Кешенді тапсырма «Қай дөңгелек жақсы?» (6 тапсырма)


-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы



бет4/5
Дата07.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#148941
1   2   3   4   5
Байланысты:
машина
Семинар үштілділік-1, нускаулык, 1 ИА ОШ -Алгебра 9-класс каз-—-копия-—-копия, Тест. Арифметикалық орта, ПМНО 1,2 -, 76179
4-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
Құзіреттілік: қорытынды тұжырым жасау үшін деректерді түсіндіру және ғылыми дәлелдерді қолдану
Мәнмәтін(контекст): жеке
Танымдық деңгейі: жоғары
Ғылыми білім түрі: процедуралық (рәсімдік) білім
Жауап формасы: қысқа жауап
Марина «тежеу ​​кезіндегі жолдың» көліктің тежелу басталған кезіндегі жылдамдығының квадратына пропорционал екенін білуі керек. Сондықтан егер мысалы, жылдамдықты 2 есеге арттырса, онда тежеу ​​қашықтығы 4 есеге артады. Сонда тіпті керемет реакция қабілеті бар жүргізушінің өзі де кедергімен соқтығысудан қаша алмайды.
Тапсырма: Соқтығысуды болдырмау үшін Марина тежегішті күрт басқанда көліктің спидометрі 100 км / сағ жылдамдықты көрсетті. Жоғарыдағы суретке сүйене отырып шамамен тежеу қашықтығы («тежеу ​​кезіндегі арақашықтық») қандай болатынын анықтаңыз?
Өз жауабыңызды сан түрінде жазыңыз._________________________________
Бағалау жүйесі

Балл

Критерий мазмұны

1

54 пен 58 аралығындағы кез-келген санды жазады

0

Басқа жауаптар


5-тапсырма.
Тапсырма сипаттамасы:
Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
Құзіреттілік: құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру
Мәнмәтін (контекст): ғаламдық
Танымдық деңгейі: төмен
Білім түрі: мазмұндық білім
Жауап формасы: бірнеше дұрыс жауапты таңдау
Марина сияқты жылдам жүргізуді ұнататындар үшін жоғары сапалы дөңгелектердің сапасын қамтамасыз ету және қауіпсіздікті жақсарту мақсатында әртүрлі жол төсемдерінде әртүрлі маркалы дөңгелектердің сынағы өткізіліп тұрады. Осындай сынақтар кезінде анықталатын маңызды сипаттама – дөңгелектің жол төсеміне жабысу коэффициенті, басқаша айтқанда дөңгелек пен жол арасындағы үйкеліс коэффициенті. Дөңгелектердің нақты жол төсемімен жабысу коэффициентін анықтаудың бір тәсілі төмендегі суретте көрсетілген. Сынақ кезінде жүк машинасы дөңгелектері тежелген жеңіл көлікті орнынан қозғалтуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет