен үлкен есеп жүргізіп отырған. Сол себептен бір жылды алты ай жаз, алты ай қыс деп бөлген. Әр айда отыз күн болған. Жыл аяғында артық бес күнді «бес қонақ» деп атаған. Осы қыс пен жаздың қақ ортасындағы «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып тұратын «бес қонақты» қазақ есіне қатты алып бағалаған. Мұны «жуанның жіңішкерер, жіңішкенің үзілер арасы», деп, оны «өліара» дел атаған. Өліараны өткізбей жолаушы жолға шықпаған, той-жиын жасалмаған, мал сойылмай қонақ шақырылмаған. Қыстан қалған сүр, пісастарын соза-тарта өлара кезеңін аман-есен өткізіп салған. Осы «бес қонақ» күн өмірдің есебінен қалыс қалмай отырып, қайтыс болған адамдардың әр отыз жасына бір жас болып есепке кіріп, 60 та (62-ден 63-ке қаратып, 70-те 72-ден 73-ке, 90 -да 93-тен 94-ке қаратып жерлеп отырған. Бұл есептің бәрі 22-наурыз - бірінші ай - жыл басы есебінен басталатын болған. Қыс керуені қаңтар-он бірінші ай болып келген. Кеңес заманында он бірінші ай-қараша (ноябрь) делінген. Сонда, XI -айда туған бала оз жасынан он бір ай кіші болғаны ғой. Әрі наурыз күнінің есебінде 22 күнге не артық, не кем боп тұрады. Біздің жобалауымызша «бес қонақ», «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер кезі» осы «өліара», ескіше ақпанда жұлдыздың екі жаңасынан басталады білем. Бұрынғы есепте айдың жүрісі отыз, отыз бір күн болмайды, жұлдызбен есептелінген; таңның атып, күннің бату аралығында жылында бес күн қалыс қалатынын қазақ есепші астрологтары өте дәлдікте біле алған. «Күнім өтіп барады деп, жылаған қазақ» күннің бір тұтамын да бос жоғалтпағанының дәлелі осы болар.
Өліара өтісімен үй қора тазаланып, кір қоқыс жуылып шайылып, бүр бұзылып (бүрілген соғым сар маңызы) Жыл басы-Жаңа жылға дайындық басталады. Жаңа жылды өткерген соң, жыл соңының қара суығына бала-шаға, мал-мүлікті ұрындырмас үшін жылнамалардың есеп болжамын бағамдай отырып, сәуірді еңсере, мамырда мамырлай көшігі, жер қайысқан гүл мен шалғынға қона бастаған. Бір жыл ерте, бір жыл кеш көшу мәнісі осы жұлдыз жорамалда жатса керек.
Жазғы жайлауды қырық-елу шақты күнде, топырағын шаңытпай, көгалын тоздырмай ауыстырып отырған. «Жерді тоздырып, гүлін солдырып, көгалы өліп, жердің шаңы шықса, малға қолайсыз, адамға жәйсыз болып, түрлі науқас пайда болмас үшін, үнемі қоныс аударып отырған. Жаңа жердің түрі кілемдей жәйнап, шаңсыз, дәрі шөптерінің исі аңқып, сар саумал исіне қосылғанда көңілің елітіп, денең сергіп қалушы еді»,- дейтін анам бір әңгімесінде.
Бес парыз: Құдайдың бірлігі мен Мұһаммедтің пайғамбарлық қасиетін мойындау.
Намаз оқу. Ораза ұстау. Қайыр садақа беру. Иман және Иһсанда (адамгершілік және раһымшылықта) болу