Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет44/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

ЭНТОМОЛОГИЯ
1 сұрақ энтомология

Шегірткелердің негізгі түрлері, олардың биологиясы, экологиясы және Қазақстанда таралуы

Зиянды шегірткелер Қазақстанның солтүстігінде таралғандары: итальяндық прусCalliptamus italicus L.; кресті кішкене саяқ шегіртке-Dociosturus brevicolis Ev., ақжолақтыChortippus albomarginatus

D.G., кресті-Pararcyptera microptra F.-W., қоңыр қанаттыStauroderes scalaris F.-W. саяқ шегірткелер, далалық атбас шегірткелер-Euchorthippus pulvinatus F.-W. және басқалар. Азиялық шегіртке-Locusta migratoria migratoria L. тұрақты қоныстары Қазақстанның оңтүстік жартысындағы қамыспен құрақ өсетін жерлер, осы станциялардан олар басқа алыс аймақтарға тарала алады. Мароккалық шегірткеDociostaurus maroccanus Thunb. Қазақстанның оңтүстігінде таралған (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары).

Азиялық, Мароккалық, италияндық шегірткелер, ал анда-санда тұрандық және шөл далалық шегірткелер кезектесіп өзгерістерге ұшырайды. Олардың үйірлену кезінде бір шаршы метрде 100 және одан да көп дернәсілдері болады. Үйірлі шегірткелердің сандары көбейген кезде, алғашында дернәсілдердің жиынтығы, кейін олардан шегіртке табындары пайда болады. Барлық шегірткелердің ұзынша денесі, секіруге қолайлы артқы аяқтары, кеміргіш ауыздары, қатты дамыған алдыңғы кеудесі, жіңішке үстіңгі қанаты, жалпақ, желпуіш тәрізді артқы қанаттары болады. Ол жылына бір ұрпақ береді. Ол ұрғашы шегірткенің арнаулы бөліп шығаратын сұйық затымен қатайған топырақтан жасалған күбіршеде жұмыртқа күйінде қыстайды. Олар тың жерлерде, жайылымдарда, құмдардың шетінде және т.б. жерлерде орналасады.

Дернәсілдер жұмыртқалардан әр мезгілде шығады. Дернәсіл ересек шегірткеге ұқсас келеді. Дернәсілдер 30-40 күн дамиды. Даму кезеңінде дернәсілдер 4-5 рет түлеп, 4-5 жастан өтеді. Дернәсілдер және ересек шегірткелер әр түрлі өсімдіктерді; дәнді және майлы дақылдарды, көкөністерді, жайылымдар мен шабындықтарды зақымдайды. Олар құрғақшылық кезінде, табиғи өсімдіктер күйіп кеткенде өте қауіпті болады. Тым көп көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға қатты зиян келтіреді, олардың жер бетіндегі биомасса бөліктерін құртып жібереді. Шегірткелердің көп жылдық даму (динамика) сатысында жаппай көбеюлері мен депрессиялық фазалар кезектесіп отырады.

Күресу шаралары. Зиянды шегірткелердің дернәсілдеріне қарсы күресу шараларды олардың сандарына бақылау жасаудың нәтижесіне қарап жүргізеді. Алдын алу шараларының маңыздысы ерте көктемде шегірткелер табылған егістік танаптарды біз тұмсықты, немесе дискілі тырмалармен, ал көпжылдық шөптерді тісті, немесе біз тұмсықты тырмалармен өңдеу. Сонымен бірге танап аралықтарын, танаппен шектесетін тың және егін егілмейтін жерлерді де өңдеу қажет. Егін алқаптары маңында жою шаралары инсектицидтермен «Тізім...» бойынша (Қосымшаны қараңыз-адонис, димилин, номолт, геркулес, кинмикс, суми-альфа, децис және т.б.) саяқ шегірткелердің дернәсілдер саны 8-10 дана/м2 , ал үйірлі шегірткелердің дернәсілдер саны 5 және одан да көп дана/м2 болғанда жүргізіледі. Дернәсілдерді есепке алу жұмыстарын таңертеңгілікте немесе кешкілікте маршрутпен жүріп 100м сайын әрқайсысы 1 м2 алаңқайда көзбен шолып жүргізеді немесе рамканың көмегімен әрбір секірген шегірткені есептеп, кейін 1м2 қанша болатындықтарын анықтайды. Егер бір стацияны мекендеген шегірткелердің түрі көп болса, жұмыртқалардан әр мезгілде шықса және жастары әртүрлі болған жағдайда ұзақ уақыт әсер ететін инсектицидтерді пайдаланған дұрыс. Химиялық өңдеу жұмыстары дернәсілдер қанаттанғанға дейін жүргізілсе тиімділігі жоғары болады. Әрбір нақты жағдайға байланысты жаппай, бөгеттік өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бөгет мақсатымен өңдегенде дәрі шашылатын жердің жалпақтығы 40-100 м шамасында болуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет