9 «А»сынып оқушылары желтоқсан туралы жыр-шумақтарын оқиды.
1-жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанмен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минуттық үнсіздік. (Барлығы орнынан тұрады)
1-жүгізуші: Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі- дей келе