Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет11/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

МАЛ АЗЫҒЫН ӨҢДІРУ

1.Мал азығының химиялық құрамы және биологиялық құндылығы Өсімдіктер мал азығының негізгі көздері - егістікте және шалғындықта мал азығын өндіру, бірақ орманды-дала және далалы аймақтарда көп жыртылған жер көлеміне байланысты егістікте азық өндіру мал шаруашылығына 70%-ға дейін барлық мал азығын береді, бұл көрсеткіш құрғақ далалы аймақтарда 50-60%-ға дейін, шөл және шөлейт аймақтарда 20-30%-ға дейін төмендейді. Егістікте дәнді жем-шөп дақылдар, сүрлем дақылдар, көпжылдық және біржылдық шөптер, пішен, пішендеме, құрама жем, дәруменді шөп ұнының шикізатын алу үшін өсіріледі.Ең жақсы кұрама жем дәнді жем-шөптерден арпа, сұлы, жүгері және дәнді бұршақ және т.б. дақылдардан дайындалады. Мал әр түрлі азықпен азықтандырылады, олардың кұндылығы және биологиялық бағалығы кұрамына кіретін химиялық заттармен анықталады.Малдар мен өсімдіктер ағзаның негізгі кұрамына көміртегі, сутегі, азот және химиялық элементтер - фосфор, кальций, күкірт, хлор, фтор, темір, магний кіреді. Осы химиялық элементтер бір-бірімен қосылып мал және өсімдік ағзасында әр түрлі органикалық жэне бейорганикалык заттарды күрайды.Бейорганикалык заттар. Бұл топқа су және минералды тұздар кіреді.Су барлық мал азық түрлерінің кұрамында 5-95 % мөлшерінде болады. Әсіресе, тамыржемістілерде, көк балаусада, азық-түлік өндірісінің қалдықтарында, қыспақтарда, мезгада көп болады.Су мөлшерін үлгіге алынған жадығат (химиялық реакция үшін алынған жем-шөп үлгісінің нақты мөлшері) 100-105 С температурада тұрақты салмағына дейін кептіре отырып аныктайды.Мал және өсімдік ағзасында су маңызды физиологиялық қызмет аткарады. Су қоректік заттарды ағзасының бір жақ бөлігінен екінші жағына тасымалдайды, ас қорытуға қатынасады, зат алмасу заттарын шығарады, дененің температурасын реттейді. Мал азығының су мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның қоректілігі және құндылығы аз болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет