92
қолданылатын стереотипті немесе аса жеңілдетілген түрде ұсынуға алып келеді. Жур-
налист тарапынан бұл әрекет қасақана да, абайсызда да жасалуы мүмкін. Бұл ақпарат
алушының (оқырман, көрермен немесе тыңдарман) интерпретациясы болуы да мүмкін.
Егер медиа және өзге де ақпарат берушілер қолдау көрсету, қақтығыс тудыру, кемсітуді
білдіру құралы болса, олар өздерінің істеріне өзге де әлеуметтік субъектілермен бірдей
жауапкершілік алулары тиіс. Басқа жағынан алып қарасақ, медиа қоғамдық дебаттың
платформасы болып табылады, және бұл статуста олар пікірталастар мен ақпаратты
қандай да бір партия не мемлекет тарапынан ешқандай тексерусіз беруге құқылы.
Медиа және өзге де ақпарат берушілер әлеуметтік контекстте жұмыс істейтінін және
бұл әлеуметтік контекст аясында әлеуметтік серіктес болатынын ұмытпау керек. Қоғам
медиаға әсер етеді, бірақ медиа да қоғамға әсер етеді. Белгілі медиа жұмыс істейтін
нақты ұлттық контекстіні тереңірек талдау керек.
Медиа және ақпараттық сауатты болуға ұмтылуда біз медиа бейнелерді немесе
өкілдіктерді оқып үйренуіміз керек және тек оқиғалармен қамту және медиа мәтінді
талдау ғана емес, сонымен қатар бұл басылымда бар және біз байқамайтын контекстіні
де қарастыру қажет. Қоғамды басқару және қоғамдық өмірді реттеу бойынша үлкен
мүмкіндіктерге ие бола тұра, медиа сюжеттердің түрлі нұсқаларын ұсына отырып,
қоғамды бейнелейтінін түсіну маңызды.
Медиадағы көптеген салалар түрлі аймақтарда өз еріктерімен медианың сенімді және
әртүрлі мазмұнға деген міндеттемесін қамтамасыз етуге арналған плюрализм кодекстерін
әзірлеген. Медианың көптеген салаларында ұлттық немесе этникалық тиесілілік, жас,
жыныс, физикалық қабілеттер немесе отбасылық жағдайға байланысты кемсітетін неме-
се жала жабатын материалдарды қолдануға тыйым салатын этикалық кодексті ұстанады.
Бұл модуль келесі негізгі сұрақтарды қарастыруға арналады: дұрыс емес репрезен-
тациядан кім жеңеді және бұл жағдайда кім жеңіледі, оқиғаларды беру біздің өзіміз
және өзгелер туралы ойға қалай әсер ететінін, біздің біліміміз бен қоршаған ортаны
түсінуімізге қалай әсер ететініне бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: