4 сұрақ Дәнді дақылдардың сорғыш зиянкестері
астық цикадалар, астық бітелері, бақашық қандалалар және трипстері жатады.
Астық қандаласы-Trigonotylusruficornis Goeffr. (Miridae-тұқымдасы, Hemiptera - жартылай қатты қанаттылар отряды). Ұзындығы денесімен бірдей қызыл мұртшалары бар, ашық жасыл түсті қандала. Дене ұзындыѓы 6-7 мм. Жылда 3 ұрпаққа дейін дамиды. Көктемгі-жазғы мезгілдегі құрғақ және ыстық ауа-райы олардың көбеюіне қолайлы болады. Жұмыртқалары күздік дақылдарының, астық тұқымдасқа жататын жабайы және азықтық өсімдіктердің жапырақтарында қыстайды. Ересек қандала және дернәсілдер астық және азықтық дақылдарға зиян келтіреді. Жапырақтың шаншыған жерлерінде түссізденген және сары дақтар пайда болады. Жас өсімдіктердің жапырақтарының үстіңгі жағы сарғаяды және өледі. Дәннің арқа және бүйір жақтарындағы шаншып сорған жерлерде кішкентай сары дақтар пайда болады. Олардың қоректенуі дәннің салмағының азаюына әкеп соқтырады. Күресу шаралары. Бақашықтармен күресу шараларымен бірдей. Егер 100 қандала/м2 болса, инсектицидтер қолданылады. Әдетте күресу шаралардың уақыты трипстермен, бітелермен, бақашық қандалалармен күресу кезеңімен бірдей келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |