Кәсіби қазақ тілі 501 топ


Көкөністі қалай сақтау керек?



бет5/6
Дата06.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#72319
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
16.04.20 501гр
тұздықтар
Көкөністі қалай сақтау керек?

Алдымен сақтауға жарамайтын көкөністі атап өтейік. Олар – қияр, шалғам және салат жапырақтары. Көкөністің бұл түрлері мұздатқышта біраз тұрғаннан кейін қою қоймалжыңға айналып, жеуге жарамсыз болып қалады.
Қызанақ та езіліп кететін көкөніске жатады. Бірақ бұл оны тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға кедергі келтірмейді. Күнделікті сорпа мен тұздық үшін қызанақты төртбұрыш етіп, ал пицца үшін дөңгелек етіп турап, сақтап қойған өзіңізге ыңғайлы болады.
Баклажан мен кәдіні дайын күйінде сақтаған жақсы. Оларды турап, суға қайнатып немесе майға қуырып алыңыз. Артынша бірнеше бөлікке бөліп, контейнерлерге салыңыз.
Түрлі түсті қырыққабат пен брокколи қатты болып қалмас үшін, оларды жақсылап тазартып, бөліп, ыстық суға 1-2 минутқа салып қойыңыз. Одан соң кептіріп, мұздатқышқа салуға болады.
Болгар бұрышын бүтін күйінде де, кесіп те сақтауға болады. Егер бұрыштың қажетсіз бөлігін айналдырып кесіп тастасаңыз, тартылған ет мен күріш салып пісіруге дайын болып тұрады.
Сәбізді жуып, қабығын ашып, бүтін күйінде де, үккіштен өткізіп те сақтауға болады. Ал қызылшаны пісіріп алып, ірілеу етіп үккіштен өткізіп сақтасаңыз, салатқа дайын болып тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет