Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Өсімдіктерге қажетті химиялық элементтер



бет80/123
Дата08.06.2020
өлшемі208,94 Kb.
#72687
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   123
Байланысты:
гос жауаптаррр

12.Өсімдіктерге қажетті химиялық элементтер

Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 жуық болады. Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік тыңайтқыштар дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді. Құрамына қарай тыңайтқыштар органикалық, минералдық және бактериялық тыңайтқыштар болып жіктеледі. Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, мәдени өсімдіктердің өнім сапасы жақсарады.



Азот (N) тыңайтқышы

Құрамында қоректік элемент — азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейді. Азот — тіршілік үшін маңызы өте зор элемент, ол жетіспеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып (мысалы, орамжапырак пен жүгерінің), бойы еспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Өсімдікке азот тыңайтқышын берсе, өсімдіктің өсуі мен дамуы жақсарып, өнім беруі жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет