Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Қант қызылшасын қайта өңдеу және сақтау



бет40/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

14.Қант қызылшасын қайта өңдеу және сақтау Қант қызылшасында егіс алкабынан жинап алғаннан кейін басқа да тамыр жемістегілерге тән физиологиялық процестер: солу, қызу, тыныс алу т. б. жүреді. Әсіресе, дер кезінде қолайлы жағдай жасалмаған қызылша тамырында ылғалдың бөлінуі (судың булануы) жүреді де тамыржеміс солып өзінің жоғалтады.Сонымен қатар, тыныс алу қарқындылығына байланысты қызылша құрамындағы қанттың мөлшері кемиді. Қант қызылшасын пайдалану мақсатына байланысты шаруа- шылық жағдайында немесе қант зауыттары маңындағы арнайы аландарда сақтаудын әр түрлі тәсілдері қолданылады. Қант қызылшасын «бурт - кагаттарда» сақтау, Әдетте, жаңа жиналып алынған қызылшаны одан қант алу үшін қант зауыттарына жөнелтеді. Ол жерде қызылшаны өндегенше арнайы аландарда «бурт-кагаттарда» уақытша сакталады. Кей кездері, мысалы, ауа райының қолайсыздығына, автокө- ліктін, немесе жұмыс күшінің жетіспеәне басқа да жағдайларға байланысты жиналған қызылша егіс алқабында қалып қоюы мүмкін. Уақыт өткен сайын бұл тамыржемістердің сапасы төмендеп, жарамсыз бөліктерінің көлемі артады Ол үшін алынды шөптен, қалдықтардан алдын-ала тазалап, таптау арқылы тығыздап, I шаршы метрге 200 г шамасында әктен ерітінді жасап өндейді. Үйіндінің үстін ылғал топырақпен 15-20 см қалыңдықта жабады. Ал күн салқындаған сайын оның қалыңдығы 40-50 см- ге дейін жеткізіп, үстіне сабан төсейдіҚант зауыттары мен қызылша қабылдайтын орындарда қызылшаны арнайы ірі «кагат» аландарында жинап сақтайды. Бұндай аландардың көлемі қызылшаның салмағына байла- нысты болады да, әдетте, 1 гектарга шамамен 5-6 мың т-дан келеді. Қызылшаны сақтауда, әсіресе, шіріген немесе өздігінен кыз- ған жерлерді уақытылы анықтап, оларды болдырмауда үйіндінің температурасын қадағалау орынды. Қолайлы сақтау температу расы 1°С шамасында. Температура бұл көрсеткіштен жоғары болғанда тыныс алу қарқындылығы артады да тамыр құрамындағы қанттың мөлшері азаяды. Әдетте, үйіндінің температурасы коршаған орта температу- расынан шамамен 3"С-тан төмен болмауы Тиіс. Ал, 0°С-тан төмен болса, бұндай жағдайда үйіндінің үстін топырақпен немесе сабан-қамыспен қосымша жабады.Қант қызылшасын өндіретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайына байланысты қызылшаны сақтағанда қанттың шығыны тәулігіне 0,01-0,03 пайыздан аспауы тиіс. Температура деңгейін түсіру мақсатында арнайы қондырғы- лардың көмегімен белсенді түрде желдетеді. Желдету кезінде құрғақ ауаның әсерінен қызылша солып қалмауы үшін ауаны ылғалдап (болып) отырған дұрыс. 6) Қант қызылшасын «ор - траншеяда» сақтау Ауыл шаруашылығы жағдайында дән алуға арналған (тұқым- дык) қызылшаны арнайы «орларда (траншеяларда)» сақтайды. Ор - траншеялар тереңдігі 1 м-ден аспайтын, көлденені 1 м-ге жуық ұзынша келген арық - ор Аурулар, шірінділер ор-траншеяда түгелдей тарамас үшін әдетте, әрбір 5 м сайын қалыңдығы 20-30 см-лік жер қалқандар қалдырылады. Орды беткі жағына 15-20 см жеткізбей толтырады да үстін см қалыңдықта топырақпен жабады. Қызылшаның температурасы қолайлы деңгейден төмендеген сайын үстін топырақпен немесе басқа материалдармен қосымша жауып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет