Маркетингтің жарнаманың сипаты Жарнама ̶ маркетингтің бір бөлігі. Маркетинг ̶ тұтынушылардың не қалайтынын, олардың қажеттіліктерін қалай қанағаттандыру керектігін түсіну үшін қажет. Маркетингтік жарнама өнімді жай сайтпайды, оған деген қажеттілікті қалыптастырады. Өнімге деген қызығушылықты тудырады, оның пайдалылығын дәлелдейді және артықшылығын көрсетеді. Мысалы, профессор Мукук Исмет маркетингтік жарнаманы компанияның ұмтылысына қарай жіктейді. Исметтің айтуынша, жарнаманың үш мақсаты болуы мүмкін:
Хабардар ету мақсаты - бұл өнімді жылжытудың бастапқы кезеңінде өте маңызды.
Сендіру мақсаты - бұл бәсекелестік басталған кезде маңызыды.
Еске түсіру мақсаты - мұндай мақсат бұрынан белгілі өнімді насихаттаған кезде қойылады.
Профессор Мукук Исметтің еңбегін негізге ала отыра Павлодар қаласындағы маркетингтіктік жарнамаларға зерттеу жүргіздім. Сәйкесінше, қала көшелерінен көздеген дүниемді таптым. Бірақ айта кететін жайт, танымал жарнама беруші компаниялардың дизайнмен жұмысының әлсіздігі, креативтің жеткіліксіздігі, жарасымды етіп жасалмаған жарнамалар көзге оттай басылды. Таңдап алған жарнама тексттерін пайдаланып, өз дизайным арқылы жасап көрдім. Зерттеу объектісі ретінде «WOLT» тегін жеткізу қызметі, «FUR KING» сыртқы киім дүкені, «DODO PIZZA» фаст-фуд өнімдері, «Лосось №1» балық дүкені, «КУС-ВКУС» тауық еті дүкенін алдым.
Зерттулерді тұжырымдай отыра жарнамалар 5 түрге жіктелді:
тұтынушыға өнім туралы хабарлаушы;