113
2-
БЛОК.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖAРНAМA
ҰЗAҚТЫҒЫ:
3 сaғaт.
НЕГІЗГІ СҰРAҚТAР
Әлеуметтік жарнамалар хабарландыруларын талдау.
Әлеуметтік жарнама жасау мен жоспарлаудағы шығармашылық процесс.
ОҚЫТУ МAҚСAТТAРЫ
Бұл модульді меңгергеннен кейін оқытушылар:
ақпарат беру құралы ретінде әлеуметтік жарнамадағы
хабарландыруларды талдау;
таңдалған тақырып бойынша әлеуметтік
жарнаманың жоспарын құру;
әлеуметтік жарнаманың коммуникациялық стратегиялар мен хабарландыруларының
жарнама мен ақпарат берудегі әсеріне баға беріңіз.
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Басшылық /периодически/ медиа арқылы мемлекеттік саясаттың белгілі бір мақсатына
жету үшін азаматтармен байланыс орнатуға ынта білдіреді. Бұл жағдайдағы классикалық
мысал ретінде қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы компанияларды айтуға болады.
Бұл әрекеттер әлеуметтік жарнаманы таратуды көрсетеді.
Берілген мысалдарға сүйене отырып, әлеуметтік жарнаманың маңызы мен мақсатын
талқылаңыз. Бұл жолдаулардың коммерциялық
жарнамалардан айырмашылығын
түсіндіріңіз. Әлеуметтік жарнаманың қызмет саласына
кіретін сұрақтар тізімін
құрыңыз. Сіздің аймақта әлеуметтік жарнама не үшін қолданылатынын анықтаңыз.
Келесі сайттардың біріне кіріңіз:
●
http://www.un.org.za/public-service-announcement-on-the-effects-of-drugs
●
http://www.unodc.org.unodc/en/human-trafficking/human-trafficking-public-
service- announcements.html
●
http://saloproductions.com/public-service-announcements/psa-samples.php
Әлеуметтік жарнаманың бірнеше хабарландыруын – баспа және бейне – талдаңыз
және олардың негізгі сипаттарын талқылаңыз. Бұл хабарландырулар арқылы берілген
негізгі ақпарат
пен ұсыныстарды анықтаңыз, олардың калай берілгенін талдаңыз.
Техникалық және шығармашылық стратегияларды талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: