Мұздатқышқа салмас бұрын жемістерді жақсылап жуып, толық кепкенше күту керек. Егер жемістердің сырты су болса мұздатқышқа жабысып қалуы мүмкін.
Жемістерді жеуге дайын болған түрінде мұздатыңыз. Себебі мұздатқышта сақталған жемістер жұмсарады. Сондықтан қабығын ашып, дәнінен тазартып алыңыз.
Мұздату үшін пластикалық контейнерлерді немесе арнайы қалталарды пайдаланыңыз. Олардың сыртына жемістің атын жазып қоюды ұмытпаңыз. Бұл жемістерді контейнерді ашпай, оңай табуыңызға көмектеседі.
Мұздатқыштың температурасын -18 градусқа қойыңыз. Мұндай градуста жемістер 12 айға дейін сақталады.
Маусымдық көкөністі де мұздатқышта сақтауға болады. Мысалы, баклажан мен қызанақ қыста және көктемде екі есе қымбаттайды. Онымен қоса дәмі жаздағыдай табиғи болмайды.