93
1-
БЛОК.
ОҚИҒАЛАР ТУРАЛЫ РЕПОРТАЖДАР МЕН
БЕЙНЕЛЕРДІҢ ӘСЕРІ.
ҰЗAҚТЫҒЫ:
3 сaғaт.
НЕГІЗГІ СҰРАҚТАР
Кейс-стади: оқиғалар туралы репортаждар.
Визуальді бейнелердің күші.
Табиғи апаттар туралы ақпарат беру.
Гендерлі аспектілердің репрезентациясы.
ОҚЫТУ МAҚСAТТAРЫ
Бұл модульді меңгергеннен кейін оқытушылар:
жаңалықтарда нақты оқиға туралы ақпараттың репрезентациясын талдай білу;
басты медиа таратушы хабарламаларымен салыстырғанда
балама сипаттауды
ұсынатын репортаждарды талдау;
ақпараттың берілу тәсілдерінің
аудиторияға әсерін бағалау;
медиа мен ақпараттық жүйелердегі гендерлік сұрақтардың берілуін талдай алулары
керек.
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ПРAКТИКAЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ
Визуальді медиаға деген тәуелділігімізге байланысты сыншылар медиада белгілі
оқиғалардың,
соның ішінде, табиғи апаттардың қалай берілуіне алаңдайды. Ме -
диада ағымдағы оқиғалар мен мәселелер қалай берілетінін талдап, осы алаңдаушы-
лықтардың қаншалықты ақталғанына баға беріңіз. Табиғи апатқа ұшыраған адам-
дардың бейнелерін көрген кезде алатын әсерді талқылаңыздар. Негізгі және балама
медианың журналистері оқиғалардың эмоционалдық әсерін жеткізу үшін
қандай
тәсілдер қолданатын қарастырып, ойланыңыз.
Жаңалықтарда берілген апатты оқиғаны, мысалы, Гаитидағы жер сілкінісі, Азиядағы
цунами немесе Руандағы геноцидті қарастырып, талдаңыз. Сіздің зерттеуіңіз жаңа-
лықтарда берілген суреттер, берілген оқиғамен байланысты адамдар мен мәселелер
репрезентациясына сүйенуі керек. Мұғaлімдер Интернетте іздеу жүргізуіне бaй-
лaнысты бұқaрaлық aқпaрaт құрaлдaрындa пaйдaлы нұсқaсын тaңдaуғa болaды.
Оқиғалар мен репрезентацияларды егжей-тегжейлі талдау үшін төмендегі кеңестерді
пaйдaлaныңыз:
Достарыңызбен бөлісу: