А. Қоштасу Ә. Ренжу
Б. Амандасу; В. Ұялу
Г. Жек көру
Деловой человек –
А. Жұмыскер адам Ә. Іскер адам
Б. Маман адам В. Жалқау адам Г. Жақсы адам
Тілсіз қарым-қатынас –
А. Рухани амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.
Ә. Техникалық амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі. Б. Бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.
В. Педагогикалық амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.
Г. Әскери амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.
Әдептілік туралы мақалды табыңыз.
А. Әдепті елдің қыздары
Қырмызы-қызыл жібектей.
Ә. Аға әдепті болса, іні әдепті.
Б. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
В. Әдептің не екенін, әдепсіз адамды көргенде ұғарсың. Г. Барлығы
СОӨЖ тапсырмасы
Сабақтың мақсаты. Өтілген материалдарды қайталау, жаттығу жұмыстары арқылы сөздік қорын молайту, кәсіби құзыреттілігін дамыту.
«Әдептілік – әдемілік. Сөйлеу мәдениеті» деген тақырыптар бойынша өзара сұхбаттасыңыз.
Іскерлік байланыс орнату туралы сұхбат жасаңыз.
Мәтінді оқып, мазмұнын біліп алыңыз.
Мәтіндегі мақалдарды жазыңыз, мағынасына көңіл бөліңіз.
Сөз этикеті
Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген терминмен айтыла бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Осы әдеп ережелері жиынтығының бейверальды жағы деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Қазіргі кезде жұртшылық арасында этикет дегенді қонақ күту, сыпайы сөйлесу, театрда болу деп білетін стеоретип түсінік пайда болған. Шындығында, этикет тек қана осы аталған іс- әрекеттерді жүзеге асырудың ережесі емес, адамдар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастың нормасы. Әдеп – тәртіп деген сөз. Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор. Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына, нәсіліне қарамай) өз пікірін айтып, өз ұсыныстарын білдіруге ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр.
Оны бұзу – үлкен айып, зор күнә. Әдеп сақтау – әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым- қатынастың қалыптасқан халықтық ережесін мүлтіксіз орындау. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол заңдылықты құрметтеу, қастерлеу, адамгершілікті борышты өтеу.
«Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Қазақта «Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Намыстық сезім адамның арын қалыптастырады. Ұяттан намыс, намыстан ар пайда болады. Халқымыз: «Малым – жаным садағасы, жаным – арым садағасы» деп, арды жаннан да биік қояды. Ар – адамгершілік пен адамдық құлықтың аса маңызды негізі. Арды сақтау – адамдықты сақтау. Арды бұзу – қылмыс. Адамның адамдығы ардан, еңбектен көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |