Мал азығының қорытылуы және қоректілігін бағала
Азықтың қоректілігі оның құрамындағы кездесетін жұғымды заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал мен құс азығының құрамына: алмасу қуаты, ақуыз (белок), май, минералдық заттар (макро- және микроэлементтер), көмірсулар, дәрумендер кіреді, немесе мал азығының қуаттық, ақуыздық, минералдық, дәрумендік жұғымдылықтары деп аталады. Мал мен құс азықтарының жұғымдылығын бір ғана көрсеткіш бойынша бағалау мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезде және құс азықтары мен мерзімдік азық үлесінің жұғымдылығын құрамында қуаттық жұғымдылық, жемшөп пен мерзімдік азық үлесінің ақуздық, майлар, көмірсулар, минералдық заттар, дәрумендер сияқты көрсеткіштері бар кешенді бағалау әдәсі қолдалынады. Мал азығының қоректілігі соңғы кезде көбінесе, алмасу қуаты бойынша бағаланады. Алмасу қуаты мал ағзасына, олардың тіршілік етуіне, алатын өніміне қажетті үрдіс. Алмасу қуаты тікелей баланстық зерттеумен немесе жанама әдістермен есептелінеді. Қазіргі кезде көбінесе, сұлылық және қуаттылық азық өлшемі немесе алмасу қуаты МДж қолданылады. Біз дайындаған Анықтамалық оқулығында көрсеткіштер алмасу қуатымен (МДж) келтірілген. Бір қуаттылық азық өлшемі (ҚАӨ) = 10 МДж алмасу қуатына тең болады. 1 МегаДжоуль =1млн Джоуль; 1 Дж = 0,2388 ккал. Ал, 1 кал =4,1868 Дж. Алмасу қуаты бойынша малдың қуатқа қажеттілігін есептеген кезде, оның қорытылуына және алмасуына байланысты шығыстары есептелінеді. Қуат алмасу сызбасы төменде көрсетілген. Сұлылық азық өлшемі әдістемелік тұрғыда жетілдірілмегендігіне байланысты, қазіргі кезде қолданылудан қалып бара жатыр. Ал, МДж-қуаттық (қуаттылық) бірлік қазіргі кезде азық қорын санау және экономист мамандарға азықтың салмақ өнімі құрамындағы МДж қуатын есептеу үшін керек. Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су көп болса оның қоректік құнарлығы кем болады. Мал мен құс азықтарындағы құрғақ зат. Малға және құсқа берілетін азықты мөлшерлеуде маңызды көрсеткіштердің бірі. Мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың қорытылу деңгейі төмен болған сайын мал, әсірісе, мол өнімді мал, оны аз жейді. Мол өнімді мал, мерзімдік азық үлесіндегі 1 кг құрғақ затқа шаққанда, азықтағы қуаттың мейлінше мол шоғырлануын қажет етеді.Қоректік заттардың қорытылуы. Желінген жемшөп қоректік заттары-ның қорытылуы ауыз қуысында шайналып, сілекеймен ылғалданып, оның құрамындағы амилаза ферменті крахмалды ыдырата бастайды. Жұтылған массаға қарында протеинді ыдырататын ферменттер әсер етеді. Қарын сөлінің және микрофлоралар әсерінен бөртіп-борсыған азық (химус) он екі елі ішекке өтерде панкраттық сөл бауыр өтімен араласа майлы ыдыратуға қатысады. Ащы ішекте протеиндер – аминқышқылына, майлар – май қышқы-лы мен глицеринге, көмірсулар – глюкоза, фруктозаға дейін ыдыратылып, олар қан мен лимфаға сіңіріледі. Толық ыдырамаған қалдықтар тоқ ішекке өтіп, сыртқа шығарылады
Ас қорыту процесі барысында химусты көптеген физиологиялық және биохимиялық өзгерістер өрістейді де, малдың өзі қорыта алмайтын өсімдік жасұнығы жеңіл қорытылатын көмірсулардың ашытылуынан күйісті малдың негізгі энергия көзі болып табылатын сүт, майлы, пропион сияқты ұшпалы май қышқылы пайда болады (ҰМҚ). Олар қарыннан тікелей қанға сіңіріліп, энергетикалық алмасу мен өнім түзуіне жұмсалады.
Мал азығын құрамындағы қоректік заттардың қорытылуы арнайы физиологиялық тәжірибелермен анықталады. Тәжірбеде желінге азық пен шыққан тезектің үлгілерінен сынама алып, химиялық құрамын анықтайды. Олардың желінген жемшөбінің және тезегінің салмағын білген соң, химиялық құрамын есепке ала отырып малдың жеген қоректік заттары (ҚЗ) мен қорытылмай шыққанының айырмашылығын бойынша қорытылу коэффициен-ті есептеліп шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |