Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері



бет64/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

Қырыққабат бітесі (лат. Brevicoryne brassicae) – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік.
Партеногенез жолымен дамитын қанатсыз аналығының ұзындығы 1,9 – 2,3 мм, пішіні жұмыртқа тәріздес көк жасыл сұр түсті. Қанатты аналығының ұзындығы 2,15 мм, басы мен кеудесі қоңыр, құрсағы сарғыш көк. Орамжапырақтар тұқымдасы дақылдарын, әсіресе, қырыққабатты көп зақымдайды. Қырыққабат бітесінің көбіне жұмыртқасы ғана қыстап шығады, ал Кавказдың субтропиктік аудандарында, Орта Азияның кейбір жерлерінде аналығы мен дернәсілі қыстайды. Көктемде жұмыртқадан дернәсіл шығып, одан қанатсыз аналық қырыққабат бітесі жетеді. Бұлар орамжапырақтыарамшөптерде, тұқымдық қырыққабаттарда тіршілік етеді. Күзде жыныстық ұрпақ – аналық және қанатты аталық Қырыққабат бітесі жетіледі. Ол екеуі бір-бірімен ұрықтанып, аналық Қырыққабат бітесі қырыққабат өзегіне не арамшөптерге 2 – 4 жұмыртқа салады. Қырыққабат бітесі қырыққабаттың шырын сөлінен қоректенеді, оның жапырақтарын бүрістіріп, өсуін тоқтады. Күрес шаралары: топырақты терең жыртып, арамшөптерді құрту. Түрлі инсектицидтер шашу.‎

Қандалалар (лат. Heteroptera) – жәндіктер класының бір отряды. Ауыз аппараты шаншып-соратын тұмсыққа айналған. 40 мыңнан аса түрі бар. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1,5 мыңдай түрі белгілі. Негізгі тұқымдастары: су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары, т.б.

Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі жиҺаздың қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды т. б. жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала дезинсекция жасаған жөн. Қандаланы жою үшін түрлі ұнтақтар мен 30 процентті спирт ерітіндісін және хлорофос қорытпасын; «Фосфолан», «Неопин», «Хлорак», дусттарын; «Дифос», «Метасил», «Тролен» сияқты сұйық препараттарды; сондай-ақ «Прима—71» және «Неофос» аэрозольды препараттарын қолданады. Бұларды алма-кезек ауыстырыл пайдаланған жөн, себебі қандаланың химиялық заттарға бойы үйренгеннен кейін препараттар әсер етпейтін болады. Улы препараттармен жұмыс істегенде сақ болып, көрсетілген нұсқауларды бұлжытпай орындау керек. Бөлме ішін улаған кезде темекі шегуге болмайды, себебі улы химикаттар тез жанғыш келеді. Жұмысты аяқтаған соң беті-қолды сабындан жуып, бөлмені желдетіп алған дұрыс. Улы препараттарды азық-түліктен бөлек, балалардың қолы жетпейтін, үй хайуанаттары бара алмайтын жерлерде сақтау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет