Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің жалпы сипаттамасы



бет62/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

9. Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің жалпы сипаттамасы

Көкөніс және бақша дақылдары зиянкестерінің түрлік құрамы сан алуан. Олардың аса қауыптілеріне мынадай көп қоректі зиянкестер жатады: шыртылдақ қоңыз бен қара қоңыздың дернәсілдері, бұзаубас, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, шырыштар (ұлулар). Көкөніс дақылдарының бейімделген зиянкестеріне қатты қанаттылар, қабыршақ қанаттылар, тең қанаттылар, жартылай қатты қанаттылар, қос қанаттылар мен трипслердің түрлері жатады. Жабық жерде көкөніс өсімдіктеріне сорғыш зиянкестердің бірнеше түрлері зиян келтіреді. 

Картопты көп қоректілермен қатар, бейімделген зиянкестер де зақымдайды. Жер бетіндегі мүшелерін гамма көбелектердің жұлдызқұрттары, карадрина, колорадо қоңызы, бітелер, цикадалар, қандалалар қоректенеді. Картоп түйнектерін бұзаубастар, сымқұрттар, тақта мұртты қоңыздардың, кеміргіш көбелектердің жұлдызқұрттары, егістік шырышы және сабақ нематодасы зиян келтіреді.

Көп қоректі болыпты табылатын бітелердің, қандалалар мен цикадалардың көптегентүрлері картопты зақымдайды және вирустық ауруларды таратушылары болып табылады.

Картоптынколорадо қоңызы – LeptinotarsadecmlineataSay. (Coleopteraотряды,Chrysomelidae тұқымдасы). Картопты, қызанақты, бұрыш пен темекіні зақымдайды, сондай ақ олар жабайы өсетін алқа тұқымдастарымен де қоректенеді.Қоңыз сопақша пішінді, ұзындығы 9-12 мм, алдыңғы арқасы мен қанатының үсті сарғыш түсті. Басында үшбұрышты қара дақ, алдыңғы арқасында он бір қара дақ болады, ортасында дақ V рим цифріне ұқсайды, ал әр бір қанат қабығында бес бестен ұзынша қара жолақтар орналасқан. Дернәсілдің ұзындығы 15-16 мм, бүкір денелі, басы мен аяқтары және денесінің бүйіріндегі ұзынша екі қатар дөңестер қара түсті. Бір жастағы дернәсіл қара-сұр, екі жастағы–қызыл, үш пен төрт жастағылар - қызғылт-сары түсті болады. Қоңыздар топырақта 15-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде 20 см тереңдікте топырақта 14-15 0С дейін қызғанда, қоңыздар оның бетіне шығады. Олар картоп пен басқа өсімдіктердің жер үсті бөліктерімен қоректенеді. Қорек іздеген қыстап шыққан қоңыздар ұша алады, олар 1- 1,5 км қашықтыққа дейін жете алады. 17 0С жоғары температурада жұптасып, жұмыртқа салады. Ұрғашы қоңыздар жұмыртқаларын картоптың жоғары жапырақтарының астында, әрбір ұяға 30-40 жұмыртқадан салады. Өсімталдығы 900-ден 2000 жұмыртқаға дейін ауытқып тұрады. Ұрықтық даму қошаған орта жағдайына қарай 7-14 күнге созылады. Колорада қоңызының құрттары 20-30 күн бойы жапырақтармен қоректенеді. Даму кезеңі аяқталғанда, олар топыраққа, 8-10 см тереңдікке кетіп, сонда қуыршақтанады. 1-2 аптадан кейін жаңа ұрпақ қоңыздары пайда болады, олар картоп жапырақтарымен қоректенеді. Бірінші екінші жастағы құрттар жапырақтары қисық формадағы саңылаулар тесіп шығарады. Ересек жастағы құрттар мен қоңыздар жаппай жапырақтар мен сабақтарын жейді де нәтижесінде өсімдіктің өсуі баяулап, картоптың түсі төмендейді. Күн қатты ысып құрғақшылық болғанда жекеленген қоңыздар диапаузаға кетеді, ал кейбіреулерінің 2-3 жылдан 5 жылға дейін диапаузаға кете алатын қабілеттері бар. Тіршілік циклінің өзгергіштігі колорадо қоңызының әртүрлі қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады. Таралу аймағына байланысты колорадо қоңызы жылына 1-3 ұрпақ бере алады.

Күреу шаралары. Картоптың аз зақымданған сұрыптарын пайдалану. Тығайтқыштар енгізу, топырақты уақытылы қопсыту, картпоты түптеу және арамшөптерді отау. Әртүрлі мерзімдерді қатарлап арасына сөлді өсімдіктер егіп, пайдалы энтомофагтарға қолайлы жағдайлар туғызу. Кішірек алқаптарда қоңыздарды, құрттарды және колорадо қоңызының жұмыртқаларын қолмен жинап, жоюға болады. Гендік инженерия әдістермен инсектотоксикалық белок синтезін бақылайтын, геномында Bacillusthuringiensis бактериялы гені бар картоптың трансгендер формаларын алу бойынша зерттеулер жүргізілуде. Вегетация кезеңінде сынаманы алу үшін 10 қатардан 100-ден 500-ге дейін түптер немесе алқап диагоналі бойынша әр қатардан 2 түп алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет