100
ОҚЫТУ МAҚСAТТAРЫ
Бұл модульді меңгергеннен кейін оқытушылар:
раскадровка жасап, музыкалық
бейненің сценарийін жазу;
жыныс, ұлт сұрақтарының репрезентациясына баса назар аударып,
музыкалық
бейнені талдау;
«альтернативті» музыкадағы репрезентацияны талдау;
альтернативті медиа мен медиа мейнстримдегі репрезентацияларды салыстыра білу
керек.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК
ТАПСЫРМАЛАР
Қоғам өмірінің барлық салаларында музыканың ролі маңызды. Музыканы жиі ойын-
сауық санайды, бірақ ол көптеген діни және мәдени әрекеттерде маңызды рөл атқарады
және саяси шайқастарда жиі қолданылады. Музыканың әртүрлі аудиторияларға әсерін
түсіну – медиа және ақпараттық сауаттылықтың бір бөлігі.
Интернеттен заманауи музыканттардың
бейнеклиптерін тауып, талдаңыз. Негізгі
идеялары мен таңдалған музыкалық бейнеклиптердің маңызын талдаңыз.
Сіздің
талдауыңызда:
●
Ән мәтіндерінің мазмұнын оқу, оның бейнеклиппен сәйкестілігін қарастыру.
●
Бейнеклиптің техникалық құрылысын қарастыру: түстің, жарықтың, өзгертулердің
(жылдамдық, эффект, музыкалық сүйемелдеу), спецэффектілердің
және аудио-
видеокомпоненттердің сәйкестілігінің қолданылуы.
●
Бейнеклипте көрсетілген әлеуметтік сұрақтарды қарастыру. Бейнеклипте қоғам-
ның өзге топтарының немесе өзге ұлт өкілдерін қосқанда, немесе ер мен әйел
кейіпкерлер орындарымен ауысса не боларын ойлаңыз.
Бейнеклипте көрсетілген идеялар мен адамгершілік құндылықтарды түсіндіріңіз.
Түсіндіруді дайындаған кезде келесі сұрақтарды қолданыңыз:
●
Бұл бейнеклип белгілі бір адамдар тобының көзқарасын білдіре ме.
●
Бұл бейнеклипте ерлер мен әйелдер қалай бейнеленгенін сипаттаңыз. Олардың
бейнелері стереотипті ме? Олай болса, қандай дәрежеде?
●
Соңында кім күшті,
кім әлсіз позицияда екенін, бұл жағдайда кім жеңіске жетеді.
●
Бұл бейнеклип қандай да бір топтарды немесе көзқарастарды елемей ме.
●
Бұл бейнеклипте бақыт, сәттілік және адамгершіліктің
қандай анықтамалары
берілген.
Мақсатты аудиторияны анықтаңыз. Бұл аудиторияға кірмейтін көрермендерге бей-
не клиптің тартымдылық дәрежесіне баға беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: