Кеш тақырыбы:
Жауапты: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Садихина А.Д.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтарсың!
Мақсаты: Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны, атақ-даңқы кең жайылған ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы жарық жұлдызы мәңгі сөнбес шамшырағымыз - Қасым Рақымжанұлы Аманжоловтың бейбіт, қан майданды, туған жер мен табиғат, достық пен махаббатты шынайы сезіммен зор тебіреніспен жырлаған асыл жырларын келешек ұрпаққа насихаттай отыра ақынды еске алу.
Міндеті: ақын, жазушы, драмматург Касым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын қала деңгейінде өткізу.
Көрнекілігі: ақын өмірбаяны мен шығармашылығына арналған мектеп дәлізінде көрме
ұйымдастырылады. Ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі
ұйымдастырылады. Мектептің актізалында сахынаның төрінде ақынның
«Дүниеге келер әлі талай Қасым » атты банер ілінеді. Интерактивті тақтада
ақын өмірін бейнелейтін слайдттар жүріп тұрады (туған жері, оқыған оу
орындары, соғыс кезеңі, ақынның жұмыс істеген жерлері, орындары,
шығармаларынан үзінді, белгілі адамдардың Қасым жайлы пікірлері.
Кеш бойында айтылатын Қасым әндері: «Ақ сәулем», «Туған жер», «Жас дәурен», «Өзім
туралы», «Дариға», «Махаббат періштесі».
Жүргізушілер: Сармантаева Арайлым Серікқызы, Дәрібаев Өміртай Егінтайұлы.
Кештің барысы:
Кештің басында «Өзім туралы» әнінің музыкасы ойнап тұрады.
Кеш ақынның «Өзім туралы» әнімен басталады.
Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында,
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайында...
Аманжол – Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын,
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Сөзім жыр, лебізім – күй ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім,
Өмірдің алтын сарай аспанына,
Қиялым қақты қанат ерте менің.
жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті бүгінгі кешке жиналған қауым, қонақтар!
Жаңа ғана ұйып тыңдаған «Өзім туралы» өлеңінің авторын білмейтін адам
кемде-кем шығар. Сіздерге қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, 1
халқымыздың дарынды ақыны, ұлттық әдебиетіміздің заңғар аспанындағы
жарық жұлдызы, мәңгі сөнбес шамшырағымыз Қасым Рақымжанұлы
Аманжоловтың 100 жылдығына арналған әдеби музыкалық кешке қош
келдіңіздер дей отыра сөз кезегін мектеп басшысы Виктор Германовичке
береміз.
2-жүргізуші: Ұлтымыздың ұлы перзенті, Алаштың ақиық ,дауылпаз ақынының мерейтойы
егемендігіміздің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп, Қазақстанның түкпір-
түкпірінде аталып өтіп жатыр. Өмірін өнерімен өрнектеген, дара дарыны мен
қалам қуатын халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған талантты, тұғырлы
тұлға.Барша жыр сүйер қауым оның шығармаларынан тәуелсіздікті аңсаған өз
заманынан оза шапқан қиялының биіктігін, көрегендігін , оның әр сөзі
тәуелсіздіктің жыры болғанын байқады.
1-жүргізуші: «Елу жаста елім бар» деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің мұңды Абай
«Елім бар» деп айтатұғын туды күн,
«Елім бар деп» шырқатайын мен бүгін
2-жүргізуші: ... Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Қас дұшпанның қиқаңына көнбейміз,
Ел намысын кескілеспей бермейміз
Неткен шеберлік десеңізші! Қылышынан қан тамған қызыл империяның тұсында «қазақ», «Қазақстан» деген сөздерді айтудың өзі ерлікпен пара-пар екенін біз жақсы білеміз. Ешкімге бас имей өткен қайран ақын ағамыз ол заманның қыспағын көре, біле, байқай тұра «елім», «жерім», «Отаным», «қазағым» деп жырлап өткен.Қаншалықты биік патриоттық жырларынан оны тәуелсіздіктің ақыны екенін,қазақтың республика болуының өзінен ақын егемендіктің нышанын іздегенін, алыс арманды қиялмен жақындатқанын байқаймыз.
Өз өлеңдерінде «Қазақстаннан артық жер жоқ» деп барлық жүрек, жан қуатын, шабытын аямай,сыншылар айтқандай, беріле, өртене,езіле, еңірей жылай немесе қуана мәз бола жырлайды. Ақында алаң жоқ, өлшеп-тамызу, өзін шектеу жоқ.
Қазақстан
«Қазақстан» дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл даланы анам жаспен суарған,
бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Би «Шашу»
1- жүргізуші: Дауылпаз аты өшпейтін ақын Қасым,
Оқысаң басқа ақыннан сөзі басым.
Әр сөзі алмас қылыш тіліп түсер,
Жалын бар жарқ еткендей ол бір жасын.
2- жүргізуші: Отына өлеңінің жанғандайсың,
Шөліркесең сусының қанғандайсың.
Өлеңін осы ақынның оқығанда,
Елеңдеп, масайрап бір қалғандайсың.
Күй «Қоңыр»
Бейнематериал ақынның туған жері Қарқаралы көрсетіліп тұрады.
Сахналық көрініс: Дүниеге сәби келді. Ат қойылады.
1- оқушы: Қасым Рахымжанұлы Аманжолов Сарыарқаның төсінде орналасқан ең сұлу
өлкенің бірі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының, Қызыларай 2
қыстағында 1911 жылы дүниеге келген. Оның атасы Аманжолдың Қызылдағы
қыстауы таудың бетінде еді.Таудан қашық Қызылдың түбінде Шомақ деген
жерден Қасымның үлкен шешесі Жақыбала құдық қазып, оны өзі таспен
шегендеп шығыпты. Құдық әлі күнге сол қалпында. Жұрт ол жерді
«Жақсыбаланың қималы құдығы» деп атап кеткен. Рақымжанның өзендегі
қорасы ну талды, тоғайы бар жерге орналасқан.Ендеше өте әсем, сұлу таулы,
өзен-суы мол тамаша жер сезімтал бала Қасымның ақындық талантын ерте
оятып, оған күш- қуат берсе керек.
2- оқушы:«Атамекен»
Сүйем сені туған ел-атамекен.
Абзал анам, сенсің ғой құшағың кең.
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Асан қайғы емеспін, Қасыммын мен,
Қобызымен сырласып күңіренген.
Іздеймін деп «Жерұйық» көр басында,
Ерке жанмын, өмірде өстім еркін.
«Еркелеме, ей жігіт,еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін, осы сертім.
3-оқушы: « Сарыарқа» өлеңін мәнерлеп оқу
4-оқушы: «Ертіс» өлеңін мәнерлеп оқу
Ән «Туған жер»
Сахналық көрініс: асық ойнаған ауыл балалары, ойын ойнап үйіне келген Қасымды ауыл адамдары қарсы алады. Әкесінің өлімін жеткізеді.
Бала Қасым: Өмірге келдім еңбектеп,
Шалқалап әкем шықты үйден
Жетімдік тағдыр жетті ептеп,
Қабағын жаба түксиіп-
(Оқыған оқу орындары жайлы слайд жүріп тұрады)
1-жүргізуші: Әкесінен ерте жетім қалған Қасым Аманжолов 1923 жылы Семейдегі
бастауыш мектеп-интернатқа қабылданады. Мектептен кейін ол Семей мал-
дәрігерлік техникумында оқиды. Осы кездің өзінде ақын ағамыз айдай әлемге
қазақтың рухы үшін арпалысуға келгенін паш ететін жүрекжарды жырларын
жаза бастады.
1-оқушы: Мен – табиғат бөбегі
Мен – табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.
Жарқ-жұрқ етіп жүруді
Нажағайдан үйренгем.
Шадыман шат боп күлуді,
Күн мен айдан үйренгем.
Тәкаппарлық, ерлікті
Асқар таудан үйренгем.
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген. 3
Ашу қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім.
Өз еркімше сілтемей,
Қашан ғана имендім?!
2-оқушы: Дауыл
Ышқына соққан дауылға
Құмартушы ем жасымда.
Нөсерлеп құйған жауында
Қызығушы ем жасынға,
Жүгіруші ем жарысып,
Сарыарқаның желімен.
Ойнаушы еді алысып,
Соққан дауыл менімен...
«Дауыл!», «Дауыл!» дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде,
Аласұрып, күркіреп.
***
3-оқушы: Дүние сол кез дүрілдеп,
Келе жатты бір дауыл.
Түндіктері желпілдеп,
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Шыр айналды шаңырақ,
Сықырлады сырғауыл.
Бұрқырады бар аймақ,
Соқты ышқына көк дауыл.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім.
Көк дауылдай кеуделі,
Жігіт болдым ер жеттім.
Мен дауылдың ұлымын,
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.
Жас Қасым:
Ей тәкаппар дүние!
Маған да бір қарашы
Танисың ба сен мені
Мен-қазақтың баласы!
деп айтып барып жазу үстеліне отырады
1- жүргізуші: Шарлаған жерім жатыр жер бетінде
Көрінер көлеңкесі келбетімде
деп жырлаған қазақ әдебиетінің биік аспанындағы шоқтығы биік ақын ағамыз Қасым Аманжолов 1930 жылы Алматыға барып "Леніншіл жас" газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Лениградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Орал қаласына келіп "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке тұрады.
Қ.Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралда қазақ театрын ұйымдастырып, өзі көркемдік басқарушысы болады.
Ендеше ұлттық тұлғамыздың Ақжайықта да ізі қалған.
4
Ән: « Жас дәурен»
7- оқушы: Жайық
Жарқын жүзбен жайраңдап
Жатырсың ағып, Жайығым.
Жағаңда ойнап, сайраңдап
Ескенмін заман қайығын.
Сырғып аққан сынаптай,
Сабырлы өзен, салқын су.
Толқыныңды құшақтай,
Келіп қонды бір аққу.
Қанаттанып жағаңда
Еді –ау бір кез ол ұшқан.
Сол бір аққу мен едім,
Келіп түрмын алыстан.
Есіңде меЖайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын,
Келмеуші ме ем ән шырқап...
Ойын, күлкі әзілмен
Бойында өткен талай күн...
Жайық, саған қазір де
Риза бола қараймын.
Ән: « Оралым»
Оралым сенің қойныңда
Ойнақтап өткен жырларым
Жарқырап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Шағанның бойы көк шалғын,
Шалқамнан жатқан шаңқай түс
Гүл болып менің құшағым,
Кеудеме қонған бұлбұл құс
Терезе алды-жас терек
Тұр екен кімдер сүйеніп?
Жүр екен кімдер еркіндеп,
Жүрегін ұстап үйге еніп?
Сағындым сені Оралым
Күндер жоқ бейбіт бұрынғы
Келгенше қайта оралып,
Алып қал осы жырымды.
Қош болшы енді,Оралым,
Күле бер шалқып сайрандап,
Айтпақшы, қайда бораның?
Кетейін алып майданға.
Музыка: (соғыстың басталуы)
Интерактивтік тақтадан бейнематериал: Майдан шебі көрсетіледі.
Сахналық көрініс: Солдат киімін киген оқушылар қойылым қояды. Музыка ойнап, би
биленіп жатады.Радиодан соғыстың басталғанын хабарлайды. Ақынды
соғысқа шығарып салады.
1-Жүргізуші: Ел басына қара бұлт торлап неміс басқыншылары тұтқиылдан соғыс ашқанда
ақын ағамыз қалам мен қаруды қатар ұстап соғысқа аттанды.1941-1945
жылдар аралығында батыс майданда болып майдан көріністері, өлім мен өмір
арпалысы, соғыс және адам тағдыры туралы шығармалары дүниеге келді.
5
Әскери киімдегі оқушылар ақын өлеңдерін оқиды.
Оқушы «Қоштасу»
Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Тепкісінде соғыстың
Дүние меңзеп жатқанда.
Ажал бейне фашист сүм
Қасқыр болып шапқанда.
Қоян емен, адаммын,
Қайтып бұғып жатырмн!
«Жаны тәтті жаманның»,
Сыналар күні мақылдың.
Сыналар күні жігіттің,
Қош бол, досым, сөз қысқа!
Зіл боп ойым, мен кеттім
Сұрапыл бір соғысқа!
2-Оқушы: «Үстімде сұр шинелім»
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қанды қырғын, қызыл от,
Қаптап жүр ажал дегенің.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Қағып-соғып жығар ма
Оңайлықпен мені өлім.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Баяғы Қасым, бір Қасым,
Баяғы күйім, өлеңім.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін.
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім.
3-Оқушы «Балдақты жігіт»
Балдағы бар бір жігітті көрдім де,
Қасақана сауал бердім келдім де:
«Ғафу, жлдас! Көрінбейд бір аяғың,
Кешегі өткен сұрапылда бердің бе?»
Жігіт екен! Жауап тапты тосыннан, -
( Бір ғажайып күлкі ойнады ернінде):
Көріп тұрсыз, бір аяғым осында,
Екіншісін тұрмын басып Берлинде.
2-Жүргізуші: 1944 жылы ақынның атақты «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы жарық
көреді. Бұл шығарма кейіпкері неміс-фашист басқыншыларына қарсы
соғыста ерлікпен қаза тапқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиев . Бұл – ер
туралы дастан. Ерлік туралы жыр. Ақын туған елінің дәстүрін өнеге тұтқан
ержүрек азаматтың қаһармандық бейнесін сомдайды. Қасым соғыстың
сыртқы көрінісін суреттеуге емес, ақын –жауынгердің жан дүниесін ашуға,
ол жасаған ерліктің құпиясын тануға ұмтылады. 6
Әскердегі Қасым Аманжолов окопта отырып өлең жазып отырған кезі
Майдан етіп дүние төрін,
Темір, болат қақтап отқа.
Жекпе-жек кеп өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па...
Оқушылар «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэманы жатқа оқиды.
Сахналық қойылым: Ақын өлімін оқушылар көрсетеді.
Ән: «Жас қазақ»
Слайд: нәзіктікті көрсететін қыздардың суреттері жүріп тұрады.
Жас ару шолпысын сылдырлатып сахнадан көрінеді.
2-жүргізуші: Қып-қызыл өрттің ішінде жаумен жағаласқан жауынгердің жадынан бір нәзік
сәуледей күлімдеген сүйікті қызының бейнесі кетпейді. Өйткені онда ақынның
орындалмай кеткен арманы, көңіл көкжиегін керемет сиқырымен баурайтын
әдемі сағыныш жатыр.
Ән: «Дариға сол қыз»
Сахналық көрініс: Баспада газет қарастырып отырған ақын.
2-жүргізуші Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты.
1-оқушы: естелік оқиды
2-оқушы: «Өлең туралы»
Өлеңім менің бөбегім
Өзіме тартқан секілді.
Үстіне түсе төнемін,
Үйретіп оған не тілді.
Келеді өлең еселеп,
Үлгіре жазып жатамын.
Бір әндетіп бір сөйлеп,
Мол рақатқа батамын.
Дүние қандай тамаша!
Реніш қайғы жат маған.
Құлпырам мәзбоп балаша,
Айналам толған махаббат.
3-естелік
4-оқушы: «Қуанышқа, бақытқа»
Қуанышқа, бақытқа
Құшағыңды еркін жай.
Біздің ұлы уақытта
Қуана біл баладай.
Еңсе көтер, еңбек ет,
Жеттік сонда табысқа.
Құлашыңды кең сермеп,
Серпіле түс жарыста!
Жастық отың сөнбесін, 7
Жігеріңмен жарқылда!
Қарттық саған келмесің,
Тарылма да сарқылма!
жүргізуші: Қасым Аманжолов шынайы лирик ақын. Ақын өлеңдері сезім мен толғанысқа, көркем сурет пен образға өте бай. Қасым ағаның лирикасындағы үлкен орын алатын тақырыптың бірі –махаббат.Ақын адам баласы қолына ұстайтын аспаптардың бәрінде ойнай білген. Домбыра, мандалин,сырнай,гармон. Ендеше сегіз қырлы бір сырлы ағамыз өз өлең- деріне әнді өзі жазған.
Оның өлеңдерінде кіршіксіз мөлдір сезім көрініс табады.
Ән: «Махаббат періштесі»
Би: « мектеп оқушылары билейді»
2-жүргізуші: Ақынның аудармалары өз алдына бір төбе. Оның ақындық жолында көп тер төккеніне, көп ізденгеніне- оның аудармалары куә. Ақынның поэзия айдынында балықтай жүзіп, өлеңде өзін еркін сезінуі әлемдік әдебиетті керемет білгендігінің арқасы.Оның жырларынан шығыстың өлең үлгілерін де, Батыс мәдениетінің ою-өрнектерін де байқай алады.
1-оқушы.
Сен болсаң нулы жердің қызыл гүлі,
Болар ем сахараның мен бұлбұлы.
Қонақтай гүл жанында рахат тауып,
Гүл құшып сайрар едім күні-түні
Сен болсаң жапандағы жасыл терек,
Кез болсам келе жатып мен тентіреп.
Жолаушы жатқа жүрген жатар едім,
Жапанда жапырағыңды көлеңкелеп
жүргізуші:
Қасым Аманжоловтың Еуропа ақындарын қазақ тіліне асқан шеберлікпен аударуының басты сыры да оның ақындық талантында жатыр.Қасымның аудармасында А.Пушкиннің лирикалық жырлары, М.Лермонтовтың «Маскарад» атты драмалық шығармасы, Т.Шевчонконың өлеңдері,А.Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмасы ақынның төл туындысындай болып кеткен.
2-оқушы:
(Т.Шевченкодан)
Өтеді күндер, өтеді түндер,
Өтеді жазым зымырап.
Соғады дауыл,
Соғады гүлдер,
Сарғаяды жапырақ.
Ол ұйқыда, жүрегім жым-жырт,
Сөнеді көздің жанары.
Бәрі ұйқыда
Жатыр ғой мүлгіп,
Тірліктің жоқ еш хабары...
Осындай жарық дүниеде,
Бармын ба мен-білмеймін,
Қаңғалақтап жүрмін бе әлде,
Жыламаймын күлмеймін.
Сыбағам қайда ,сыбағам?
Жоқ па сірә ешқашан?!
Жақсылық менен аясаң, 8
Жамандық бер, а құдай
3-оқушы:
Бұл дүниеде бос жатпасын.
Берші өмір, бер махаббат,
Жүрекпен сүйсін адамды.
Ол болмаса, етіп талақ
Өртесін мына өмірді.
Қандай қиын – қаза тапсаң,
Тар қапаста, зынданда,
Еркіндікте ұйықтап қалсаң,
Қиынырақ содан да.
Ұйықтап өтсең өміріңде,
Ұйқың ешбір қанбаса.
Тірлігің не, өлгенің не,
Ешбір ізің қалмаса.
Сыбағам қайда, сыбағам?
Жоқ па сірә ешқандай?!
Жақсылық менен аясаң,
Жамандық бер, а құдай?!!
1-жүргіуші: Осы аудармадан бір мін таба аласыз ба? Жоқ, Керісінше Қасым Тарас
Шевченконың өлеңін нұрландырып, көркемдік әлемін байытып, ойдың ағысын
тереңдетіп жіберген. Егер осы өлеңді Тарас Шевченко емес, Қасымның өзі
жазды десе де иланар едіңіз. Талантты ақындардың талантының бір-біріне
сәйкестігі деп осыны айтсақ керек. Ақын Тарас Шевченконың өлеңін құр
аударып қана қоймай, іштей онымен бәсекеге түскен. Ақынның
өмірінен хабары бар адам бұл өлеңнен Шевченкодан гөрі Қасым тағдырына
сәйкес іздерді аңғара алады.
«Ах, Самара городок», «Сулико» әндері айтылады.
1-жүргізуші
Қайран Қасым аға1947 жылдан бастап сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ.. Сырқаты дендеген кездерде өлеңдерін өзінің ақындық өміріне, аяулы жарына, қызы Дариғаға арнап жазатын. Ақын күнделігі сыр шертеді.
1-оқушы:
2-оқушы:
3-оқушы:
Ән: «Ақсәуле»
Сахнаға ақын Қасым рөліндегі кісі шығады өлеңін оқиды.
Өмір жоқ түскен жерден бір арнаға
Көп күттім, қарайладым құмарлана
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ
Қараймын елесіңе мен таңырқап
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап-
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын,
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтарсың!
2-жүргізуші: 9
Қайран аяулы ақын аға!
Осы өлең жолдарын жазған кезде өзінің дүниеден құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шығарын білді ме екен? Әйтсе де ақын да ұлы құдірет иесі болғандықтан, оның сезімтал жүрегі ғұмырының қай күні таусыларын сезген сияқты.
1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты меңдей түсті. 1955 жылы 18 - қаңтарда Қасым аманжолов мәңгілікке көз жұмды.
Сахнаға Сақыпжамал рөліндегі әйел мен тілші бала шығады.Сұхбат жүреді.
1-жүргізуші: Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде.
Оқушылар, мұғалімдер ақынға арнаған арнау өлеңдерін оқиды. Қасым Аманжоловтың
«Өзім туралы» әнінің жалғасы айтылады.
Бір күні ол өмірім қалса өшіп,
Қайран ел туған жерден кетпес көшіп,
Торқадай жамылып ап топырағын
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын,
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтарсың!
Бір күні ол өмірім қалса өшіп,
Қайран ел туған жерден кетпес көшіп,
Торқадай жамылып ап топырағын
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын,
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтарсың!
2-жүргізуші:
Құрметті бүгінгі кешке жиылған қауым!
Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың ғасырлық тойы құтты болсын.
Қасым - қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан-тәнімен, рухымен, ішкі сезім-күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтырады, жетілдіреді. Сондықтан Қасым - поэзия сүйгіш қазақтың досы, рухани демеушісі болып қала береді.
Келгендеріңізге рахмет, келесі кездескенше күн жақсы!
10
Астана қаласы Білім басқармасы
№ 32 мектеп-гимназиясы
Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған
әдеби-музыкалық кеш.
2011 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |