Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет65/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Капуста ақ көбелегі(Pіerіsbrassіcae) – капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 – 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 – 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір – мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 – 200) капуста жапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 – 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан көбелектің кішкене жұмсақ қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша бірнеше сағат бір жерде отырады.

Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды. Күресу шаралары: егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық және химиялық күрес шараларын қолдану.




АГРОХИМИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет