94
●
Телевизия мен газеттерде берілген ақпараттарды сипаттаңыз.
Көп кездесетін
суреттерді таңдаңыз. Түсіру нүктесін, сурет композициясын, кадр типтерін, кадрде
кім немесе не бейнеленгенін ескере отырып, бұл
репрезентациялардың қалай
пайда болғанын анықтаңыз;
●
Бұл суреттер бізге не айтады? Қандай оқиғаны баяндайды?
Бұл суреттердің
қоғамдық мақұлдаудан өту мүмкіндігін бағалаңыз. Аудиторияға қандай әсер етуге
қабілетті? Суреттердің көрерменге берген әсері мен оқиғаға қатысын талдаңыз;
●
Сурет ретінде берілген ақпарат адамдардың есінде қала ма, соны талқылаңыз.
Сурет тердің біздің жадымыздан визуальді бейнелері жоқ ақпаратты өшіру қабілетін
қарастырыңыз. Бұл азаматтық ұстанымды дамытуда қандай салдары болуы мүмкін?
ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ЖӘНЕ ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҚТAРЫ
Даму бойынша халықаралық ұйымдардың (қатарында БҰҰ да бар), ұлттық үкіметтер
мен аймақтық билік органдардың және азаматтық қоғам ұйымдарының күн тәртібінде
гендерлік сұрақтардың маңыздылығы өсуде. 1995 жылы әйелдер жағдайы туралы
БҰҰ 4 Халықаралық конференциясында қабылданған
Пекиндік декларация мен
Әрекет платформасы медианың қоғамдық өмірдің барлық салаларында гендерлік
теңдікті қорғаудағы басты рөлін атап өтті. Барлық мүдделі тұлғалар «әйелдерге деген
стереотипті көзқарасқа және әйелдердің коммуникациялық жүйелерге, әсіресе ме-
диа жүйелерге қол жеткізудегі теңсіздікке» қарсы күштерді біріктіруге шақырылады.
Медиа мен өзге де ақпарат тасушылардың (мысалы, кітапханалар,
мұрағат және
интернет) Декларацияда тұжырымдалған мақсаттарға жетудегі рөлін атап өту ке-
рек. Оқу аудиториясында пікірталас ұйымдастырып, келесі сұрақтарға жауаптарды
талдаңыздар: медиа және өзге де ақпарат тасушылар жыныс ерекшеліктерін есепке
алатын сұрақтарға реакциясын өздерінің қабілеттеріне қалай дұрыс баға бере ала-
ды, азаматтық қоғам өз кезегінде олардың реакциясына қалай баға береді; медиа
гендерлік теңдік мәселесінде тек ақпарат аударушы ғана ма әлде Пекиндік деклара-
цияны жүзеге асыратын субъектілердің бірі ме?
Көптеген жылдар бойы бүкіл әлемдегі қызығушы тұлғалар гендерлік теңдік пен әйел
құқықтарына байланысты сұрақтарды шешудегі медианың
рөлінің өсуіне назар
аударған. Медиа және ақпараттық сауаттылық медиа және ақпараттық жүйелердің
тұтынушыларына қажет және медианың жыныс сұрақтарына баса назар аудара
қарауға әсер ете алады. Медиа және ақпараттық сауаттылықтың арқасында аудито-
рия (оқырмандар, көрермендер, тыңдармандар) медиа және ақпараттық жүйе лерді
бағалауға қажет құзыреттілікке (білім, дағдылар және өнімділік) ие болады.
●
Оқытушыны кішігірім зерттеу жүргізіп, төменде берілген кейбір сұрақтарға жа-
уап беруін сұраңыз. Сіздің еліңіздің медиа ұйымдары
медиа және ақпараттық
сауаттылықты қолдаумен айналыса ма? Ол жұмысты қалай жүргізеді? Ол жұмысты
атқаратындығын қандай фактілер растайды? Егер мүмкін болса, сөздеріңізді
мысалдармен растаңыз. Медиа және ақпараттық
сауаттылық гендерлік теңдің
сұрақтарын шешуде қалай көмектесе алады? Сіздің еліңіз бен қалаңызда
гендерлік теңдік сұрақтары бойынша қандай жергілікті дамыту бағдарламалары
жүзеге асырылады? Бұл бағдарламаларды жүзеге
асыруда қандай мәселелерге
тап боласыз, бірнешеуін атап өтіңіз. Медиа және өзге де ақпарат тасымалдаушы-
лар бұл жобаларға қаншалықты көп қатысады? Гендерлік теңсіздік сұрақтарын
Достарыңызбен бөлісу: