Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Мал азығының химиялық құрамы және биологиялық құндылығы



бет14/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Мал азығының химиялық құрамы және биологиялық құндылығы

Химиялық құрамы. Мал азығының химиялық құрамындағы жануарлар тіршілігіне қажетті физиологиялық қызмет атқаратын, энергетикалық, қоректік (органикалық, минералдық, биологиялық әсерлі заттар) заттардың мөлшерін анықтаудың зор маңызы бар.

Азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар түзілуіне жұмсалады. Мал организміндегі барлық биохимиялық процестер судың қатысуымен өтеді

Су (ылғал) өсімдік пен мал денесінде, біріншіден олардың түріне, вегета-циялық кезеңіне, қоршаған орта факторларына байланысты болса, екіншіден малдың түріне, жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көктемдегі жайылым шөбінінің ылғалдылығы 80-85% болса, өсе келе оның құрамындағы су 50-60% дейін азаяды. Кептірілген пішеннің ылғалдылығы 15-17%. Жас малдың денесіндегі су 70-80%, есейгенде 50-60% төмендейді. Организмдегі судың басым бөлігі физикалық тұрғыдан бос су, ал қалғаны коллоидті ақуызбен, иондармен және молекулалармен байланған түрінде кездеседі.

Протеин тіршілікке аса қажетті қоректік зат тобына жатады. Ол жануарлар денесінің 45%, ал кейбір мүшелердің 85% құрайтын негізгі құрылымдық қосынды. Өсімдіктер протеині негізінен дәнде, гүлде, жапырағында жиналады. Бұршақты дәндерде протеиннің мөлшері 35-45%. Жоңышқа жапырағында ол 24%, сабағында 10%-ға дейін болады.

Протеин мал организміне азықпен, үздіксіз жеткізіліп тұруы қажет. Өйткені ол денедегі белок алмасуын қамтамасыз етіп, жас малдың өсуіне, ал ересектерінің белогын жаңалап, сүт, жүн, т.б. өнімдердің түзілуіне керек. Белоктар негізгі құрылымдық қосынды болумен қатар ферменттер, гормондар мен иммундық заттар құрамында зат алмасуын реттейтін қызмет атқарып, биохимиялық үрдіске белсенді әсер етеді.

Белок аминқышқылдардың полипептидтік қосындылары. Химиялық құра-мы жағынан протеиндер мен протеидтерге бөлінеді. Протеиндер пептидтік байланыспен қосылған табиғи (альфа) аминқышқылдарының қалдықтарынан құралған қарапайым белоктарға жатады. Протеинді суда және тұзда ерігіштігі бойынша альбуминдер, глобулиндер, т.б. тобына бөледі. Протеидтер қарапайым белоктар, протеиндердің басқа да простетикалық тобының қосындылармен біріккен белоктар.

Амидтер «шикі» протеиннің ішіне кіреді. Оларға нуклеин қышқылдары, азотты глюкозиттер, органикалық негіздер мен аминдер, нитраттар, пуриндер, т.б. жатады.

Аминқышқылдардың молекуласы органикалық қышқыл мен амин тобынан тұрады. Қазіргі таңда 200 амин қышқылы белгілі болса, олардың 20 ғана белок құрамын кіреді. Мал организмінде тек олардың жартысы түзілетін болғандықтан, қалған жартысын міндетті түрде желінген азықпен жеткізілуі шарт.Нуклеин қышқылдары азық құрамындағы биомассаның жалпы азотының 10-13% құрайды. Олардың мал организміне көп түскенінің пайдасы жоқ. Сондықтан құрама жемдегі өзіндік салмағын 8-10% асырмау керек. Майлар жануарлар организмінде протоплазмалық және қорлық болып бөлінеді. Көк шөп протоплазмасында липидтер 0,1-0,3%, астық тұқымдастар дәнінде қорлық липидтер – 2-3% болады. Биологиялық тұрғыдан маңызды болып келетін фосфолипидтер немесе фосфаридтер жасушаның белок құрамына кіріп, басқа майлармен бірге жасуша қабығының майлы қабатын құрастырады. Көмірсулар өсімдіктің органикалық затының 80% құрайтындықтан, жемшөптегі негізгі энергетикалық қуаттылықтың көзі болып табылады. Көмірсулар майлар мен протеиндер алмасуы мен месқарын микрофлорасының санының көбеюіне ықпал етеді. Месқарынан қанға энергия және сүт түзуіне қатысады. Олардың мөлшері желінген жемшөпке байланысты өзгереді. Көмірсулардың химиялық құрамы мен зат алмасуындағы қызметі алуан түрлі. Мысалы, полисахаридке жататын целлюлозаны («шикі» жасұнық) қорытатын фермент асқазан сөлінде болмайтындықтан, оны микрофлора ферменттері ыдыратады. Қой мен сиыр желінген жемшөп жасұнығы месқарында 50-90% қорытылады.

Азотсыз экстрактивті заттар (АЭЗ) өсімдіктердің бір-екі молекулалы қанттары және көп молекулалы крахмалдармен тез еритін декстрин, пектиндер жатады. Мысалы, арпа дәнінің 70,0% АЭЗ болса, оның 51,0% крахмалдың, 3,1% қанттардың үлесіне тиеді. Крахмал жылы суда еріп, гидролизденгенде оның 1 грамы 17,56 кДж энергия бөліп шығады.

Минералды заттардың құрамында шаң, тозаң сияқты қалдықтар болғандықтан, «шикі» күл деп аталады. Минералды заттар макро- және микроэлементтерге бөлінеді.

Биологиялық маңызды макроэлементтерге – Cа, F, Na, Mg, P, S, Cl, микроэлементтерге – Fe, Cu, Mn, Zn, Co, I жатады.

Кальций минералды заттардың ішіндегі мал денесінде көп шоғырланады (сүйек пен тісте 99%). Кальций сүйектің қалыптасуына, сүт түзілуіне, қан ұюына ықпал етумен қатар көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Кальцийдің мал организміндегі алмасуы фосформен тығыз байланысты. Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда сүйек минералсызданып, остео-маляция, рахит ауруларына душар болады.

Калий, натрий, хлор элементтері организмдегі биологиялық сұйыктықтың осмостық қысымын, қышқылдық-сілтілік қатынасын қалыптастырады.

Мал азығының құрамында витаминдерден басқа бірқатар биологиялық әсерлі заттар болады. Олар қорытылған қоректік заттардың тотығуына жағдай туғызып, зат алмасу процестерін оңтайлатады (гормон тәрізді заттар, ферменттер, антибиотиктер).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет