Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Астық немесе қоңырбас тұқымдас шөптердің сипаттамасы



бет19/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

6. Астық немесе қоңырбас тұқымдас шөптердің сипаттамасы

Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (лат. Poaceae) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге және т.б.

Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т.б. жатады.

Қазақстанда өсірілетін астық тұқымдастар (судан шөбі, қонақ тары, итқонақ, мал азықтық тары) Олардың барлығы жо- ғары мал азықтық қасиеттерімен айрықшалынады және өсімдіктік ақуыздың және витамин ұнтағының қайнар көзі болып есептелінеді. Біржылдық шөп-тер ретінде себілетін көптеген дақылдарды әртүрлі мерзімде себе отырып бүкіл жаз бойы көк балауса өнімін жинауға болады. Егістерде біржылдық және көпжылдық шөптердің болуы мал азығының тұрақты және сенімді қорын жасауды қамтамасыз етеді.

Судан шөбі Қазақстан Республикасының құрғақ далалық және далалық аймақтарында өсірілетін ең өнімді біржылдық мал азықтық шөптердің бірі. Бұл дақыл кейбір облыстарда әртүрлі жылдары барлық біржылдық шөптердің 20-40%-ға дейінгі себу көлемін алады. Бірақ осы дақылды бел-сенді түрде өндіріске кіргізуге, оның тұқымының тапшылығы және сонымен қатар аз өнімділігі де 2-4 ц/га әсер етеді. Көбінесе тұқымдардың зертханалық өңгіштігі өте төмен: себебі тұқым өнімі мен оның сапасына әсер ететін фактор аймақтың жағдайында жылудың жетімсіздігі мен аязсыз кезеңнің қысқалығы болып табылады. Оған 1800-2200˚ белсенді температура жиын-тығы қажет. Топырақты аз талғайды, механикалық құрамы жеңіл саздық, тұзды топырақтарды жеңіл көтереді, құмдақ топырақтарда өсіруге болады.

Итқонақ – бағалы біржылдық шөп, тереңдігі 1 м-ге дейін топырақты қуалайтын күшті дамыған шашақты тамыр жүйесін қалыптастырады, негізгі массасы топырақтың жыртылатын қабатында орналасқан. Судан шөбімен салыстырғанда итқонықтың түптенуі нашар. Қалыңдатып себу оның түп-тенуін кемітеді. Өсімдіктің жапырақтануы мен жапырақ бетінің ауданы шашақтану қарсаңында өзінің максималды мәніне жетеді және өсімдік мас- сасының 45-55% құрайды.

Біржылдық шөптер – итқонақ, судан шөбі – жылу сүйгіш өсімдіктер, ол- ардың тұқымдарының өсіп шығуына 10-12˚С температура керек. Өскіндері мен толық өсімдіктері -2-3˚С бозқырауға шыдамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет