102
United Nations Fourth World Conference on Women, Beijing Declaration and Platform for
Action (1995):
http://www.un.org/womenwatch/daw/beijing/platform/.
International Federation of Journalists (2009). Getting the balance right: Gender Equa -
lity in Journalism: Brussels, Belgium:
http://portal.unesco.org/ci/en/ files/28397/
12435929903gender_booklet_en.pdf/gender_booklet_en.pdf.
World Association of Christian Communication (2010). Who Makes the News?
Global
Media Monitoring Project: Toronto, Canada:
www.whomakesthenews.org.
International Women’s Media Foundation (2011). Global Report on Status of Women in
the News Media: Washington, DC, USA:
http://www.iwmf.org/pdfs/IWMF-global-Report.
pdf.
3-мо
ду
ль
103
4-мо
ду
ль
4-
МОДУЛЬ.
МЕДИА МЕН АҚПАРАТ
ТІЛІ
«Тіл – түсінбеушілік көзі»
Aнтуaн де Сент-Экзюпери.
ПРЕАМБУЛА
«Байланыс құралдары – бұл хабарлама»
–
бұл кеңінен танымал сөз Маршалл Маклюеннің
қаламына тиесілі және 1964 жылда жазылған. Хабарламаның қалай қабыл алынуы-
на, тұтынушылардың тәжірибесіне, аудиторияға байланыс құралдары әсер ете алады.
Медиа және ақпараттық сауатты адамға айналу жолындағы
бірінші маңызды қадам
– ақпарат, идея және олардың мағынасы түрлі медианың және өзге де ақпараттық
қызметтердің көмегі арқылы берілуін түсіну. Әрбір ортаның мағынаны беруге жұмыс
істейтін өзіндік «тілі» мен «грамматикасы» бар. «Тіл» бұл мағынада техникалық құрылым
мен символдарды немесе кодтар
мен белгілеулерді білдіреді, оларды медиа және
ақпарат саласындағы мамандар таңдап, идея, ақпарат және білімді беруге пайдалана-
ды. Техникалық кодтар дегеніміз – дыбыс, түсірілу нүктелері, сурет түрлері және жарық.
Бұл, мысалы, көркем фильмде қауіпті жағдайды беретін
қорқынышты музыка неме-
се күштілік сезімін қалыптастыру үшін кеңбұрышты объективке жасалған суреттер.
Кейіпкерлердің тілі, киімі және мінез-құлықтары символдық кодтар болып табылады.
Бұл әркімге түсінікті канондық символдар болуы мүмкін: раушан гүлі – махаббат симво-
лы, түйілген жұдырық – ашудың символы. Медиадағы сөз сөйлеу қайталанатын сөздер,
тіркестерді немесе вербальді, визуальді тіл ретінде саналатын суреттерді қамтиды.
Медиа тілін үйренгенде негізгі 3 сұрақты қарастыру керек:
тіл медиа аудиториясына
қаншалықты түсінікті; медиа және ақпарат саласында жұмыс істейтін адамдар қандай
басты кодтар және белгілерді қолданады; әртүрлі адамдар бір мәтін немесе ақпараттың
бір бөлігінен түрлі мағына ала ала ма?
104
Бұл модуль оқытушыларды медиа тілінің түрлі стильдері арқылы білім алуға, ақпараттың
немесе идеяның өзіндік интерпретациясын байланыстырып, үйретуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: