Тапсырма: Жүк көлігі жеңіл көлікті орнынан қозғалтатын сәтте динамометр нені көрсетеді (суреттегі 3 санымен көрсетілген)?
Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз.
А. Жеңіл көлікке әсер ететін ауырлық күшінің шамасын
Б. Жүк көлігіне әсер ететін ауырлық күшінің шамасын
В. Жеңіл көлікке әсер ететін тарту күшінің шамасын
Г. Жеңіл көлікке әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы
Д. Жүк көлігіне әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
1
«В» жауабы. Жеңіл көлікке әсер ететін тарту күшінің шамасы
«Г» Жеңіл көлікке әсер ететін үйкеліс күшінің шамасы
0
Басқа жауаптар
6-тапсырма. Тапсырма сипаттамасы: • Ғылыми білім саласы: Физикалық жүйелер
• Құзіреттілік: жаратылыстану-ғылыми зерттеу әдістерін қолдану
• Мәнмәтін (контекст): ғаламдық
• Танымдық деңгейі: жоғары
• Ғылыми білім түрі: процедуралық ( рәсімдік) білім
• Жауап формасы: толық жауап (мәтін, сурет түрінде)
Жаңа дөңгелектерді сынаумен айналысатын жас инженер жабысу коэффициентін өлшеудің тағы бір әдісін ұсынды. Бұл әдістің мәнін өте қарапайым суреттің көмегімен схемалық түрде бейнеледі.
Тапсырма: Дөңгелектердің жолмен жабысу коэффициентін анықтаудың бұл әдіспен қалай анықтайтындығын түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды жазыңыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау жүйесі
Балл
Критерий мазмұны
2
Жауапта жабысу коэффициентін дөңгелектері толық бұғатталған көлік тұрған жолдың (немесе алаңның) көлбеу бұрышын өзгерту арқылы анықтауға болады деген ой айтылады.
Көлік төмен жылжи бастайтын көлбеу жабысу коэффициентін анықтауға мүмкіндік береді. Ол осы бұрыштың тангенсіне тең болады.
1
Жауапта жоғарыда айталған ой жазылады, бірақ жабысу коэффициенті неге тең екені айтылмайды