Сұхбатты оқыңыз. Сұхбатқа қатысушылардың сөйлеу этикетіне талдау жасаңыз. Олар өздерін қалай таныстырды? Сұхбатқа қатысушылар туралы өз пікіріңіздіайтыңыз.
І.Танысу этикеті
1-сұхбат. Өзін таныстыру түрі. – Өзімді таныстыруға рұқсат етіңіз. Менің атым-жөнім – Абзал Мұратұлы.
түрі. – Өзімді таныстырып өтейін,. Абзал Мұратұлы «Кең дала» компаниясының топ басқарушысымын.
түрі. – Танысып қояйық, «Жер-су» фирмасының қаржы директоры Әйгерім Қайсарқызы.
Жауап түрі: – Танысқаныма қуаныштымын!
Қосымша ақпарат беру жолы.
–Визит карточкасын беруге рұқсат етіңіз.
–Мен туралы ақпаратты визит карточкадан таба аласыз.
Өзгелерді таныстыру А.
Сіздерді таныстыруға рұқсат етіңіздер. Абзал Мұратұлы – «Кең дала» компаниясының топ басқарушысы.
–Өте жақсы.
«Жер-су» фирмасының қаржы директор Әйгерім Қайсарқызы.
Ә.
Өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер: (адамдар тізбекпен өз аты-жөндерін атайды)
Тапсырма.
Екі студент бір- бірлерімен танысады.
Төрт студент бірін- біріне таныстырады.
ІІ. Жұмысқа қабылдау этикеті
сұхбат. Жұмысқа қабылдауинтервьюі Жұмысқа тұру сұхбатын оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жұмыс беруші: Сәлеметсіз бе, Қаліңізқалай?
Үміткер: Жақсы,рақмет. Жұмыс беруші: Біз өзіңізбен жақын танысу үшін, сіздің жеке қабілеттеріңіз, біліктілігіңіз туралы сөйлесу үшін кездесуге шақырдық. Өзіңіз туралы айтып беруді сұраймын.
Үміткер: Мен ашық адаммын. Адамдармен жылы қарым – қатынас орнату көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Мен іске жауапты қараймын, тапсырмаларды уақытында орындаймын. Мен қаржы түрлерін, бағалы қағаздармен жұмыс, инвестиция түрлерін жақсы меңгердім. Университетте оқып жүргенде, бірнеше рет халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды жеңдім.
Жұмыс беруші: Мына сұраққа жауап бере аласыз ба: неге біздің компания сізді жұмысқа алуы керек?
Үміткер: Мен адамдармен жұмыс істей аламын. Ұжымда жұмыс істеуді ұнатамын. Менің маман ретінде біліктілігімді, мен тәжірибемді жаңа жұмыс орнында қолданып көргім келеді.
Жұмысқа қабылдаушы: Сіздің бұрынғы жұмыс орныңызда адамдармен қарым- қатынаста ешқандай қайшылықтар болмады ма? Ешқандай келісімдер болмады ма?
Үміткер: Жоқ, адамдармен қарым-қатынаста ешқандай қайшылықтар болған жоқ. Мен қайшылыққа жол бермейтінмін. Сондықтан өзара келісімдер де болмады.
Жұмыс беруші: Өзіңіздің жақсы және жаман жақтарыңыз туралы айтыңызшы. Үміткер: Мен ашық,оптимистадаммын. Адамдармен тез тіл табысамын. Ал жаман жақтарым туралы айтар болсам, мен қаржы биржалары туралы ақпараттарды көп тыңдаймын, оқимын. Досыммен қаржы жаңалықтары туралы сөйлесуді ұнатамын. Сол кезде мен уақытты, жанымдағы адамдарды, олардың өтініштерін ұмытамын. Сөйтіп оларды ренжітемін.
Жұмыс беруші: Мүмкін, бұл қасиетіңіз сіздің жақындарыңызды ренжітетін шығар. Алайда оның сіздің маман ретінде біліктілігіңізге кедергі келтірмейді деп ойлаймын. Ерназарова З.Ш., КИМЭП Университеті, ф.ғ.д.,проф.
Үміткердің мамандығы кім?
Жұмыс беруші компания немен айналысады?
Үміткердің басты қасиеттерін атаңыз.
Жұмыс беруші сұрақты дұрыс қойды ма?
Тағы қандай сұрақтар қоюға болады?
Сөйлемдердітолықтырыңыз.
Адамдармен жылы қарым – қатынас көптеген
мәселелерді шешуге көмектеседі.
Сіздің бұрынғы жұмыс орныңызда адамдармен қарым-қатынаста ешқандай
………………………….. болмады ма?
Сіздің ………………………….. туралы сөйлесу үшін кездесуге шақырдық
Сіздің маман ретінде біліктілігіңізге деп ойлаймын.
Мына сұрақтарды қолданып, жұмысқа қабылдау сұхбатында қойылатын сұрақтар тізімін құрастырыңыз.
Қашан? Неше? Қай жылы? Немен? Қалай? Қандай? Қай? Не себепті?
1-сұхбат
үміткер
Cіз ұлттық компанияда жұмыс істегіңіз келеді.
Сұхбатқа келдіңіз. Қазақ тілін білу үміткерге қойылатын талаптардың бірі. Жұмыс берушімен сұхбатқа қатысыңыз.
жұмыс беруші:
Cіз ұлттық компанияда жұмыс істейсіз. Сұхбат жүргізесіз. Үміткерлерге қойылатын талаптың бірі қазақ тілінде сөйлеу, жазу.