5. Топырақ қышқылдығы және сілтілігі, олардың шығу тегі және агрономиялық маңызы
Топырақтың қышқылдығы — ондағы қышқылдардың, тұздардың және иондардың болуымен туындайды. Топырақтың қарашірік емес аймағы әдетте қышқыл болып келеді.
Топырақтың қышқылдылығы маңызды агрохимиялық көрсеткіштердің бірі.
Топырақ қышқылдығы немесе қышқылдық дәрежесі тамырдың дамуына және өсімдікке қоректік заттардың жеткізілуіне үлкен әсер етеді. Топырақтың қарашірік емес аймағы әдетте қышқыл болып келеді. Топырақтағы жоғары қышқылдықтың әсерінен, өсімдіктерге зиян келтіретін заттар, мысалы артық мөлшерде еритін алюминий және көп мөлшердегі марганец пайда болады. Олар өсімдіктердегі көмірсу және ақуыз алмасуының, олардың көбею мүшелерінің қалыптасуын бұзып, егін алу мөлшерін азайтады, ал кейде мәдени өсімдіктердің ішінара жойылуына алып келеді .
Топырақ қышқылдығы топырақ микроорганизмдері қызметтері үшін қолайсыз болып табылады. Топырақ қышқылдығының көп мөлшері тиімді бактериялардың қызметін тежейді, осы топырақта тамырға жақын жерде тіршілік ететін бактериялар тіршілігін жояды.
Өсімдіктердің қышқылға төзімділігін арттырудың әдістері де жоқ емес. Солардың бірі — егуге арналған тұқымдарды қышқыл ерітінділерімен өңдеу әдісі. Ол үшін қызылшаның, бидайдың, мақтаның және басқа өсімдіктердің бөріткен тұқымдарын қышқылдың 3 %-тік ерітіндісіне бір сағат малып алып, соңынан сумен шайып, кептіріп себеді. Осыған ұқсас басқа қышқылдар ерітінділерімен өңдеу арқылы әртүрлі өсімдіктердің қышқылды аймақтарда төзімділігін арттыруға болатындығы дәлелденді.
Топырақтың қышқылдығы — топырақ ерітіндісіндегі (белсенді немесе маңызды қышқылдық) және топырақтың сіңіретін кешеніндегі (әлуетті қышқылдық) сутек иондарының концентрациясы . Топырақтың қышқылдығы маңызды агрохимиялық көрсеткіштердің бірі.
Топырақ қышқылдылығын сипаттау үшін мына көрсеткіштер қатары қолданылады:Ахуалды қышқылдылық – топырақ ерітіндісінің рН мәні (топырақ қатынасында сулы сығындының тәжірибеде өлшенген рН: су = 1: минералды топырақ үшін 2,5 және торф үшін 1:25). рН мәні 7 болғанда, топырақ ерітіндісінің реакциясы- бейтарап, 7-ден төмен-қышқылды, 7-ден жоғары болса-сілтілі.Топырақтың потенциалды қышқылдылығы- топырақтың қатты бөлігінің қышқылдылығы, оны 100 г құрғақ топыраққа мг-экв көрсетеді.Топырақтың алмасу қышқылдығы бейтарап тұздармен өзара әсерлесу кезінде топырақты жұтылу кешенінде ерітіндіге көшетін сутегі мен алюминийдің алмасатын катиондарының әсерінен туындайды.Топырақтың қышқылдығы ондағы қышқылдардың, тұздардың және иондардың болуымен туындайды. Көбінесе қышқыл топырақтың құрамында , өсімдіктерге улы болып табылатын алюминий, темір, марганец болады . Сондықтан мұндай топырақтың құрамында пайдалы микроорганизмдердің белсенділігі аз болып келеді . Қышқыл топырақта өсірілетін өсімдіктер , көп жағдайда ауру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |