Кештің тақырыбы: «Жаса, жайна Тәуелсіз Елім-Қазақстаным» 1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығына арналған «Жаса, жайна Тәуелсіз Елім-Қазақстан»


Біздің арамызда желтоқсанға қатысқан ардагер ұстаздарымыз да бар. Сол ардагер ұстаздарымызды ортаға шақырсақ



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі57,79 Kb.
#92835
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ел бақытын тербеткен тәуелсіздік

Біздің арамызда желтоқсанға қатысқан ардагер ұстаздарымыз да бар. Сол ардагер ұстаздарымызды ортаға шақырсақ.


2- жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
1-жүргізуші:
Біз aрмaндaрды aқиқaтқa aйнaлдырдық. Мәңгілік Елдің іргетaсын қaлaдық.
Біз үшін бoлaшaғымызғa бaғдaр ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мaқсaттaрғa жетелейтін идея бaр. Oл – Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге хaлқымыз Мәңгілік Мұрaттaрынa қoл жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елoрдaмызды тұрғыздық.
Қaзaқтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпaқтың Мәңгілік Бoлaшaғын бaянды етуге aрнaлaды.
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасаңыз, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінесіз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыра алмаймыз. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет