99
«Біздің мақсатымыз – фильмдер мен телевизияда көрсету үшін әртүрлі көзқарастарды
білу. Экранда берілген көзқарастардың санын арттыру – біреудің көзқарасын тартып
алуды білдірмейді. Бұл экран бетінде көп бағдарлама ойлап тауып, олардың сапасын
арттыруға рұқсат етеді». (Джоан Пеннефазер (Joan Pennefather) – Канаданың ұлттық
фильмдер Комитетінің төрағасы (алғашқы әйел). «Maclean’s» журналы, 29 наурыз
1993 г.)
●
Голливудтың блокбастерлердің баламасы болатын
провинция тұрғындары не-
месе жергілікті қауымдастықтың ұйымдастырған түрлі медианың веб-парақша-
ларына кіріңіз. Бұл медиакомпаниялар мен ұйымдар ұсынатын оқиғалар жина -
ғын қарастырыңыз. Олардың оқиғаларын Голливудтың фильмдерде айтылған-
дарымен салыстырыңыз. Бұл «тәуелсіз» ұйымдардың құндылығын бағалаңыз.
●
Кино және телевизия индустрияларын қарастыратын
компаниялардың көрер -
мендер алдындағы жауапкершілігін талқылаңыз. Неліктен барлық көрермен -
дер өзін және өзінің тағдырын экраннан көрулері тиіс? Оқиғалар мен репрезен-
тациялардың түрлі аудиторияларға әсерін талқылаңыз.
Мамандандырылған
каналдар, интернет-сайттар, блогтар және жаңа
технологиялардың әңгімелеу
өнеріне әсерін және аудиторияға баламалы репрезентацияларды ұсынуды
талдаңыз.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
Жаңа телебағдарламалар
мен көркем фильмдерді талдау;
Техникалық жаңалықтардың контент пен репрезентацияға әсеріне баға беру;
Мемлекеттік және жекеменшік кинокомпаниялардың
қызметін талдау және баға
беру.
4-
БЛОК.
РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ МЕН МУЗЫКAЛЫҚ
КЛИПТЕР
ҰЗAҚТЫҒЫ:
2 сaғaт.
НЕГІЗГІ СҰРAҚТAР
Музыкaлық бейнеклиптерді тaлдaу.
Репрезентация.
Музыкa және әлеуметтік өзгерістер.
Сюжеттерді пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: