Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктердің түрлері



бет18/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Сабақтану және жапырақтануына қарай өсімдіктердің түрлері

Өсімдіктердің жапырақтану сипаты. Жапырақтану сипаты бойынша көпжылдық шептер жоғарғы,төменгі, жартылай жоғары және жатаған жапырақты топтарға бөлінеді.Жоғары жапырақтанатын өсімдіктер жыныстық өркендер мен өскіш өркендердің басым болуымен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай өсімдіктердің жапырақтары сабақтардың бойында біркелкі орналасады. Бұл топтағы өсімдік биіктігі 40см-ден 170 ст-ге дейін және одан да жоғары көрсеткіште құбылады. Жыныстық сабақтардың жапырақтануы 20% дан аспайды, олардың мал азықтық бағалылығы көп емес. Ұзарған өскіш өркендердің жыныстық өркендерден айырмашылығы жақсы жапырақтануында (40-50%-ден жоғары) және жоғары мал азықтық бағалылығында, өйткені өсімдіктің жапырағында сабағына қарағанда қоректік зат көп жиналады. Астық тұқымдас шөптердің жапырақтары сабақ бойында біркелкі орналасады, ал бұршақ тұқымдастардың жапырақтаны көбінесе жоғары жағында шоғырланады. Сол себепті бұршақ тұқымдастары негізінен пішендікке пайдаланылады (өнімнің 5-10% ғана ысырап болады). Оларды жайылымға пайдаланған жағдайда шалғындықтан үлесі азайып кетеді. Жоғары жапырақтанатын өсімдіктерге қылтықсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жатаған бидайық, биік үйбидайық, қамыс қосбас, құрғақ айрауық, сары түйежоңышқа, ақ түйежоңышқа, қызыл беде, егістік эспарцет, кавказдық эспарцет, құмдық эспарцет, ноғатық, сиыр жоңышқа, сібірлік қызылбояу, талшық сүттіген т. б. жатады. Төменгі жапырақты өсімдіктерде қысқа өскіш өркендер көп, жыныстық өркендер аз болады. Өсімдік биіктігі 45-55 см аспайды. Жапырақтарының негізгі массасы өсімдік түбінде шоғырланған, сол себепті оларды пішенге органда өнімнің 30-35% жоғалады. Осыған байланысты шабылған өнімнің қоректілік бағалылығы да төмендейді. Бұл өсімдіктер көбінесе мал жайылымына пайдаланылады. Төменгі жапырақтағы өсімдіктерге шалғындық қоңырбас, жайылымдық үйбидайық, бетеге боз, қау шөп, қоңырбас шисабақ, кәдімгі ақмамық, ақ және жидек беде, үрмежеміс қияқөлең, доңызөлең, қазтабан, қымыздық, қарабас шөп, т. б. жатады.

Жартылай жоғары жапырақты өсімдіктер көптеген және ұзынша өскіш өркендерімен сипатталады. Жыныстық өркендері аз болады. Өсімдік биіктігі 50-70 см шамасында. Бұл өсімдіктер шабындық - жайылымдық бағытта пайдаланылады. Жартылай жоғары жапырақты өсімдіктерге шалғындық түлкіқұйрық, тарақты еркекшөп, шалғындық бетеге. буданды беде, сары жоңышқа т. б. жатады. Жатаған жапырақты өсімдіктер жертаған жапырақтардан тұрады, олар кейде дегелек түрінде жиналған, ал сабақ жапырақтары болмайды. Мұндай өсімдіктер көбінесе қарқынды пайдаланатын жайылымдарда тараған, өйткені төмен орналасқан жапырақтарын мал толықтай жей алманды. Бұл өсімдіктерге бақбақтар, иманжапырақтар, теңгежапырақ және т. б. жатады. Өсімдіктердің оттылықта көп тарауы жайылымды жақсарту үшін шаралар қажеттілігін көрсетеді. Көпжылдық шөптердің өркен құру және жапырақтану сипаты көбінесе топырақтағы қоректік заттар мөлшеріне, өсімдік тығыздығына және өсу ортасының жағдайына байланысты. Өсімдіктер жеткілікті мөлшерде топырақтағы қоректік затпен, жарықпен, жылумен және ылғалмен

қамтамасыз етілген жағдайда өскіш және жыныстық өркендердің арақатынасы соңғысының пайдасына өзгеріп, төменгі өсімдіктер жартылай жоғары өсімдіктер тобына жақындайды. Бұл дегеніміз шалғындықтың өнімін жоғарлатуға және оны жан-жақты пайдалануға мүмкіншіліктер туатынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет